Жырға тұтқа болған - мамыр айы...

Жырға тұтқа болған - мамыр айы...
жеке
блог

Май - махаббат.

Аспанда да, жерде де,

Айдын шалқар көлде де,

Жатқан сонау көлденең,

Асқар тауда, белде де,

Ынтызарлық кернеген,

Махаббат жүр шөлдеген.

 

Май - махаббат.

Жерге ғашық сұр аспан,

Жер де ғашық,

Жете алмай,

Екі ғашық жыласқан.

Қосылысып кете алмай,

Кедергіден өте алмай. 

 

Май - махаббат.

Адамдар да, аңдар да,

Шыбықтар да, талдар да,

Жәндіктер де, малдар да,

Ғашық болып қалған ба ?!

Малынады арманға.

Махаббат жүр орманда,

Махаббат жүр тауларда.

Бірін бірі іздеген,

Ғашықтар жүр жалғанда.

 

  Ия, осы бір махаббат айын Мұқағали тамаша жырлапты!

  Айтар сөзім біреу ақ «Патша болып тұр көктем!»

  Осы көктемнің патша айында, махаббат жалыны менің мамам мен папамның бақытына куәгер болған кезінде, дүние есігін қағып мен келіппін! Менің осынау керемет өмірді көруіме себепші болған жандарға бұл өмірде алғысым шексіз, құрметім орасан зор! Әрдайым жүздерінен күлкі кетпесін, қалған өмірлері тек қуаныш пен бақытта өтсін! Аллам өзі жар болсын!

   

  Уақыт деген зымырап өте шығыпты. Артыма қарай қалсам өмірімнің 18 жылы өтіпті, жастық шақтың  19-шы көктемі де келіп жетті. Бұл аз да, көп те емес...

Бір білерім әлі жаспын, өмірім алда Алла қаласа! Бала көңіл, бүгін бір күн нәрестемін жаңа туған! Ал, ата-анама әлі де болса сәбимін!