Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Танысып қоялық

Танысып қоялық

Танысып қоялық

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет

Есімім Айдос. 1984 жылдың 8 тамызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келдім. Өскемен қаласында жоғарғы оқу орнын тәмамдағаннан соң төрт жыл Елордамызда жұмыс істедім. Қазір Аспан асты елінде, яғни Қытайда білім алып жатырмын. Өзім жайлы айтарым әзірге осы.  

2. Хоббиің не?

Кішкентай кезімнен шет тілдеріне қатты қызығамын. Сол себепті шет тілдерін үйрену - менің хоббиім десем де болады. Бос кезімде кәріс фильмдерін орыс, қазақ тілдеріне аударып, титр жасаумен айналысамын. Қазақша аудармаларыммен таныс болып жатқан шығарсыздар.

Сәлем Рух!

Хёрин - Бұл өмірде сүйіп өтем өзіңді тек!

Тэ Ён – Егер

Алла қаласа келешекте де Массагет сайты үшін әлі талай аудармалар жасаймын деген үміттемін. Редактор Зере ханым мен әндердің аудармасын лирикамен әрлеген Айжан ханымға үлкен алғысымды білдіремін!

Тағы бір хоббиім – шет елдердің ақшаларын жинау. Кезінде бірталай үлкен коллекциям болып еді, жоғалып қалды. Сол себепті биылдан бастап қайтадан жинауды ұйғардым. Қазір 16 мемлекеттің ақшасы жиналыпты.

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Шет елдерден тек Оңтүстік Корея мен Қытайды көрдім. Ал барғым келетін елдер: Малайзия, Индонезия, Жапония, Түркия, Араб елдері, Африка елдері. Және өзім оқып жатқан Қытайды түгелдей аралап саяхаттағым келеді.

4. Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?

Бұл өмірге кім болып келетініміз бір Алла тағаланың құдіретінде болғандықтан, бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Адам болып жаратылғаныма Аллаһқа сансыз шүкір айтамын!

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

Өмірлік ұстанымым мен нақыл сөзім Қасиетті Құран кәрімнің мына аяты десем болады: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһқа бойсұныңдар және Елшіге бойсұныңдар. Егер бір нәрседе талассаңдар, оны Аллаһқа және Елшіге жүгінтіңдер» («Ниса» сүресі, 59-аят);

6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?

Ол туралы ештеңе айта алмаймын. Кешірерсіздер.

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Жариялағым келмейді.

8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир). Неге ол адам?

Ойланып қарасам, әнші, әртіс, саясаткерлердің арасында кумирім жоқ екен. Алайда әрбір мұсылман баласы үшін пайғамбарымыз Мұхаммад с.а.с.-ға ұқсау арман болар. Сол себепті пайғамбарымыз с.а.с. менің кумирім десек те болады.

9. Сүйікті спорт түрі?

Спорттың барлық түрін теледидардан қарауды ұнатамын, бірақ солардың арасынан өзімнің айналысатын спортым тек жүгіру сияқты. ))) Анда-санда бассейнге және тренажер залына барып қоямын.

10. Сүйікті фильм? Неге дәл осы фильм?

Өте көп фильмдер көргендіктен бұл сұрақ мені біраз ойландырып қойды ))) Ең есімде қалғаны «Хатико» болар. Нағыз адал достықты бейнелейтін фильм болғандықтан қатты ұнады.

11.Үйде кім басшы болу керек деп ойлайсың?

Еркек басшы болу керек деп ойлаймын.

12.  Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Екеуі де бірге ұстағаны дұрыс.

13. Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Ұзақ уақытқа кетпек болса жібермес едім деп ойлаймын )))))

14. Айжанның сұрағы: Сізге, дәл қазір, бақытты болу үшін не керек?

Жауап: Аллаға шүкір, дәл қазір өзімді бақытты адаммын деп білемін. Одан асқан бақытты болу үшін бақыт жолында көп еңбектену керек ))) 

 

Келесі анкета толтырушы – ♕AkkunaMAtaDA-ға қояр сұрағым: Адамзаттың бұл дүниеге келуінің мәні неде деп ойлайсыз?

1989 19
Рейтинг: +6

Автор: Aydos Nayman
Жазылған уақыты: 21 мамыр 2012, 18:26
Пікірлер
+0
21 мамыр 2012, 23:45

Сіздің анкетаңызды қарамағандықтан жас бала екен деп ойлағам. Сосын 13-ші сұрақта сүйіктіңіз сізді өзімен бірге шақырса деп тұр. Ал сіз бармақ түгіл сүйіктіңізді жібермейтін түріңіз бар ғой! :) Негізі осы сұрақ жігіттер үшін орынсыздау сәл. Кумир деген сөз де артықтау. Әйтсе де, өнерін сыйлап, өмір жолына қызығатын ешкім болмағаныма пайғабарымыздан басқа? :?

+0
22 мамыр 2012, 00:18

Ұстанымыңыз мықты екен! :)

+0
22 мамыр 2012, 00:30

Айдос красапшік жігіт! Осындай жігіттер қазақта көп болсын деп тілеймін. Жалпы Айдостай досы бар, баласы бар, сүйктісі бар адам бақытты деп ойлаймын! Лайым солай бола берсін! (Тфу-тфу) :)

+0
22 мамыр 2012, 15:03

:lol: ну ну, айтпа :lol:

+0
22 мамыр 2012, 08:16

Менде кумир тұтатын адамым жоқ екен, себебі бар адамның пенделігі бар. Аудармаларың ұнайды, солай де де біраз кәріс тілінен сабақ жүргізуші ең ғо :)

+0
22 мамыр 2012, 10:00

Суретінен айналдым! МкМкМкМк! Түрінен сол! :P ;)

+0
22 мамыр 2012, 09:02

Сіз маған құда бала болдыңыз ғой. Менің жеңгем Өскеменнен. Сұрақтарға берген жауаптарыңыз ұнады.

+0
22 мамыр 2012, 11:41

Рахмет құдаша ))))

+0
22 мамыр 2012, 09:12

жақсы жазылған, осы жазбаға дейін комментеріңізге қарап бір жас бала шығар десем ;) негізі сұрақтарға көбі сын көзбен қарайды, дегенмен бастапқыда бұл мектептік шақтағы анкета сияқты деп айтылып кетті ғой, әрине әркімнің өз құқығы бар да толтыруда, бірақ кішкене болса да өздерінше бола бермей, балалық шақтағыдай жеңілдеу қарасаңыздар жақсы болар еді деп ойлап қоямын да жай өзім :roll: ;)

+0
22 мамыр 2012, 10:55

Қытайдың әлеуметтік желілеріне тіркелу біздікіне қарағанда өзгеше деп естідім сол қаншалықты рас,сол жайлы мағлұмат бере кетсең,рахмет алдын ала

+0
22 мамыр 2012, 11:42

Әзірге қытайдың әлеуметтік желілеріне тіркеліп көрмеппін. Ол туралы ештеңе білмейді екем. Біліп жатсам жазармын иншаАллаһ.

+0
22 мамыр 2012, 11:43

ойыңда болсын иә,оларда жеке куәлік арқылы тіркеледі деп естігенмін

+0
22 мамыр 2012, 12:39

Болса болар. Барлық жерде жеке куәлікпен ғой мында. Қарап көрейін, уақыт болғанда Алла жазса

+0
22 мамыр 2012, 14:21

Әділмін деп ойлайсыз ба?

+0
22 мамыр 2012, 15:05

Хатиконы соңына дейін шыдамым жетіп көре алмадым осы :)

+0
22 мамыр 2012, 15:22

Маған ұнады, жылап алдым..

+0
22 мамыр 2012, 19:56

Анкетам ұнап жылап алдыңыз ба? ))))

+0
03 шілде 2012, 01:31

мен де Шығыс Қазақстаннанмын, мен де қазақпын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев