Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Таулықтар жоғарыдан қарайды

Таулықтар жоғарыдан қарайды

Таулықтар жоғарыдан қарайды

«Кіндік қаның тамған жерің бәрінен ыстық». Дейді. Бірақ мен үшін мүлдем олай емес...

Жеке куәлігімде «Туған жері» деген тұста «ОҚО» деп жазылған. Десе де, менің тәрбием, тілім, мінезім, ақ ерке – ақ Жайықтан берілген. Кейде осы Жайыққа келмесем, мен «Гүлжанар», «Ақ Қоян» не «Жапырақ» болмайтын ем деп ойлаймын. Бұл маған берілген есім мен лақап аттардың қойылу уәжділігіне қатысты айтылған ой.

Атырауда тау жоқ дейтіндер Төлегеннің шығармашылығынан жұрдай көрінеді. Неге? Өйткені мұнда (Атырауда) «Каспийдің толқын таулары» бар ғой... Алқызыл, алаулы таңы бар... Тізе берсең, бәрі бар... Бастысы ол жақта мен бармын)

Алматыға келіп, вокзалдан түскен бойда тауды іздегенмін, сөзімнен байқағаныңыздай тау үшін келгенмін. Осында жүріп адамдарының да Жайықтың тұрғындарына ұқсамайтынын түсіндім. Содан бұл тек мендік ой ма десем, кейбір адамдар да солай ойлайды екен. Өткенде солтүстік өңірден келген бір танысымыз «Таулықтар жоғарыдан қарайды» деп қалды. Менің ойымның үстінен түскені қызық болды. Шынымен, осының алдындағы блогтарымды оқып жүргендеріңіз болса, осы ойымды байқайсыз. Алматы да, адамдары да шынымен тәкаппар секілді...

Біздің «ауылдың» адамдары ерке, аңқылдап тұрады... Бірақ аяғын басып кетсең, тасқындай шайып кетеді... Осымен жетер)

...Қыздың алысқа кеткені жаман екен... Неге? Қойыңызшы, жақсы емес пе? Ерке қыз сонау Жайықтан тәкаппар болуға келді. Екі мінезді тең ұстағысы келгені болар...

4 жыл білім университетінде қашықтықпен дос болған мен ата-ана, туғандар, өскен өлкеден жырақта жүріп көп нәрсені көрдім. Тамақ пісіруден бастап (құрсын, бұған дейін тамақ жасай алмаған ба деп отырған боларсыз, иә, қара шаңырақтың жалғыз еркесімін, еркелеуден қолым тимеді), достың сыртыңнан сөйлеуін, адамнан айла артылмайтынын, сағыныштың шексіз болатынын, қашықтықта махаббат өшпейтінін, «жігітке сенбеңдер» дейтіндердің аузына келгендерін айтып жүретіндерін, осыған дейін дұрыс сөйлемей келгенімді («дүйсенбі» деген «дүйсөнбү» болады екен), алыстан естіген суық хабардың мәңгілікке «тұмауратып» кететінін... көрдім. 18 жасқа дейін естімеген сөздер мен көрмеген қылықтарға куә болдым... Қазір «өмір деген осы» деп қоямын ішімнен. Өмір деген саябаққа барып, әткеншекке отырып, балмұздақ жеу емес немесе сүйікті кейіпкерлеріңнің фильмдерін, сүйіп тыңдайтын әншілеріңнің концертіне бару ғана емес екен ғой.

Өмір сүргің келеді... Алда неше түрлі қуанышты сәттердің күтіп тұрғанын біліп, сезіп, мына өмірді тастап кеткің келмейді... Бұл менің ойымдағы Ақ Папамның сөзі шығар, бәлкім...

Тек түсіме келіп қана кетіп бара жатқанымды білдіріп, көзінің жасын сығып алатынын көрсетіп кетеді. Ақ батасын бергені болар деп түйемін жорысам...

Өмір университетіне қадам басып келемін, Ақ Папа...

6
Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 08 маусым 2017, 20:24
Тегтер: Жапырақ, Жапырақтың блогы, Ақ Папа, Атырау, Жайық, Алматы,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->