Мен ҰБТ-ны қалай тапсырдым ?.....

Мен ҰБТ-ны қалай тапсырдым ?.....
жеке
блог
Ұлттық бірыңғай тестілеу - жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.Өмірдегі алғашқы үлкен сынақтардың бірі. "ҰБТ тапсырамын" деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмейтін нәрсе еді... Бірақ сол ҰБТ-ны тапсыратын күн мағанда туыпты. Ал, мен ҰБТ-ны қалай тапсырдым?

  Бұрынғылар: "ҰБТ тапсырдым", "Осыншама балл алдым", "Сұрақтар қиын болды",-деп жатқанда бейжай қарайтын едім, ал,сол тестті тапсыратын күн маған туғанда, солардың жағдайын енді түсінгендей болдым.
   Бағым ба  ,әлде  сорым ба мен 11-сыныпқа келгенде ҰБТ - жаңа форматта болады деген хабар шықты. Ал , "Енді ол қалай болады ?"," Қиын ба ,жеңіл ме ?" деген сансыз сұрақтар әрбір түлектің  ойын мазалағаны анық. Жаңа формат туралы бізде түк мағлұмат жоқ. Енді не істеймін? Сол тұста Жаңа формат бойынша оқытатын дайындық орталықтары туралы естіп,соған барамын деген  шешімге келдім. Өзім "Алтын белгі иегеріне үміткер" болғандықтан, жауапкершілікті сезіндім.Сол қиын сәтте  қолдау көрсеткен,барынша мені оқысын деп ақылы түрдегі оқуға жіберген ата-анама алғысым шексіз.
   Жыл бойы кітаптан көз алмай дайындалдым,өйткені үйренетін нәрсе көп болды.Ақырындап жаңа форматқа да үйреніп,қорқыныш сезімі сейіле бастады. Алғашында сұрақтарды аспаннан алғандай болған,кейін нақты білімін болса, сұрақтарды логикалық түрде шешуге болатынын ұқтым.Бір өкініштісі, мендегі таңдау пәні қазақ әдебиеті еді,алайда осы жылдан бастап қос таңдау пәні болатын болды да, Жалпы тарих қосылды (Жалпы тарих болатынын мен тек наурыз айында білдім,оған дейін ағылшын пәніне дайындалған болатынмын). Енді 2-ақ қай қалды,жалпы тарихтан дым білмеймін,содан тек байқау сынақтарындағы тестермен жұмыс жасадым,себебі бүкіл кітапты оқып бітпесім едім, оған қоса мектеп емтиханы  бар. Байқау тестерінде жоғары нәтижелер көрсетіп жүрдім.Тек, Қазақстан тарихынан қиналатынмын,себебі мүлде жаңа сұрақтар қосыла бастады,ЭКСПО туралы,Азияда ойындары туралы...
Екі жақты дайындалдық,бір жағынан ҰБТ болса,екінші жағынан емтихан. Эссе жазу қиындық туғызбады,өзім әдебиетке жақын болғандықтан шығар деп ойлаймын. 
    ҰБТ тапсыратын күнге дейін,өз өзіме сенімді едім ,алайда Ұбт-ға бір күн қалғанда 1 лек тапсырған оқушылардың сұрақтары ғаламтор беттеріне тарай бастады,сол сұрақтарды көріп,үрейлене бастадым(Сұрақтар өте қиын көрінді ).
   21.06.2017 жыл,яғни ҰБТ тапсыратын күн. Таңның атысымен:" Мен қалайда ата-ана,мектеп  үмітін ақтап, өз мақсатыма жетемін,Он бір жылдық біліміді дәлелдеймін! " деген үмітпен тұрдым. Мектепте жиналып,барлығымыз тестілеу орталығына бардық.Барлығының көздерінен үрей мен қорқыныш сезімі білініп тұр.Межеленген уақытта ҰБТ басталып кетті. Сұрақтарды қарап шықтым,әрине білетіндерімді белгілеп шықтым. Қазақстан тарихының сұрақтарын көргендегі қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,өзім 10-сыныптан бері жаттаған Б.Жұбанышов кітапшасынан келген сұрақтар екен,еңбегімнің зая кетпегені қатты қуантты. Білмейтіндерімді шпоргалкадан немесе ұялы телефоннан қараймын деген ой болған,бірақ оларды қолдануға мүлдем мүмкіндік болмады. СОЛ сәтте менде уайымдау басталды,өйткені нақты белгілем сұрақтарым  жартысы ғана еді,неде болса сұрақтарды қайта қарап ,мұқият барлығын белгіледім. Межелі уақыт аяқталғанда,сыртқа шықтым. Көз алдыма алғаш  күтіп тұрған ата-аналар мен мұғалімдер түсті. Жан-жақтан " Қалай тапсырдын?" "Қиын болды ма?" " Шпоргалка қолдана алдың ба?" деген сұрақтар қойылып жатты, алайда мен сезімге беріліп,көз жасымды ұстай алмадым....
 АЛ, енді ең жаманы - ҰБТ қорытындысын күту . Уақыт бір орнында тоқтап қалғандай болды. Ойыма неше түрлі оқиғалар келді...
ҰБТ нәтижесі шықты. Айналам у-шу,біреулердің қуанышы жерге сыймай жатыр,енді біреулері мұңайып,жылап жатыр .Ал,менің күйімше?  
Жанымда ата-анам бар еді. 95 балл- мен мүлдем  күтпеген балл.Тағы да еңіреп қоя бердім. Себебі байқау тестерінде алмаған балл,өзім күткен нәтиже мүлдем жоғары. Әсіресе, көңілімде ата-анамның сенімін ақтай алмадым деген ой. Ата-ана байғұс баласы үшін бәріне де барады емес пе?!Қуанышын да,қайғысында бірге бөліседі. Ата-ана,бауырларымның қолдауының арқасында есімді жиып, басқа оқушылардың негізгі 50 баллды да аламай жатқанын көріп,тәубама келдім. 
 Әрине ойымдағы балл емес,бірақ осы  көрсеткен нәтижеме де шүкір!Қалай дегенмен де дайындалмай жүрген балалардың жоғары нәтиже көрсеткені,көңіліңді түсіреді.Әрине,қызғанғаным емес,бірақ өзіңді әділетсіздікке тап болған адамдай сезінесің екен.Бақ шаба ма ?Бап шаба ма? Маңдайыңа жазғаны болады екен... Қателік өзімнен де шығар,тағы дайындалу керек пе еді,дайындығым аз болды ма ?! Бірақ алдымда қаншама мүмкіндік бар. Шығармашылық тапсыратын күнде таяп қалды.
Неде болса ҰБТ-өмірдің соны емес,шын білімді дәлелдейтін кез әлі алдыда!