Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Эстафета. Кореяға онша барғым келмейді ))))

Эстафета. Кореяға онша барғым келмейді ))))

Эстафета. Кореяға онша барғым келмейді ))))

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет.

Есімім - Анар. Интернетте Ақзере, Зере.

Алматы қаласында туылғанмын. Кішкентай кезімде ата-апамның қолында Семей өңірінде, Аягөзге жақын станцияның бірінде өскенмін. Сол себепті туып-өскен жерім Алматы дей алмаймын. Бірақ мектепті Алматыда оқығанмын. Сосын колледж, сосын универ, жұмыс...

2. Хоббиің не?

Корей сериалдарын көру, аудару, қазақ эстрадасын сынап-мінеу ))))))) Жалпы бір хоббиым жоқ шын айтсам, блог жазатыным болмаса, бірақ қазір ол жұмысыма айналып кетті. Болашақта ас үй шебері болсам деген арманым бар. ))

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Мен де Сания сияқты бір жиынға қатысқым келеді. Мысалы, Super Junior немесе Girls Generation сияқты топтардың концертіне қатыссам, сүйіктіммен бірге лық толы стадионда Арсеналға жанкүйер болсақ. (Оның бақытты болған сәтін көргім келеді)

Сосын маған тупо суға бара салу деген нәрселер қызықтырмайды. Барған соң тарихи бір жерлерге барғанды ұнатамын, ГИД-пен аралап, тарихтан көп нәрсе айтса, сол маған қызық.

Мен Кореяға баруды қатты армандамаймын. Өйткені мен олардың өнеріне ғашықпын. Қаласы немесе тарихына емес. Жапонияның онсен деген моншасын көргім келеді. Жалпы дамыған елдерде болғым келеді. Бірақ Үндістан, Малайзия деген елдер мүлде қызықтырмайды.

4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?

Бір орыс отбасында пушистый, тәп-тәтті ит болғым келер еді. Бәрі мені жақсы көретін, сипалап, ойнайтын. )))

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі қолданатын нақыл сөзің?

Менің ойымша, өмірде болып жатқан оқиғалар, барлығы бекерге болмайды. Бір нәрсеге бір нәрсе себепші болады. Дәл сол уақытта қалағаның орындалмаса, кейін соның дұрыс болғанын түсінесің. Не болмаса қандайда бір қиыншылықтар адамды жетілдіреді, шыңдайды, яғни келесіде сондай жағдайға тап болғаныңда сен не істеу керектігін білетін боласың. Сондықтан болмай қалды, қолымнан келмей қалды, жіберіп алдым деп зарламау керек. Бәрінің өз уақыты, өз орындалар сәті болады. Орындалған кезде бәрі осылай болу керек болған дегенді түсінесің.

6. Алғаш рет кіммен, қайда сүйіскенің есіңде ме?

Сүйіспегем десең ия... )))

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Сүйіктімді жақсы көремін.

8. Сүйікті әншіңәртісің, саясаткерің (былайынша айтқанда кумир), неге ол адам?

Өз ісінің шебері, аз сөйлеп көп іс тындыратын, өнер дегенді жете түсінетін, қазаққа жаны ашитын, бірақ бос ұлтшылдықпен кеудесін ұра бермейтін, халқына пайдалы іс тындыратын, түсінігі мол, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар менің кумирлерім.

9. Сүйікті спорт түрі?

Тренажер.

10. Сүйікті кино? Неге дәл осы кино?

"Пролетая над гнездом кукушки"

"Пианист"

"Кинг-Конг"

"Мулен Руж"

"Сәлем, рух!"

"38-параллель"

"Нокдаун"

"Интуиция"

"Девушка с татуировкой дракона" және т.б.

Дорамалар:

"Спасибо"

"В эфире"

"Как жизнь?" (Бізде аударылып жатыр)

"Зимняя соната"

"Запах женщины" және т.б.

11. Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың?)

Екеуі де келісіп, түсінісіп отбасын құру керек деп ойлаймын. Бірақ еркектің әйелден ақылды, мықты болғаны дұрыс.

12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Ақша ұстай алатын, ақылмен жарататын адам.

13. Егер сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Барам әрине, онсыз қалай жалғыз өмір сүремін?

14.  Санияның сұрағы: Шын махаббатқа сенесің бе, шынымен сенесің бе?

Менің ұғымымда махаббат - ол түсіністік, сыйластық, достық және де құштарлық. Екі адам бір-бірінің сөзін түсініп, қолдап, ойлары бір жерден шығып отырса, сол махаббат. Бір-бірің үшін тырысу, түсіну, қолдау. Саған осындай сезімдер сыйлайтын адам бары анық. Соған сен.

Эстафетаның жалғасын Нұржан Aқтөбе-ге беремін! Және сұрағым, неге адам есейген сайын жұп таңдау мәселесі қиындап кетеді?

2343 54
Рейтинг: +9

Автор: Anara Mustafina
Жазылған уақыты: 23 мамыр 2012, 11:29
Тегтер: анкета, Ақзере
Пікірлер
+0
23 мамыр 2012, 12:27

Мың құбылған қуаныштан, дерттерден, Қиын не бар, адам жанын зерттеуден? Мен келемін өз жанымды зерттеумен, Бірде аяз, бірде жалын, өрт кеудем. Күшті!!!

+0
23 мамыр 2012, 12:30

Мойындауға толы эстафета )

+0
23 мамыр 2012, 12:37

Сенем)))

+0
23 мамыр 2012, 12:45

Анарка, Пианист менің де сү

+0
23 мамыр 2012, 12:45

йіп қарайтын кином

+0
23 мамыр 2012, 12:45

Шынайылыққа толы :)

+0
23 мамыр 2012, 12:46

Аягөзге жақын станция, аты қандай :?:

+0
23 мамыр 2012, 13:19

Маңызды емес. )

+0
23 мамыр 2012, 13:21

сенің балалық шағың өткен станцияны көріп қайтайын

+0
23 мамыр 2012, 13:21

Көрмей-ақ қойшы.

+0
23 мамыр 2012, 13:29

қатты көргім келіп отырррррррррррррррррр

+0
23 мамыр 2012, 12:50

сұрағың ойландырып тастады....

+0
23 мамыр 2012, 13:19

Жауабыңды күтеміз )

+0
23 мамыр 2012, 16:04

Нұржан Ақтөбе есейіп, жұпсыз жүрген адам болса сұраққа оңай жауап бере салады деп ойлаймын )))

+0
23 мамыр 2012, 16:06

Сол үшін де оған сондай сұрақ қойғам. :)

+0
23 мамыр 2012, 12:53

"Запах женщины" осы дорамды амай кетіп едім :oops: "Аромат Женщин" шығар айтқың келгені?
ато запах женщинда тұрды келесіде алам міндетті түрде ;)

+0
23 мамыр 2012, 12:56

Ойбу, Ия ия, "Аромат женщины" :)

+0
23 мамыр 2012, 13:19

Запах женщины фильмі де жаман емес. )

+0
23 мамыр 2012, 14:03

өзің көрдің ба запах женщинді? :lol: ну прям сатушы, какая разница, запах или аромат деп пихать етед :lol: мен айтам :lol: аромат женщин өледі, причем не обычный смерть деп :lol: анау түсініпдіріп әлек болд, мен мол баяғы күліп/күліп басқа лавкаға кетіп калдым :lol:

+0
23 мамыр 2012, 14:04

Ароматын да, запахын да көргем ))))

+0
23 мамыр 2012, 13:25

тізімдегі киноларды көру керек екен.

+0
23 мамыр 2012, 14:03

тәп-тәтті ит?! әй, күшік десең болар еді ғой. түуууу, нәрмәлні оқып кле жатсаң құртады өстіп енді :(

+0
23 мамыр 2012, 14:04

Ит, ит, ит ал :mrgreen:

+0
23 мамыр 2012, 14:24

хатикодай болмасаң өкінерсің бір күні :lol: Хатико хр!

+0
23 мамыр 2012, 14:25

Ой қойшы, бәрібір мен ондай нәрселерге сенбеймін. Фантазияға ерік берсеңші, құдайым-ау ))))

+0
23 мамыр 2012, 14:55

Фантазия? Ол не?

+0
23 мамыр 2012, 15:31

Анарка - жазбаныз тамаш екен, мені бірден-бір қызықтырған осы блог!!! бір өтініш корей фильмдерінің ішінде "Аквариумные рыбки" деген фильм бар, мағынасы жағынан қарап тұрсақ біздің ҰБТ- тапсырушыларына да ой салып, сонымен қатар өз деңгейлерін салыстыруға, алыс қарауға, достыққа бір үйретер мағынасы бар. Соны аударсаңыздар жақсы болар еді, рахмет !!!

+0
23 мамыр 2012, 15:35

Көп рахмет, Мақпал! Ұсынысыңды міндетті түрде қарастырамыз. :)

+0
23 мамыр 2012, 17:02

))) Анаркиннің блогын оқығанды жақсы көретін ем, уордпресстің ашылмауы жаман болды. Ақын, періште, махаббаттың романтик иесі))))

+0
23 мамыр 2012, 17:25

Ашылса да, ашылмаса да романтик дәурен артта қалған сияқты... )

+0
23 мамыр 2012, 17:27

неге?))) Романтизм керек қой мына өмірде)))

+0
23 мамыр 2012, 17:28

Қайдам... :geek:

+0
23 мамыр 2012, 18:47

Жасыл кыраттын шөбін шауып алган гой дим :mrgreen:

+0
23 мамыр 2012, 17:29

Махаббат жайлы ұғымың ып-ырас деп ойлаймын.

+0
23 мамыр 2012, 18:02

Арсенал??? Әй көре алмайсыңдар-ау...

+0
23 мамыр 2012, 18:35

Оптимистік тілегіңізге көп рахмет!

+0
23 мамыр 2012, 18:46

Сондада Арсен агага улкен уміт! Ен болмаса Англиянын чемпионы боп калар...

+0
23 мамыр 2012, 18:03

сосын 38де мағам унады! керемет кино! ;)

+0
23 мамыр 2012, 18:33

Қыс сонатасы... эхх.... Жылағам ғой, жылағам...

+0
23 мамыр 2012, 18:36

:cry:

+0
23 мамыр 2012, 18:45

Қыздың қар күрейтін аппараттың жанына барып жылайтын жері бар ғой, сол жерінде жылағам ғой жылағам((((

+0
23 мамыр 2012, 18:42

Ал мен Хюндайдын ушінші сонатасын корсем жылайм го, жылайм! Жаным ашып кетед байкустарга :(

+0
23 мамыр 2012, 18:42

:lol: Ай Мәке жібердің)))

+0
23 мамыр 2012, 18:53

Тағдырдың тәлкегі деген сол шығар, Кореядагы тегіс аспальтта 96 градус ішіп жүрген гламурный байқұстарды, біздін жолга акеп 80 маркалы самагон беріп "айдап" жүр :cry:

+0
23 мамыр 2012, 18:54

шаңыраққа қарайды да олар да, сүтіп мыңқ етпей жүре береді. Әйтпесе...

+0
23 мамыр 2012, 21:47

мен де жылағам. Жалғасы жок кой. Айтпақшы, Абзал сенде осы сериалдын толык нускасы бар деп айтып едің ғой.Қашан өткізесің Массагетке? :)

+0
23 мамыр 2012, 18:54

Суреттегі қыз сооондай әдемі! Ұнады, бір сұрарым: никнэймді Ақзере деп қоюыңыздың сыры неде? :)

+0
23 мамыр 2012, 19:14

Ешқандай сыры жоқ негізі. Ақзере деген ат ұнайтын сол кезде. Ақ алтын деген мағына береді. )

+0
23 мамыр 2012, 19:47

Зере деген алтын деген сөзба сонда??? :?

+0
23 мамыр 2012, 22:33

Ия, алтын.

+0
23 мамыр 2012, 21:52

Егер пушистый, тәп-тәтті ит болсаң орыс отбасына бермей өзім сатып алар едім сені. ;) Сосын сипалап, ойнап, әдемі күшікке арналған киімдер кигізіп қояр едім! :D

+0
23 мамыр 2012, 22:33

Хе-хе, рахмет :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев