Miss Massaget.KZ байқауы

Miss Massaget.KZ байқауы
жеке
блог

Құрметті массагет қолданушылары!

Сайтымыздың «массагет» аталу себебін барлығыңыз бір кісідей білетін боларсыздар, сақтардың тайпасында алтын мен жездің көптілігінде есеп болған жоқ деген аңыз бар, сол сияқты «Массагет» сайтының болашағында алтынға бергісіз ұшқыр ойлы, шымыр, өжет, өте ақылды қолданушыларының көптігінің есебі дәл сондай болады деп үміттенемін.

Егер сен асыл тастарыңды лақтырып тастап,

Садақ пен қорамсақты ғана асынып,

Сақтардың ішінде ғана өмір сүрсең,

Онда мен сияқты еркіндікте жүрер едің!

                                                              Анахарис б.з.б.620-555 жылдары

Мен өзім ұнайтын сайтым массагетте осындай еркіндік сезінемін, бұл сайттың рейтингісінің жоғарғы болғанын қалаймын сол себепті осы Miss Massaget.KZ байқауын өткізгім келеді. Бұл байқауға массагеттік аруларды белсенділік танытып қатысуға шақырамын.

Байқау шарттары:

Байқауға қатысқысы келетін ару missmassaget.kz@mail.ru осы пошта мекен жайына 22-25 аралығында өтініштерін өткізу керек.

26 мамыр 2012ж күні өтініш берген аруларға байқаудын қатысушы таңбасын ұсынамыз.

Байқау 2-турдан тұрады.

1.1. 26-28 мамыр аралығында ас мәзірін ұсынады. Мәзірді пост қылып шыгарады суреттермен.

1.2. 29-30 күні әр қатысушыға арнап орысша эссе ұсынады соны қазақша аударып мағынасын өзгерпей қолданушыларға жеткізу керек.

31 мамыр 2012ж күні осы екі шарты қорытындылап алғашқы үздіктерге байқаудың келесі турына жолдама берілед.

2.1.1-4 маусым аралығында қатысушы өзінің реалдағы өмірінің 1күніне есеп береді. Бұл күндері қайырымдылық акциясына немесе өзі бір қайырымдылық іс жасау керек. (фото немесе видео)

2.2.5-8 маусым күндері қатысушы қазақша сөзжұмбақ жасырады. (сөзжұмбақ қазақ тілінде,интернетте жоқ ақпараттардан құралу керек) бұл бөлімнің бағасы сіздің жасырған сөзжұмақтың табуы қиын күрделі болуына байланысты бағаланады.

Байқау қорытындысы 2012жылдың 12 маусым күні жарияланады. Бағалы сыйлықпен, алғыс хаттармен марапатталады.

Ескерту: Бұл шартардың барлығын блокка шығарасыздар. Түсіретін фотоларды,видеолардың ішінде қатысушыға берілген таңба болу керек. (интернеттен алып алды деген дау дамай болмасын) таңбасыз суреттер қабылданбайды

Cуреттерде Сіздердің сұлу жүздеріңізді түсіріп көрсету міндет емес, ең бастысы әр орындаған жұмыстарыңызда таңбаны түсіріп қойсаңыздар болады! .


Құрметті қолданушылар байқауға дауыс беруіге шақырамын.

Дауыс беру тәртібі:

1.Өзіңізге ұнаған байқауға қатысушының блогына + белгісін қою арқылы.

2. Ар блок соңында пікір қалдыру арқылы.1пікір 1дауыс болып саналады

3. missmassaget.kz@mail.ru пошта жәшігіне ұнаған байқауға қатысушыға дауыс бере аласыздар.

4. missmassaget.kz@mail.ru мирында қатысушыларға жеке арналған папкаларда фото есептері тұрады сонда пікір қалдыру арқылы дауыс бере аласыздар.

 

Массагет кз порталының әкімшілігі сіздерден осы байқауды ұйымдастыруға көмек берулеріңізді сұраймын.

     Әділ қазылар алқасын сайлауға көмектеріңіз керек

1)Айгул Болатханқызы

2)Риза Исаева

3)Жарқын Алаш

4) Нұржан Ақтөбе

Осы қолданушыларды массагетте өтетін байқауға әділқазы болуға ұсынысымды жеткіздіріп берсеңіздер.

 

ұйымдастырушы: Ахметов Жанат