Кітап білім бұлағы (кезексіз эстафета) немесе өзім оқыған кітаптардың әсері.

Кітап білім бұлағы (кезексіз эстафета) немесе өзім оқыған кітаптардың әсері.
жеке
блог

Тағы да кезексіз эстафета жазуға кірістім, көп отырмайтын болғасын ба, пост жазбайтын болғасын ба или мені ешкім білмеген соң ба әйтеуір кезексіз жаза берем эстафетаны, бірақ кезек қашан беріледі екен деп те күтпеппін (уақыт жоқ, арасында кіріп оқып отырамын посттарды).

Кітап - адамды тәрбиелейтін, қандай адам болып қалыптасуыңа көмектесетін ақылшы деп білемін. Олар өте көп, бәрін оқып шығу мүмкін есем шығар.

Оқушы кезімде көбірек оқушы едім кітапты, уақытым жеткілікті болған шығар деп ойлаймын, қазіргі кезде жұмыстан шаршап барасың да ештемеге зауқың болмайды демалыс күндері болмаса.

Сонымен оқыған кітаптарымды айтатын болсам ең бірінші оқыған кітабым «Абай жолы», бұл кітапты 6 сыныпта оқыппын кейін 11 сыныпта тағы қайталап оқығанмын. Жақсы, бірақ сондай әсерлі болмады маған.

Ерекше әсер алған кітап менің көңілімдегі – «Кие» авторын ұмытып қалыппын, үйге барғанда қарау керек.

Бұл кітапта адам өміріндегі кездесетін небір өмірдің шынайы ашты сәттері, адам мінез құлқы, келе-келе өмірді көре жүріп адамдырдың өзгеретіні, жалпы адам психологиясы, мінезделеді.

Александр Дюма «Граф Монте Кристо» - Эдмон Дантестин бастан кешкен оқиғалары, түрмеден қашқан ерлігі, кезіндегі өзіне жасалған жақсылықты қайтаруы, кек алуы. Осы бір кітапты да түнімен отырып оқып бітірген едім.

Мұхтар Мағауин «Аласапыран» - Тәуекел хан кезіндегі хандық, Ораз-Мұхамедтің Ресей жеріне кіріп кетуі, хан тұқымының Ресей империясындар өзін ұстауы, орыстарды тәнті етуі өзінің ақылымен, жиені сатып жіберіп елге жете алмай асыл сүйек сол жерде қалады. Осы кітап та көңіліме ерекше жақты. Әр кітаптан әртүрлы әсер аламыз, маған қатты әсер берген осы кітаптар, басқалары да өз әсерін қалдырған!

Биыл оқыған кітабым «Махаббат қызық мол жылдар». Көрдіңіздер ма, бұрын 1 жылда бірнеше кітап оқушы едім бара-бара 1 жылда 1 ақ кітап оқитын болып барамын.

Неге екені бұрынғы оқушы, студент кезімде оқыған кітаптар жақсы есімде, кейінгі кезде осы жұмыс жасағалы бергі кітаптардың атын білсем де кейіпкерлерді шатастырам, не ұмтып қалам, онша есте қала бермейді, бірақ бос отырмай қолыма түссе оқи беремін.

Оқушы, студент кезде сөзге шешен едім, білмеймін пост жазайын десем бар сөзім таусылып қалғандай болады.