Мұрат, Бирче, Селен - махаббат үшбұрышы!

Мұрат, Бирче, Селен - махаббат үшбұрышы!
жеке
блог

 

 

«Әуе. Жер. Ғашық» фильмінде кейіпкерлер арасындағы жылы қарым-қатынас шынайылыққа ұласты. Түсірілім барысында танысқан Мұрат Уналмыш пен Бирче Ақалай төрт айдан кейін отау тікті. Басты рөлдерді сомдайтын кейіпкерлер туралы, осы және өзге де қызықты ақпараттар, бүгінгі материалда.

Мұрат Уналмыш

«Әуе. Жер. Ғашық» фильмінде ұстамды да, сезімтал Юсуфтың рөлін сомдап миллиондардың жүрегін жаулаған актер 1981 жылы дүниеге келген. Киноөндірісіне келмес бұрын ол кәсіби спортта атағы дардай жұлдыз болған. Студент кезінде-ақ, «Фенербахче» баскетбол клубының құрамында ойнаған. Ал, телехикаяға түсуіне, ұлын киноактер ретінде көргісі келген анасы ықпал еткен. Осылайша, тағы бір талантты актерді көпшілік таныды. Қазір ол түрік киноөндірісіндегі сұраныстағы актерлардың бірі.


Бирче Ақалай
Бирче Ақалай, тәуелсіз, мақсатшыл, тәкаппар Хавваның рөлінде ойнайды, ол 1984 жылы Стамбулда дүниеге келген. Театр саласында жоғары білім алады. Әр жылдары Түркияның телеарналарында тележүргізуші ретінде «Чемпиондар лигасы», «Сегізінші кезең» секілді спорттық бағдарламаларды жүргізеді. Одан кейін, "Түркия аруы" байқауына қатысып, үшінші орын алады. Бұл байқау үшінші орын ғана емес, Бирчеге үлкен мүмкіндік сыйлады. Өйткені оны байқаған режиссер, кастингке шақырады. Киноәлеміне актрисаның сапары осылай басталды. Бүгінде бірнеше телехикаяға түсіп үлгерген сұлу, «Еуропа Аруы» байқауында бағын сынап, ақтық мәреге жетті.
Бирче мен Мұратты тағдыр «Әуе. Жер.Ғашық» телехикаясының түсірілімі барысында тоғыстырды. Әріптестік байланыс, көп ұзамай махаббатқа ұласты, танысқан соң, үш ай өткеннен кейін, мамыр айында олар үйлену тойларын жасады. Бұл жұлдызды жұп түрік халқының мақтанышы. Оларды үлгі тұтып, қайырымдылық кештеріне шақырады.

Cелен Сойдер

Селен Сойдерді жұртшылық телехикаядағы нәзік те, сүйкімді Топрақ арқылы біледі. Ол 1986 жылы 26 желтоқсанда Измир қаласында дүниеге келген. Анадолы университетін «қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы «Түркияның сұлу модельдері» байқауында жеңімпаз болды. Халықаралық «Әлем Аруы» байқауында (Пекин) үздік бестіктің қатарына енді, «Үздік ұлттық киімі» үшін марапатқа ие болды. Ал, 2007 жылы «Түркия Аруы» байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Содан кейін, жарнамалық роликтерге және бейнеклиптерге түседі. Ал киноэкранға 2010 жылы шығады. Бірқатар киносыншылардың пікірінше, Селен өзінің нәзіктігімен және айрықша сұлулығымен түрік киносына ерекше леп алып келді. Қазір ол Стамбул университетінің тарих факультетінде білім алуда.


Әсел Тоянова.