ТАНЫСАЙЫҚ, КЕЛ ДОСТАР! (КЕЗЕКСӨЗ)

ТАНЫСАЙЫҚ, КЕЛ ДОСТАР! (КЕЗЕКСӨЗ)
жеке
блог
  1. 1.     Өзің жайлы қысқаша мәлімет.

    Есімім –Жазира. Өскен өңірім – Сыр бойындағы киелі мекен Шиелі деген жер. Қазір Алматыдамын. Білім алып жатырмын. Мінезім: өзге түгіл өзім түсінбейтін мінезім бар. Кейде ашық, кейде тұйық. Кейде ұялшақ, кейде батыр. Біреу қатты немесе жылы сөйлесе де көзіме іркіліп жас келіп қалады. Ұрыса алмаймын. Ақырын және тез сөйлеймін. Турашылдығым да бар, бетіне айта салатын. Көңіліне қарайтын кездерім де болады.

    2.     Хоббиің не?

    Арнайы тұрақты айналысып жүрген хоббиім жоқ. Бірақ көне сөздердің мағынасын білу, жер-су атауларына байланысты аңыздар жинау, суретке түсіру және альбом қарау, танымдық, психологиялық, жазбаларды оқу, табиғатта серуендеу, лирикалық өлеңдер мен әндерді оқу,тыңдау, гүл өсіру ұнайды.  

    3.     Қай елге саяхат жасағың келеді?

    Алла нәсіп етсе барлық жер-жаһанды аралағым келеді. Әсіресе оңтүстік шығыс Азия мен араб елдерін, Үндістан, Мысыр т.б.

    4.     Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?

    Қайтадан адам болып келер едім. Егер сондай мүмкіндік болып жатса бала кезімде оқығар ертегі кейіпкерлерімнің ортасына барғым келеді. Мысалы, Буратино, Алиса, Чиполинно т.б (мына қыздың дені дұрыс емес дейтін шығарсыздар )

    5.     Өмірлік ұстанымың немесе жиі қолданатын нақыл сөзің?

    "Жаңбырдан кейін күн шығады", "бәрі де өткінші", "Аллаға шүкір", "Өзіңе ұнамайтын нәрсені өзгеге жасама". Әр адамның бойынан жақсы қасиеттерді көре білу. 

    6.     Алғаш рет кіммен, қайда сүйіскенің есіңде ме?

    Әзірге мұндай жағдай болған емес. Егер ондай сәт туса, болашақ жарыммен болғанын қалаймын.

    7.     Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

    Бұрын мектеп кезімде бір жанды ұнатқанмын өмірімде. Ал қазір ешкімді жақсы көрмеймін.

    8.     Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайынша айтқанда кумир), неге ол адам?

    Кумирім жоқ. Айкона айтпақшы бар адамның пенделігі бар. Бірақ мына адамдар ұнайды. Д. Қонаев, А. Сәрсенбаев, Қ. Тоқаев, Н. Сәбилянов, М.Құл-Мұхаммед,  М.Шаханов, Д. Исабеков, М. Сеңгірбай,М.Беспаев,Ш. Беркімбаева. Н.Үсенбаева, уордпрестегі Ақзере т.б айта берсем көөөөп.  

    9.     Сүйікті спорт түрі?

    Спортпен айналыспаймын. Бірақ шахмат пен бокс ұнайды.

    10.    Сүйікті кино? Неге дәл осы кино?

    Кино көп қарамаймын. Бірақ қазақ кинолары мен кәріс сериалдары ұнайды.

    11.    Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың?)

    Билеу деген нәрсе ұнамайды. Ер адам басшы, әйел адам қосшы болып екеуара сыйластық пен түсіністік болса. Ер адам сыртқы істер министрі, әйел адам ішкі істер министрі. Балалар - халық. 

  2. 12.   Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

    Жоғарыдағыдай ер адам отбасын асырап ақша тапса, әйел адам отбасы игілігіне жұмсаса

    13.  Егер сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

    Құдай қосқан қосағым болса барамын.

    14.  Ақнұрдың сұрағы:  "Поэзияға жақын екендігіңізді білемін. Сізге өлең арнаған жігіттер болды ма?" :)

    Мектеп кезімде болған. Сыныптағы екі ұл бала. Бірақ сақтаған емеспін. Жыртып тастайтынмын. Ауызша айтқан кездері болған.

    Ақнұрдан алған эстафета таяқшасын Бақытты Гошаға беремін. Қояр сұрағым: Мысалы орыс халқы өздері үшін өмір сүреді. Ешкім ешкімнің алдында міндет емес. Ал біздің халық көбінесе отбасын құрғанға дейін ата-анасы үшін, отбасын құрғаннан соң балалары үшін өмір сүреді. Өмір бойы біреу алдында жауапты сезіну өмір сүруді қиындатпай ма?