Анкетам

Анкетам
жеке
блог

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет.

Ақтөбе облысында туылғанмын, өскенмін, оқығанмын, мектептен кейін қашқанмын! 10 жыл болды - атыраускимін. Сарышаянмын ) Страшно еріншекпін, жалқаумын! Блогқа фото іздеуге де еріндім )))

2. Хоббиің не?

Жұмысын хоббиге айналдырған адам бақытты дейді ғой, сол бақытты жандардың бірі мен шығармын. Жұмыстан шықпаймын. )))

Достарыммен сыра ішкенді ұнатамын!

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Жұмыстан босап жатсам, сразу үйге ата-анама барғым келеді. Қызық жерлерді интернеттен көріп алуға болады ғой!

4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?

.... жылан болғым келеді! Рахат, бәрін жатып істейсің ))) Орныңнан тұрудың қажеті жоқ )))

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі қолданатын нақыл сөзің?

«Жұрт сөйлемесе болғаны».

Ужыс, қанша «жұрттың ойына түкіргенім бар» деп дауыстап айтсам да, іштей «жұрттан ұят болмасын» деген ойлар қынжылтады.

6. Алғаш рет кіммен, қайда сүйіскенің есіңде ме?

Ең алғашқы махаббат басталады партадан (с). Мектеп қабырғасында өткен кештердің бірі болатын (ненің құрметіне болғаны есімде жоқ). Ойын. Мені ортаға шақырып «ұнататын қызыңды осы жерге шығарып сүю керек» деген талап қойды. (Бірнеше ай сол қыздың сыртынан қадағалап, қасына баруға ұялып жүргенмін.) Ұяттың қайда кеткенін білмеймін, әйтеуір еш қиналмастын ортаға алып шыққанмын....

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Қазақ тілінен сабақ беретін «гүлімді» жақсы көремін!

8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайынша айтқанда кумир), неге ол адам?

Жанар Айжанова!!!

9. Сүйікті спорт түрі?

Футбол.

10. Сүйікті кино? Неге дәл осы кино?

"Достучаться до небес"

Сериалдардан Хауз М.Д-ді қараймын

11. Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың?)

Әйел все равно дегеніне жетеді ғой, сол себепті сол басшы бола қойсын.

12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Дүкенге бармаймын! Киім таңдау – ваще қиын. Сол себепті, әйелдің қолында болғаны дұрыс! Темекі мен сыраға тиыным болса жетіп жатыр!

13. Егер сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Әбізәтельно!

14.  Анардың сұрағы: Неге адам есейген сайын жұп таңдау мәселесі қиындап кетеді?

Қиындайды дейсің бе? Мүмкін қыздарға қиын болатын шығар, алайда, жігіттерге жұп табу оңайырақ. Біздің жастағы қыздың да, жігіттің де ойы бір – үйленіп, жанұя болу. Жаңа адаммен танысқан сайын, осы кісі менің «әйелім» болуға жарайды ма деген сұрақ басыңа бірінші келеді.

Тап осы жақында танысқан қыз кешегіде «менің жігітім болуға қалай қарайсың?!» деп қалғаны бар ).

Үйлеу оңай, үй болу – қиын. Мінездері қалыптасқан екі дырдай кісінің бір «қазанға» сиып кетуі екіталай. Әрқайсысының өз талаптары, тіпті бастарында «тарақандары» болады. Соны қабылдай білу, соған үйрену қиын... (именно мен үшін)...

Эстафетаның жалғасын Жарқын Алаш-қа беремін! Сұрақ: «Спартагың ПЛға қашан келеді?"