Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / «Махаббат аралында» сатылған - махаббат

«Махаббат аралында» сатылған - махаббат

«Махаббат аралында»  сатылған  - махаббат

Мамыр айының жиымра үшінші жұлдызында  Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театрының сахнасында   еліміздегі  тәй-тәй басып келе жатқан  жас театрлардың бірі - «А.И»  театрының  « Махаббат аралы» атты төртінші қойылымы  сахналанды. Жас театрдың директоры – Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, әнші-актриса Айгүл Иманбаева екендігі көпшілік қауымға аян. Бұл қойылымның ерекешелігі – актрисаның өзі  бұл  қойылымда өнер көрсетпеді, есесіне сахна төріне көтеріліп,  театрсүйер қауымға  ыстық ықыласымен  «хас сұлудың көзжасындай» театр өнерінің құдіретін тағы да бір паш ететін әдемі сөздерін арнады.


Туындыны қоюшы режиссер  – «Тарлан» сыйлығының иегері Жанат Хаджиев. Басты рөлдерді сомдағандар – Жұлдызбек Жұманбай, Жантілеуова Айда.

Қойылымды тамашалағандар болса, нұр үстіне нұр екен, ал егер бармаған болсаңыздар,  өте өкінішті. Осы өкініштің орны толса деген ниетпен, қойылым туралы қысқаша айтып өтейін.

«Махаббат аралы»... Көз алдыңызға кереметтей бір аралда баяндалатын  ұлы  сезімді елестеткен боларсыз. Біз де солай ойлағанбыз! Бірақ ,осы бір нәзік тақырыптың астарында қандай үлкен мәселелердің жатқандығына қойылым барысында  көз жеткіздік.

Сахна ашылған сәтте сапырылысқан қала өмірінің күйбең тіршілігінен бір сәт алыстамақ болып, демалысқа келеген абыройлы депутат, әрі хирург Марат Мамаевич пен оның әйелі Айна бикештің бір-біріне деген сезімдеріне бәріміз де сүйсіне қарап отырдық. Айнаның сыңғырлаған күлкісі, Мараттың  сұлуға деген сүйіспеншілік толы көзқарасы  « Махаббат аралының»  сәнін келтіріп тұрғандай көрінді.

Күндіз көлікпен келе жатып, еріккен жастар қызық іздеп жүріп, бейкүнә еліктің лағын қағып кетіп, өлтіріп қояды. Алайда, бұл туралы ешкімге айтпайды. Кеш түсіп қалғанда көліктері бұзылып, орманға түнеу үшін  аялдаған  жас отбасы  дүниеқоңыз орманшыға тап болады.  Қырсық шалғанда, ойнап-күліп жүрген Марат барлық азық-түлік салынған дорбаны суға ағызып алады, оған қоса өзінің де остеохондрозы ұстап қалып, белінен шойылып, тұра алмай қалады. Өздерімен бірге әкелген азық-түліктерінен айрылған олар ашыға бастайды. Бұл сәтті пайдаланған орманшы бір дорба ұнға да, бір аяқ етке де, бір бөтелке сыра үшін де, тіпті бір қатым тұз үшін де жүз доллар сұрайды. Осылайша дәрігердің барлық ақшасын  сыпырып алады да, жөніне кетеді. Кеш батқанда, Мараттың ауруы асқына түседі. Ауру адамның жанына батқанда  не істетпейді десеңізші? Бір тамшы көкнәр үшін ол қолындағы сағатын да, неке жүзіктерін де, астындағы көлігінде, депутаттық куәлігінде орманшыға қалай бергенін білмей қалады.  Таң атқанда, дәрінің күші кетіп, ауруы қайта қинай бастаған сәтте  орманшыға өзінің бар-жиған тергенін чек арқылы жазып береді, тіпті Айнаға сыйлаған 30мың долларлық сырғасында қосып береді. Бұған қанағаттанбаған орманшы Айнаны беруді талап етеді. Адам сату! Неткен сұмдық! Сенесіздер ме, дәл сол жерде  жаны қиналған Марат өз жарын да орманшыға сатып жібереді. Айнаның «жіберме!» деп жалынған жалынышты үні мен көл болып аққан көз жасы бәріміздің көзімізге еріксіз жас әкелді.

Осылайша барлығымыз орманшыны жек көріп отырғанда, нағыз шындықтың беті ашылды. Осыдан он жеті жыл бұрын орманшының әйелі сырқаттанғанда  Марат болмашы дәрі үшін қомақты ақша сұрап, өмірін арашалаудан бас тартып, екі баланы анасыз қалдырған екен. Бұл ғана емес, Мараттың өзге де қылмыстары мәлім болады. Оның қандай оңбаған, атаққұмар, жемқор, адмгершіліктен жұрдай адам екендігі танылған сәтте Айна да одан жиіркенген күйі орманшымен бірге кетеді. Орманшы осыған дейін Мараттан алған ақшаларын да, өзге заттарын да бетіне шашады да, кек алудан бас тартып, ақашаларын құшақтап мәз болған Маратты тастап,  өз жөніне кете барады.

Бірер сәттен соң, көз алдымызда баяғы қалтасы қалың, атақ-абыройға ие  Марат Мамаевичтің жыртық-жамау киінген,  қоқыс арасынан тамақ іздеп, ес-түсін білмейтін жынды қалпына түскен бейшара күйін көргенде  көрермен арасында тітіркенбеген жан қалмаған болар...

Бір кездері әлемді  ашса алақанында, жұмса жұдырығында көретін адам сымақтың бұл күйге түсуіне не себеп болды екен?!  «Махаббат аралында» сатылған –махаббаттың киесі жібермеді ме? Әлде бейкүнә еліктің киесі ұрды ма? Жоқ...Әлде.. Мараттың қолынан қолдары қысқа, ақшасы жоқ болғандықтан ғана,  жазықсыздан-жақықсыз о дүниге аттанған адамдардың аруақтары жазалады ма? Не болса да қойылымның шындық пен әділеттік туының қашанда  биікке көтеріліп, жеңіске жететіндігін дәлелдегені анық.

 

 

        

 

14
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 24 мамыр 2012, 13:40
Тегтер: "А.И", "Махаббат аралы"

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.