Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бәйшешек

Бәйшешек

Бәйшешек

Әскери киімдегі адамдарды көрсем, бойыма біртүрлі қорқыныш ұялайды. Ол қорқыныш кішкене күнімнен қалған.

Интернатта оқитын кезім. Анда-санда болмаса, интернаттан сыртқа шығу қиынның қиыны. Әсіресе, кешкі уақытта. Кілең күзетші. Біреуінің көзіне шалынсаң, желкеңнен жеті түйіп завучтың алдына апарады. Завучымыз қатал-ақ. Тесірейіп қарағанда, көзі өңменіңнен өтеді. Көзін қойшы...Сөзі...

Бір күні сұранып, қалаға шығып келейін дедім. Әпкемнің үйі интернатқа жақын жерде. Жаяу баруға да болады. Автобуссыз-ақ жаяу жүрейін дедім. Қаланың ішіне көп шықпаған соң ба, көп жер таңсық. Дегенмен, бұл жолмен әпкеммен бірге талай жүргем. Адаспай келе жатырған сияқтымын.

Алдымнан екі қуыс шықты. "Қайсы қуыспен жүруші еді?" Ішкі түйсігім сол жақтағы қуысты нұсқады. Тәуекел!

Кенет... Кенет артымнан жүгіріп келе жатқан аяқ дыбысын естідім. Тасырлап жақындап келеді. Жалт қарадым. Әскери киім киген үш еңгезердей жігіт жүгіріп келіп, мені қоршай алды. "О несі-ей?.."

Үлкен қоңыр көздісі (іштеріндегі бастығы болуы керек) бас-аяғымды сынай шолып шықты да:

-Қайда бара жатырсың?-деді.

-Әпкемнің үйіне. Дауысым ішімнен булығып шыққандай болды. Өз дауысымды өзім әрең естідім.

Үшеуі қарқылдап тұрып күліп алды. 

-Әпкемнің үйіне дейсің... Әпкеңнің үйі қайда?

-Жазирада.

-Құжаттарың бар ма?

-Қандай құжат?

-Қандай құжат болса да...

-Жоқ.

-Кәне, қолыңдағы не?

Қолымда жол-жөнекей дүкенге кіріп, чипсы сатып алармын деп алып шыққан тиындарым ғана болатын. 

-Тиын.

-Аш қолыңды.

Мен дірілдеп кеттім. Не керек бұларға?

Біраз үнсіздіктен соң, қоңыр көзді жігіт қасындағы екі серігіне қарап алды да:

-Сені өзімізбен бірге алып кетеміз. Сен зонаға өтіп кеттің, -деді.

-Қайда???

-Зонаға. Зона деген - түрме... Бұл түрменің территориясы. 

Жүрегім тарсылдап кетті. Ішкі түйсігім алдапты. Оң жақтағы қуысқа өтуім керек еді.

-Мен...Білмедім...Мен әпкемнің үйіне...

Мен жылап жібердім. Көз алдыма қолыма кісен салынған бейнем тұра қалды. 

-Жылама. 

Қоңыр көзді жұмсарайын деді. 

-Мені апармаңыздаршы.

-Есіңде болсын, аңдамай басқан бір қадамың өміріңді құртуы мүмкін...

Бұрылып жөніме кеттім. Өксігімді баса алмай сол үшеуден ұзай бердім. Кенет артымнан тағы да аяқ дыбысы естілді. Әлгі қоңыр көзді екен.

-Мә. 

Сол кезде көктем еді. Бәйшешек енді-енді гүлдеп жатқан. Ол бәйшешектің бір талын ұсынды.

Ол бәйшешек те құдды мен сияқты. Қорғансыз. Әлсіз... Егер ол жылай алса, менімен бірге қосылып жылар ма еді... Тағдырдың қаталдығы үшін. Шалыс басқан бір қадамның өкінішке әкелетіні үшін...

Әлбетте, мен ол кезде бұлай ойламадым. Бәйшешекті өзіме ұқсатпадым да. Қоңыр көздінің қолын итеріп жіберіп:

-Кетіңіз әрі! - дедім де, оң жақтағы қуысқа қарай бар пәрменіммен жүгіре жөнелдім.

Артымнан "Қатты қорқып кетті" деп күбірлесіп жатты...

...Қоңыр көздінің әлгі сөзі әлі күнге дейін есімнен кетпейді: "Аңдамай басқан бір қадамың өміріңді құртуы мүмкін..."

Рейтинг: +9

Жазылған уақыты: 25 мамыр 2012, 18:18
Тегтер: бәйшешек, әскери, бір қадам
Пікірлер
+0
25 мамыр 2012, 19:07

"Мен жылап жібердім. Көз алдыма қолыма кісен салынған бейнем тұра қалды" Не деген нәзіктік!)))

+0
25 мамыр 2012, 19:10

қорықпа. мен керісінше, қасақана "запретный" жерлерге барғанды жақсы көрем. бала кезден.

+0
25 мамыр 2012, 19:16

Жанееееееем сол Мика! :) Сен не көрмегенсің құдай-ау! Зона дейді?! :o Естудің өзі қоқынышты екен. Мен де әскери киімдегі адамдар мен дәрігерлерден қатты қоқам. Жазшы, жаза түсші. Осындай "Бәйшешек", "Корейлік шебер" сынды жазбаларыңды сағындым.

+0
25 мамыр 2012, 19:23

не күлесің а?! :lol: Қоқпайм, қорқамын. :cry:

+0
25 мамыр 2012, 19:29

:D :D Оһ, біздің бас не көрмеген дейін ба)))))))))) Иә, Абзал мен Ботик қалыпты жағдай сияқты қабылдап отыр ))) Қыздардың қорқынышын қайдан түсінсін ))) Рақмет ниетіңе, жаным...

+0
25 мамыр 2012, 19:50

мен қалыпты жағдай деп есептесем. қорықпа демес едім.

+0
25 мамыр 2012, 23:02

Ол бәйшешек те құдды мен сияқты. Қорғансыз. Әлсіз... Егер ол жылай алса, менімен бірге қосылып жылар ма еді... Тағдырдың қаталдығы үшін. Шалыс басқан бір қадамның өкінішке әкелетіні үшін... Шын нәзікті суреттеу. Қыз қырық айлалы, қырық қылықты, қылық қылды қатар өргендей қажырлы деген осы болар. Қырық өрім сұлу теңеу. Жарайсын Керімім!

+0
26 мамыр 2012, 08:54

әдемі!

+0
26 мамыр 2012, 14:18

күшті :)

+0
26 мамыр 2012, 14:36

қыздар бәрінен қорқамыз ғой, қанша қорқынышты бала болсада бәшешек беруді ойлағанын айтам да

+0
26 мамыр 2012, 16:53

Ай, Мика приключениелерге ұрынады да жүреді :D Қоңыр көзді ұнатып қалып, қалай подход жасарын білмеген шығар.

+0
26 мамыр 2012, 17:11

Жазбаң үшін рахмет, Ұшқын! Қандай әсерлі :!: :!: :!:

+0
26 мамыр 2012, 20:34

әр сөзің тірі... оқырманды жалықтырмайды... келешекте кітап жазуды жоспарыңа кіргізсең болады.. ;) .

+0
27 мамыр 2012, 10:56

:D :D :D рақмет үлкен! ;)

+0
27 мамыр 2012, 20:17

Жақсы жазады екенсіз. Кино көріп шыққандай болдым )))

+0
28 мамыр 2012, 09:53

Миканың осындай жазбалары ұнайды. Құдды бір әдеби шығарма оқып отырғандай, көз алдыма елестетіп отырам. Шынында да, осындай жазбаларыңды сақтап, кейін бір кітап етіп шығаруға әбден болады.

+0
28 мамыр 2012, 13:50

:) :) рақмет

+0
31 мамыр 2012, 16:02

Интернат, интернат, маңдайынды кім тырнады? :D өзіміздікі екенсін ғой ;)

+0
31 мамыр 2012, 18:02

:lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.