Еркекпен еркек сүйіскенде...

Еркекпен еркек сүйіскенде...
жеке
блог

Осы жақында Уилл Смит "Қара киімділер 3" фильмімен Ресей астанасы Мәскеуге келген болатын. Қызыл кілеммен жүріп өткенде бір украин журналисті жанына барып, актердің ернінен сүймек болғанда актер бетінен періп жібереді.

Твиттердегі көптеген адамдар Уилл Смиттің әрекетін дөрекі санап, журналистке жандары ашып, тіпті актердің гейлерге теріс көзқарасын сынап жатты. Ал мен болсам, журналистің қылығын жақтырмадым. Бірақ, мұным не керек, президенттердің өзі еркекпен еркектің сүйіскенін жарнамалап жүрсе?

Барак Обама мен Уго Чавес

Папа мен Каирдағы Аль-Азхар мешітінің имамы Ахмед Мохамед эль-Тайеб

Палестина президенті Махмуд Аббас Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен

Солтүстік корей басшысы Ким Чен Ир мен Оңтүстік Корей президенті Ли Мен Бак

Ху Цзиньтао, Қытай президенті және Барак Обама

Алайда бұл United Colors Of Benetton компаниясының фотошоппен жасалған ерекше жарнамасы болып шықты. United Colors Of Benetton компаниясы әлемдегі бейбітшілік пен татулықты насихаттау жағынан осындай ерекше жарнамалар жасауға құмар. Бұл жарнама шыққаннан кейін имам мен папаның суреті көпшіліктің наразылығымен жарнама баннерлерінен түсірілген.