Бұл әлем мен бала махаббат

Бұл әлем мен бала махаббат
жеке
блог

1981 жылы экранға режиссер Илья Фрездің «Вам и не снилось» жарыққа шықты. Бір-біріне ынтызар екі жасөспірім арасындағы махаббатты баяндайтын фильм көпшіліктің көңілінен шығып, әлі күнге дейін көрерменнің сүйікті киносына айналды.

Жақында еліміздің кинотеатрларында «Весь это мир» фильмінің көрсетілімі басталды. «Sulpak Cinema» компаниясының ұйымдастыруымен Алматыдағы «Lumiera Cinema» кинотеатрында болған алдын ала көрсетілімнен шыққан соң менің ойыма мынадай ой келді. Кеңес заманында осыдан 36 жыл бұрын жарық көрген «Вам и не снилось» киносы мен «Весь это мир» фильмі арасында бір ұқсастық бар. Ол қандай ұқсастық десеңіз, екі киноның да кейіпкерлері бала махаббатына берік, ғашықтық сезімін бірдей кешеді, бір-бірін көруге асығады, айналадағы қарсылыққа төтеп беріп, бірге болуға ұмтылады.

«Весь это мир» фильмі Никола Юн кітабының желісімен түсірген. Түсірілім жұмыстар өткен жылдың қыркүйек айында Канаданың Ванкувер қаласында жүргізілген.

Оқиға желісі бойынша, 18 жастағы Мэдди айықпас дертке шалдыққан. Оған далаға шығуға болмайды, үйіндегі әрбір зат санитарлы тазалықтан өтуі тиіс. Ол қашықтықтан білім алады, оның үйіне тек медбикесі мен оның қызы кіруге құқылы. Оның күнделікті өмірі бір қалыпты. Ем қабылдайды, кітап оқиды, теледидар көреді. Оның арманы – мұхитты көру, ашық суда шомылу, табиғатпен танысу. Оның өмірі қиял-ғажайыптарға толы. Оның ой-арманы шексіз. Оның өз әлемі бар. Күндердің күнінде оның үйіне қарама қарсы үйге жаңа отбасы көшіп келеді. Өзімен қатарлас көрші бала Олли екеуі алғаш рет терезе арқылы көрісіп, ұялы телефон арқылы тілдесе бастайды. Екеуінің арасында сезім оянып, олар бір-біріне ғашық болады. Алайда, Мэддидің бойындағы дерті мен оның анасының қарсылығы олардың бірге болуына кедергісін келтіреді. Сонда Мэддидің батыл қадамы барлығын өзгертеді.

Кейде адамзат баласына осындай батыл қадамдар жетпей жатады. Өз арманына жету үшін, сүйіктісімен бірге болу үшін жасаған қадам көрермендерге үлкен ой тастайды. Фильм көруге тұрарлық! Ең бастысы хэппи ендпен бітеді. Бес деген баға беремін)