Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Юсуф пен Хавва. Махаббат хикаясының жалғасы!

Юсуф пен Хавва. Махаббат хикаясының жалғасы!

Юсуф пен Хавва. Махаббат хикаясының жалғасы!

 

«31 арнада» Хавва мен Юсуфтың жан тебірентен ғашықтық оқиғасы жйлы телехикая жалғасуда. Кейіпкерлердің ендігі тағдыры не болады?

Юсуф әйелін одан әрі алдамау мақсатында Бадемен ажырасуға бел буады. Оның жүрегінде тек бір ғана жанға орын бар, ал бүкіл өмірінің махаббаты өзінің кесірінен жарық дүниемен «қоштасуда». Ол Хавва өлді дегенде сене алар емес. Дәрігерлер оған тіпті психиатрдың көмегіне жүгінуге кеңес беруде. Жас жігіттің жүрек түбінде күндердің күнінде Хавва есіктен еніп, күле қарап тұрар деген үміт те жоқ емес.

Ал, Хамиет болса ұлының қарсылығына қарамастан, Юсуфтың көңілін алдарқату мақсатында, Баде екеуін неке саяхатына аттандырмақ. Йылмаз бұған қарсы және ұлына көмектесуге тырысып бағуда. Алайда, Хамиет қылмысы әшкере болмауы үшін, неге болсада дайын. Ол қайтсе де ұлын қаладан алысқа аттандыруы тиіс. Олай болмаған жағдайда Хаввадан кек алу мақсатында жасалған әрекетінен еш нәтиже болмай қалуы ықтимал. Хамиет бұған жол бере алмайды.

Ал, Топрақ өзіне-өзі қол салмақ ниетте. Хавва өміріндегі ең жақын адам еді, енді ол да екі дүниенің арасында жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның жүрегі кез-келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін. Қыздардың әкесі Ремзи, Шерефті Стамбулға Топрақтың қолына көшіп баруға үгіттеуде. Ол Юсуфтың шешесінен алғашқы ақысын алып, ол қаржыны қызын емдетуге жұмсамақ. Әйелі оның ниеті адал екеніне күмәнді , көңілінде тағы да бірдеңе бүлдіріп жүрген жоқ па деген күдік те жоқ емес.

Баде өз тағдырына толықтай мойынұсынды. Оның енді күресер қауқары қалмады. Екі адамның бақыты үшін, тек бір ғана жанның күш салуы аздық етеді екен. Юсуф өзіне қараған сайын, Хавваны елестетіп тұрғанын түсінеді. Бұл оны осы оқиғаның барлық кейіпкерлерінің тағдырына әсер ететін маңызды шешім қабылдауға итермелейді.

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 23 мамыр 2012, 16:00
Тегтер: 31 арна, түрік телехикаялары, Юсуф пен Хавва, Әуе. жер, ғашық, түрік сериалдары

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.