Таныспыз ба?

Таныспыз ба?
жеке
блог

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет

Ардақпын. Затым – ұл. 1989 жылы туғанмын. Жамбыл облысының Мойынқұм деген (Фурмуновка) шалғай жеріненмін. ҚазҰУ-ды бітіріп, қазірде «Бөбек» институтында ғылыми қызметкермін. Осылай ма еді?

2. Хоббиің не?

Хобби – үйде тазалық жасау. Хоббиіме уақыт болмай жүргенін жасырмаймын...

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Бала кезімде «Америкаға саяхат» деген эссе жазып, бір конкурста жүлдегер атанғаным есімде екен. Қазір сондай бір фанатизм жоқ. Ресейге барып, оқып келсем деген жоспар бар.

4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?

Құдай-ау, мынадай сұраққа жауап іздеп көрмеппін. Адам болғанға не жетсін? Онда да қоймасаңыз, көкте қалықтап ұшатын қыран болғым келеді дейін.

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

Есіме түскені мынау: «Некоторые люди – дуры», «Ар мен ұят жоқ жерде адамдық та болмайды». Ал көңілді боп жүрсем «Оппырымәзіретсұлтан!» («О пірім, Әзірет сұлтан» - тап-таза сектантпын»), «За то тамаша!», «Сам знайыш, Сәрсембай», «Бітті Бәтима!», «Оу, қарындас, фигураңыз ат екен», ой, олай емес... қысқасы түсіндің...

6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?

«Алғашқы сүйісу» деген не сөз? Мен үшін ондай мәдениет жат. Махаббаттың мұндай «жат элементтерін» есіму түсіру ғана емес, ойлаудың өзі... Қысқасы, түсіндіңіз.

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Жаман адамдар дөрекіленіп, ырысыңды рәсуаламаса айтайын... Міне, айттым.

8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир). Неге ол адам?

Айдос мырза секілді жауап бере қойсам, шылғи өтірік болып шығатынын біліп отырмын. Кумирым - әкем. Есейген сайын ол кісінің қасиеттерін өз бойымнан тапқым келеді. Осылай...

9. Сүйікті спорт түрі?

Футболды жақсы көремін. Көріп қана қоймай, реті түскенде ойнаймын да. «Мен!» деп жүргеніңді іштей күлкінің астына аламын. Эх, біздің ойынды тас дәуірінде өзіммен бірге ойнаған достарым ғана көрді-ау деймін. Бірақ қазірде уақытты ойынға емес, ұйқының жоспарын орындауға арнап жүргенім рас.

10. Сүйікті фильм? Неге дәл осы фильм?

Көретін кином көп. Ең соңғы көргенім – «Три метра над небом» болатын. Соны айта қояйын.

11.Үйде кім басшы болу керек деп ойлайсың?

«Еркек!» десем болмай қалатын сияқты ғой, шашы қысқалар дей салайын...

12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Үйде ақшаны банк ұстауы керек. Майда-шүйде болса оны несіне бөлісіп жатсын?

13. Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Сүйіктілер қандай жағдай болмасын, бір-бірінен ұзай алмайды. Ұзамайды. Болса тек бірге болады. Жағдай болса ғана барамын. Болмаса сарылып не іздеймін? Ата-анамды тастамаймын. Бітті...

14. Адамзаттың бұл дүниеге келуінің мәні неде деп ойлайсыз?

Рухын жоғалтпай, реңі солмай, еңсесі тік, мақсаты айқын, арманы андағай, өмірі өлкедей, көңілі көлдей болып өмір сүру.

Ал келесісін кімге берерімді білмеймін. Шештім. Осында ең бірінші кім пікір жазса, сол біреуге кезекті бере алатын мүмкіндікке ие болсын... 

ҚЫЗҒАЛДАҚ: Массагеттің жұлдызы - Болат Мұхтар, менің берген таяқшамды менсініп қабылдаса, кезек Ақтөбелек мафияның жігітінде! 

Сұрақ: "Мүмкіндік болса өлімнен Эйнштейнді құтқарасыз ба әлде нәрестені құтқарасыз ба?"