«VivaItalia!» көрмесі Алматыда

«VivaItalia!» көрмесі Алматыда
жеке
блог

Өткен аптада Астана қаласында үлкен мерекенің шымылдығы түрілді. EXPO-2017 шарасы салтанатты түрде ашылды. Бұл шара аясында әлем елдері өз орталықтарын аышп, келген қонақтарды өз елінің мәдениеті мен тыныс-тіршілігімен таныстырады.

Астана қаласындағы EXPO-2017 шарасына бара алмай қалған Алматы қаласының тұрғындары Италия елінің көрмесін тамашалай алады. Италияның Қазақстандағы елшісі Стефано Раваньян (Mr Stefano Ravagnan, Ambassador of Italy in Kazakhstan), Алматы қаласындағы консул Пьетро Кала (Mr Pietro Cala’, Honorary Consul of Italy in Almaty), ACIK президенті Альберто Симончини көрменің қалай өтетіндігін айтып берді.

EXPO 2017 аясында өткізілетін «VivaItalia!» көрмесінде:

  • Итальяндық тауарлар, азық-түлік, сый-кәделер, әтір, әшекей бұйымдар, косметика, киім-кешек, тұрмыстық заттар ұсынылады;

  • Италиядағы білім алу орталықтары мен оқу орындары таныстырылады;

  • Туристтерге арналған ақпарат дайындалады;

  • Балалар мен ересектерге арналған мастер-класс дәрістері өткізіледі;

  • Танымал әртістер өнер көрсетеді;

  • Итальян тілінен сабақ жүргізіледі

«VivaItalia!» көрмесі Алматыдағы VILLA Boutiques & Restaurants алаңында 2017 жылыдң 23 қыркүйегінде өткізілетін болады