Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Эстафета. Анкета. Айжантабын.

Эстафета. Анкета. Айжантабын.

Эстафета. Анкета. Айжантабын.

 

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет

Атым – Айжан, Мұраттың қызымын. Жасым 25-те.  Астанада тұрамын.

2. Хоббиің не? 

Фотография. Әндерге аударма жасау. Сурет салу.

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Бұрын Үндістанға барғым келетін, бірақ Бальзаминканың жазбаларынан кейін бар ниетім жоқ болды. Қазір тек өркениетті, дамыған елдерге барғым келеді.

4. Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)? 

Қара пантера болғым келер еді. Өзіндік бір философиясы бар жыртқыштардың сыртқы сұлулығы да,өжеттілігі де, өзге мысықтұқымдастардан ерекшелігі де мені қатты тартады және таң қалдырады.

5. Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің? 

«Бәрі де өткінші». «Бұйырғаны болады». Бір адам, бұл әлсіздердің өзін ақтап алу үшін айтатын сөздері дейді, мойындаймын – әлсізбін))))

6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме? 

Есімде, елге жайып айтатын әңгіме деп есептемеймін. Мақтанатын дүние емес.

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Жауапсыз қалдырсам деймін. Білетіндер білер, білмейтіндерге бәрібір емес пе)))))

8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир). Неге ол адам?

Фанат емеспін, кумирларым жоқ. Алайда, әншілерден Мейрамбектің және Тони Брэкстонның даусын, әртістерден – Хелена Бонэм Картер және Айгүл Иманбаеваның шеберлігін жақсы көрем. Толығымен аполитичнаямын, сол себеп саясаткерлерді танымаймын.

9. Сүйікті спорт түрі?

Қазақ спортшыларын қатысатын спорт түрінің бәріне жанкүйермін. Олимпиада мен әлемдік чемпионаттар кезінде бәрін бәрін қызықтаймын. Өзіме үлкен теннис ұнайды.

10. Сүйікті фильм? Неге дәл осы фильм?

«Шиндлер тізімі». Бір көргеннен жүрегіме қатты тиді. Адамгершілік ұлт танымайтындығы жайлы, ҰОС кезіндегі еврейлердің қудалануы жайлы әсерлі фильм. Тарихи фильмдерге құштарлығым жоғары.

11.Үйде кім басшы болу керек деп ойлайсың?

Патриархатта тәрбиелендім, мен үшін бұл сұрақ сұрақ емес)))))))

12.  Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Отбасыға байланысты деп есептеймін. Кейде, ата-енесімен тұратындар ақшасын енесіне табыстайды, кейде әр кім өз ақшасына ие, екі жақтың келісуіне орай. Менде қалай болатынын әлі білмеймін. Уақыт көрсетеді)))

13. Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Сүйіктім – күйеу болса, бармағанда қайда кетесің)))) Сүйіктім – жігіт болса, бармаймын.

14. Адамның өзін-өзі бағалауы, оның рухани дамуымен байланысты ма? Әрине. Өзін –өзі жоғары бағалау, менмендік, тәкәппарлық – рухани мүгедектердің ауруы. Адам баласының өзіне деген көзқарасы, алдымен бала кезден қалыптасады: отбасындағы орны, махаббат пен сүйіспеншілікті сезінуіден бастау алады деп есептеймін. Жақсы тәрбие көрген баланың өзіне де, өзгеге де баға бергенде мәселе туындамауы тиіс деген ойдамын.

Келесі анкета толтырушыға сұрақ: Сізге, дал қазір, бақытты болу үшін не керек?

Кезекті Айдосқа ұсынам, тағы да біреуге переұсынып тастамаса)))))

2368 31
Рейтинг: +5

Автор: Aizhan
Жазылған уақыты: 21 мамыр 2012, 16:27
Пікірлер
+0
21 мамыр 2012, 16:50

Ол Айдсо кітап жайлы эстафетаны да әлі жазған жоқ :lol:
Хоббиыңнан айналайын )))

+0
21 мамыр 2012, 16:55

уахахахахах)))) екі рет айналшы))))) Чтоб не сглазить)))))

+0
21 мамыр 2012, 16:57

Тфу-тфу-тфу, тфу-тфу-*тфу ))))

+0
21 мамыр 2012, 16:55

дос тауып алдың ғо))))

+0
21 мамыр 2012, 16:56

Қайреке, если ты не заметил, Айжан бұрыннан маған ән аударып беріп жүр ))) Және біз бұрыннан доспыз. )

+0
21 мамыр 2012, 16:58

Қайреке, Анардың арамыздағы достық сонааааааааау уордпресстен басталды ғой, шіркін))))

+0
21 мамыр 2012, 17:24

прикол ұстағаным ғо өзімше :D

+0
21 мамыр 2012, 16:58

түкірііііііііііп түкіріп тастады ғой

+0
21 мамыр 2012, 16:59

:lol:

+0
21 мамыр 2012, 16:53

Ақ қонжық қайда екен?

+0
21 мамыр 2012, 16:55

Қонжықтың жыры таусылғалы қашааан))))

+0
21 мамыр 2012, 16:56

осы эстафета-эстафета деп жүр ғой. маған да берсеңдерші, бір кіскдей танысуға жарамаймыз ба, тегі?

+0
21 мамыр 2012, 16:59

Сіз маған ұнамайсыз. Басқа берер мүмкін кезекті.

+0
21 мамыр 2012, 19:42

а, жақсы

+0
21 мамыр 2012, 23:02

:lol:

+0
21 мамыр 2012, 17:11

Сұрақ енді өлтіреді :lol: менде айналайыншы :)

+0
21 мамыр 2012, 17:22

Айналшы))))

+0
21 мамыр 2012, 17:20

«Бәрі де өткінші», "бұйырған болады" деген сөздерді оптимистік мақсатта да қабылдауға болады ғой. Жақсы ұстаным негізі

+0
21 мамыр 2012, 17:43

Қара пантера, Уууууууу ;)

+0
21 мамыр 2012, 17:54

Кореяның тарихи фильмдерін аударып массагетте көруге ұсынуға өтініш білдіремін ;)

+0
21 мамыр 2012, 19:03

Мәә, қара пантера! :)

+0
21 мамыр 2012, 19:12

Айдос деген қай Айдос? Алтыншы сұраққа жауапты қатырып беріпсің.

+0
21 мамыр 2012, 19:20

Найманнан шыққан Айдос :)

+0
21 мамыр 2012, 20:33

osy bala barin biledi :lol: :lol: :lol:

+0
21 мамыр 2012, 23:05

Айтеееп, айтееееп тастайсыз да, сол ұнайды. Себебі дәл, мүмкін кейбіреуге ауыр тиер, бірақ тура һәм әділ сөйлейсіз да. :) Қонжық болмаса да, фотография мен аударма тоқтамаса болды. :D

+0
22 мамыр 2012, 00:49

Ути-пути!

+0
22 мамыр 2012, 08:56

Пантера :lol: :lol:

+0
22 мамыр 2012, 09:21

) еу, аңқау доктор-ау, күлме))))

+0
22 мамыр 2012, 19:34

Оһ, Үндістанды барынша жамандаған екем ғо, сорри :)

Негізі, бір кісі айтты екен деп Үндістаннан қашпа, мүмкін саған ұнар ;)

+0
19 ақпан 2013, 21:10

Айжантабын,Руың Табын ба?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев