Іле Алатауында Home Credit Tun Run 2017 түнгі жарысы өтті
жеке
блог

Іле Алатауында Home Credit Tun Run 2017 түнгі жарысы өтті

2017 жылдың маусым айында Tun Run Summer Edition Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені шатқалындағы атақты Жапон жолында өтті. Жарыс қашықтығы 14 шақырымды құрады. Жол 600 метр биіктікте орналасқан.

Аталған жолды соғыс жылдары тұтқынға түскен жапон азаматтары таудың тас бөктерінен ХХ ғасырдың қырқыншы жылдары гидроэлектрстанциясының каскады үшін техникалық қажеттіліктерді өтеу мақсатында салған.

Жарысты өткізу үшін ұйымдастыру комитеті Үлкен Алматы өзенінде жаяу жүргіншілерге арналған көпір тұрғызды. Көпірді алдағы уақытта тау баурайына келген қонақтар пайдалана алады.

Үздік қатысушылар әйелдер мен ерлер арасында “18-29”, “30-39”, “40-49” және “50 +” жас санаттары бойынша анықталды. Абсолюттік есепте бірінші орын Есік қаласының тұрғыны Рафаэль Файзуллин бұйырды, ал әйелдер арасында Польшадан келген спортшы Йоанна Граница бас жүлдені алды.

«Tun Run – Банк Хоум Кредит қолдаған Tengri Series аясындағы екінші шара. Бұл бір ерекше жарыс, қатысушылар түнгі тау көріністерін тамашалап, өз мүмкіндіктерін сынға салды. Мен аталған жобаға деген қызығушылықтың өсіп келе жатқанына қуаныштымын, бұл жылы жарысқа әлемнің 8 елінен 500-ден астам адам қатысып отыр, олардың арасында біздің банктің 40-тан астам қызметкері де болды.

Біз қазақстандықтардың спортқа деген құштарлығының артып жатқанын байқап отырмыз. Қала марафондары, дала жарыстары, түнгі сайыстар – мұның бәрі халықтың спортпен айналысуына себепкер. Сондықтан біз ұйымымыздың Қазақстандағы саламатты өмір салтының дамуына өз үлесін қосып отырғанына қуаныштымыз», - деп атап өтті Банк Хоум Кредит басқарма төрағасы Ондржей Кубик.

«Home Credit Tengri Series сериясына кіретін бесінші Tun Run Summer Edition түнгі жарысына қатысқан барлық жандарға алғыс білдіреміз. Бұл спорт мейрам сіздерсіз өте алмас еді. Әр спортшыға деген құрметіміз шексіз. Сіздер ауа райының күрт бүзылғанына қарамастан сөреге шығып, мәреге жеттіңіздер. «Экстремальная Атлетика» командасы сіздер секілді мақсатшыл жандарға арнап спорт шараларын ұйымдастыратынын мақтан тұтады», - деді ұйымдастыру комитетінің өкілі Тимур Артюхин.

Tun Run түнгі жарысы жылына екі рет қыста және жазда өтеді. Жоба тегіс емес жерлермен жүгіруге арналған Home Credit Tengri Series жеңіл атлетика күнтізбесіне кіреді. Осы жылы Tengri марафондар сериясы Home Credit Tengri Ultra ұлы дала ультра марафонынан басталды.

Home Credit Tengri Series жобасының бас демеушісі – Банк Хоум Кредит. Жоба ойлы-қырлы жерлермен жүгіру мәдениетін дамыту және насихаттау, саламатты өмір салтына шақыру, табиғат пен қоршаған ортаны сақтау үшін ұйымдастырылған маңызды бастама болып отыр. Сондай-ақ Home Credit Tengri Series әуесқой атлеттерге ойлы-қырлы жерлермен жүгіру жарыстарына қатысып, өз жетістіктерін қадағалап отыруға мүмкіндік береді.