жеке
блог

Өзге емес, өзім айтам өз жайымда (Кезексөз)

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет

Мейіргүл Оңғарова Сержанқызы. Оралда тұрамын, Алматыда оқимын. ҚазҰУ-дың биылғы жылғы түлегімін. Биолог болуды армандаған филологпін. Бұрынғы уордпрестік һәм кездесукомдық, қазіргі Массагеттік блогшымын. Ғаламторда ұшқын (ushkin) деген никпен жүрем, реалда көбіне Микамын, Мейіргүл деген сирек кездесетін атымды көбі жаттай алмай, шатасып жатады. Армандардың орындалатынына сенемін. Бала кезім тағдырдың тосын сыйларына толы болғандықтан, қиындықтарды оңай қабылдаймын. 

2. Хоббиің не?

1) пойыз, ұшақ билеттерін жинаймын 

2) үйде ешкім жоқта, есік-терезені қымтап тастап, бар дауысыммен өлең оқимын ))

3) сериалдағыдай сан түрлі шытырман оқиғалар өрбіп жататын тілі тартымды кітаптар оқимын.

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

5 мұхитқа.

4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?

Су. 

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі қолданатын нақыл сөзің?

"Шалқайғанға шалқай, еңкейгенге еңкей"

"Жизнь: сделай свое дело и уходи"


6. Алғаш рет кіммен, қайда сүйіскенің есіңде ме?

Иә 

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Жақсы көрем бе, жақсы көрмеймін бе, өзім де ұқпай жүрмін.

8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир). Неге ол адам?

Менің ойымша, бұл жасы 18-ге толмағандарға қойылатын сұрақ.

9. Сүйікті спорт түрі?

жексенбілерде бадминтон ойнап тұрамын.

10. Сүйікті кино? Неге дәл осы кино?

Уилл Смит ойнайтын барлық кинолар

11. Үйде кім басшы болу керек деп ойлайсың?

"Еркек - бас, әйел - мойын".

12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Бұл жағы мен үшін беймәлім. Бұны үйленгендерден сұрамаса...

"Қыздарға бұрынғыдай біртекті емес, бірнеше бағытты (намазға жығылудан бастап ашық сексуалдылыққа дейін) ұсынып отырған түрлі заман ұсыныстарына қатысты ойың қандай? Болашақта арты не болады деп ойлайсың?"

Хиджаб киюге түбегейлі қарсымын, ұятты жерлерін ашқан қыздарды көрсем, қыз басыммен өзімнің құсқым келіп кетеді. Ал ""Өзің кимейсің ғой қазақ көйлекті" дейтіндерге жауабым - заман ағымына сай, жинақы киіну керек деп есептеймін. Бұның астарында қазақты ірітіп, құртып жіберу жатыр деп ойлаймын. 

13. Анкетаны ұсынатын адамға қояр сұрағым:

Ар соты туралы аз-кем. Ар соты мазалаған кездерде не істейсің?

Кезексөз таяқшасы Розатайда 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі