Сабаздың баласы

Сабаздың баласы
жеке
блог

 Кішкентай кезімде інім бірдеңені бүлдіріп қойса мамам “сабаздың баласы ” деп ашуланушы еді. Кезекті бір оқиғасында анам тағыда “сабаздың баласы” деп айта жөнелді. Сол кезде інім: “Сонда сабаз сізсіз де, мен оның баласымын ба?” деп қойып қалғаны. Мамам айтарға сөз таппай күліп жібергені бар. Сол кезде сабаз дегеннің мағынасы не деп іштей ойланушы едім. Сөйтсем “батыр ” деген мағына береді екен ғой. Маған сол сөз қызық естілуші еді ол кезде.