Құпия хат
жеке
блог

Құпия хат

Көктем, Жуалы , Тәңіртау...

Аға, сіз уәдеңізде тұрмадыңыз, сіз келмедіңіз... 

Тәңіртауға жалғыз бардым, жалғыз қызғалдақтердім... 

Ойымда неге уәдесінде тұрмады деген өкпе болды... Бірақ мен білмедім, Тәңіртауға мен жалғыз қызғалдақтеруге барғанда , Сіз Барсакелмесіңізге кеткен екенсіз, кеш естідім...

Жүректе өкініш, арман, санада сансыз қиял... 

Сіз мені кешіріңіз... Сіздің алып жүрегіңізді еркелікпен ауыртып, көп нәрсені талап еткенім үшін... 

Аға, бұл көктемде Сізбен Тәңіртауға барамын, Сіздің шығармаңыз арқау болған театрдан спектакльді бірге көрем деп армандаған едім... 

Енді міне сіздің бейітінізге бармақпын, құран бағыштауға...

Адамнын емес Алланың дегені болады екен... 

Ары қарай жазалмаймын, төзімім жетпейді , жанардағы жасты тыйюға... Алла Сіздің жайыңызды жұмақтан қылсың...