жеке
блог

Сөйлесе

Ақырын сөйлесе – ақылмен айтып ұқтырады көп жайды,

Ақырып сөйлесе – қаһарланып  кетер, мазаңды алып.

 

Ойланып сөйлесе – арнасында толқып ағар өзендей телегей,

Толғанып сөйлесе – тебіренген  терең, тұңғиық көк теңіздей.

 

Жайлап сөйлесе – көп істі  қиюластырып тетігін  табады,

Жынданып сөйлесе – аласұрып, өкіреңдеп, кеудесін қағады.

 

Өтірік айтып сөйлесе – не жақсылық, одан қайтып оңалды?

Шын пейілмен сөйлесе – өмір жадырап салтанат құрады!

 

Арам пиғылмен сөйлесе – жетпей мақсатқа,түбі мақұрым болады,

Адал ниетпен сөйлесе – дүние құлпырып, жайнап салады.

 

Сартылдап сөйлесе кей  адам, нөсерді ойға алдырар,

Сақтанбай сөйлеп кей жандар аяқтан ақсатып, шалдырар.

 

Боқтап сөйлесе кей адам, ойлайсың, аузының өзі «боқ па»- деп,

Мәнерлеп сөйлесе шын  шешен, қаласың «бұдан тәтті жоқ!»- деп.

 

Жымпиып тұрып жайыңды табатын жылымдар болса, одан сақтасын,

Жайлап жүріп-ақ бар жайыңды шешетін жанашырларды

О,тәңірім! Қолдасын!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі