Эстафета - "мне пох..."

Эстафета - "мне пох..."
жеке
блог

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет

 

30-дамын. Аса сезімтал, күйгелек, эмоцияға берілгішпін. Бірақ кейде сондай примитивтімін.

 

2. Хоббиің не?

 

Велосипед тебемін, билеймін, волейбол ойнаймын, газонда жатамын, ішкиімдерді демонстрациялағанды ұнатамын. Халықаралық ән байқауларының фанатымын.

 

 3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

 

Бала кезімде ауылымнан шықпайтынмын. Әлі сол. Көрмеген қалаларды Алла көруге жазсын!

 

4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?

 

Қазірдің өзінде жануардың бір түрімін. Аққуды ешкім атпайтынына сенемін, сондықтан, аққу болып көрейінші. Сендерге де осындай мүмкіндік беріліп жатса, көресіздер, аққу болып маңғазданып жүргенімді!

 

 

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

 

«Мне пох...», «Нет ничего хуже чем быть как все»

 

6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?

 

Ақмоншақ деген қызды сүйгенмін, сонда аяқ астында жер қозғалып кетіп, ана қыздың иығынан тіреп қалып, ол қашып кетіп, құлай жаздағаным бар.

 

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

 

Мені Құдай мазақ қылып, кім маған адал болса, соның бәрін жақсы көруді, сүйіп қалуды жазған. Мен өлердей ғашық бір қыз бар! Өзімнің іні-қарындастарымды жақсы көремін. Маңдайы жарқыраған кез келген адамға қол ұшын беруге әзірмін. Өйткені ішім жақсы көріп тұрады.

 

8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир). Неге ол адам?

 

Мадонна – мен, мен – Мадонна! София Ротару – анам. Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Нағима Есқалиева – үш әпкем. Шакираның, Джастин Тимберлейктің шеберлігіне тәнтімін. Жириновский – менің бір сипатым. Басқа ешкім ойыма келмей тұр. Әйтеуір мені табындырған ер адамдар жоқтың қасы. Әйелдер – тылсым!

 

9. Сүйікті спорт түрі?

 

Велосипед, волейбол, боулинг, жүгіру. Қазір спортзалдағы бапкерім мені ауыр атлетке айналдырып жатыр.)))))

 

 10. Сүйікті фильм? Неге дәл осы фильм?

 

«Малена» – әркімнің қолы жетпеген асылы болады, сол үшін, әрі актерлер қандай симпотный. «Жизнь прекрасна» – мен лох болсам да, өмір қымбат қой, сол үшін. «Сказ о розовом зайце» – менің Алматыдағы бастан кешкендеріме ұқсастық бар.... сол үшін.

 

11.Үйде кім басшы болуЫ керек деп ойлайсың?

 

Менің болашақ жарым дана, ол екеуара келісімді қолдайды, қатынды бастан тыюды білетін мен еңкеюді де білемін. Алып анадан туған.

 

 12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

 

Менің ақшам өзімде және әйелімде болады, оның ақшасы өзінде.

 

13. Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

 

Басқа мемлекетке барудан мен ешқашан қашпаймын.

 

14. Адамзаттың бұл дүниеге келуінің мәні неде деп ойлайсыз?

 

Мен осыны түсінбеймін. Философияда қатал ақиқатты ғана қолдаушыларды кім деуші еді? Өліп бара жатқанда ғана, «е-е-е, өмірдің мәні осы екен-ау» деп өкінетін сияқтымын. Өмір бойы өкініп келе жатырмын ғой, дер кезінде ештеңе істегім келмейді, кейін өкіну – менің сүрлеуім.

 

Ардақ пен Қызғалдаққа көп рахмет. Менсінбеу туралы әңгіме орынсыз.

 

Олардың сұрағына жауабым: «Мүмкіндік болса, өлімнен нәрестені құтқарар едім. Эйнштейннің өзі өмір сүргісі келмеген болар, сүрерін сүрді ғой. Нәрестелер өлмеуі керек.

 

Сұрағым: «Консерватизм, дәстүрлі қағидалармен өмір сүру надандыққа ұрындырмай ма?»

Димаш эстафетаны алмаған сияқты. Соған берейін. Өзі туралы бір кинорецензия жазсын.