Жүрегімнің жартысы
жеке
блог

Жүрегімнің жартысы

   Абзалдың бұрынан бері махаббатқа келгенде жолы болмайтын.5-қыздың арасында өскеннен кейін бе,қыз атаулының барлығы оған дос,сырлас болып кететін,одан арғыға бармайтын.Түр келбеті келісті,өзін қарағаны соншалық кей қыздардан киінгені тап-таза тұйнақтай.Тек бір әттеген ай,болашақ жарын кездесетін емес.Іздеп жүргеніне биылғы күзбен санағанда 9 жыл өтіпті.

Қыз-қырғынмен жүріп,көңіл көтергені былай тұрсын,тіптен қыз атаулымен құшақтасып көрмепті.Бойдақтықтың талай азғыруы жан жаққа тартып,жігіттіктің желкені жалындатып бір жаққа соқпасын деп өзінің ақылын сұрыптап,иманын үйіріп бес уақыт намаз бастағаны бар.Жасы 26 да.Бұйырмаса бекерге жүгіргеннен пайда жоқ екен.Талай қыздың артынан жүгірген еді,олар да алдар көседей қуланып алған,бәрі өзінікін алып пайдаланып кетеді.Жұмысы орнықты,ақшаны басқалардан артық таппаса кем таппайды,әрине көлік киім кешек т.б барлығы дерлік жеткілікті.Үйдегілеріне де ай сайын табысының 30 пайызын жіберіп отырады.Айтпақшы  екі ай бұрын ғана «Тұрғын үй жинақ банкі»арқылы кезекпен өзінің пәтеріне де қол жеткізді.Бір сөзбен өмір күйбелеңі өз орнында.

Тек осымен үш апта бойы ұйқысы тыныш емес,түсіне жаман кейіптер кіріп түн ұйқысының шырқын бұзуда.Қайдағы жоқ,қараңғы бөлме,бір  қыздың еңіреп жылаған үні,бейіт басы,ай далада жалғыз қалған үй,ішіне кірсе жалғыз отырған қыз барып жұбатпақ болғандағы бет жүзін көре алмаған кездер,сол секілді көптеген үрейлі түстер.Үш апта бойы есін алып бітті.Тек ұйыған иманының арқасында жанының тыныштығын тауып жүр.Күнделікті жұмыстан шыққан соң соңғы кездері мешітке барып уақыт өткізіп имамдармен,мешіт қызметкерлерімен әңгіме құру сияқты жақсы әдет шығарған.Олда жүрегінің жалғызсырағанынан туындаған әдет  шығар.Достарына келсек,достары өте көп,бірақ әр қайсысы өз отауларын құрып кеткен,жалғыз Ермек атты досы қалған еді,олда жақында гражданский брак деген шығыпты деп,бір қызды ермек қылып жүр.Осылай уақыт өтуде.Тек жүрек жылғызсырап,сыздатып барады.Әке-шешесі де жастары келіп,немерелерін  құштарлана сүюді аңсап жүр.Ауылға барған сайын,үйлен  деп құлағына құйып жібереді.Ал үй ішін қалаға жанына көшіртіп алайын десе,әкесі қарсы,туған топырағы,ірге көтерген,жұрт қатарына қосылған ауылынан кеткісі жоқ.Топырағым осында көмілсін дейді.Барлық өмірін тізіп қараса,ер жігітке тән барлық дүниені тындырыпты.

-Шүкір дейді ішінен.

Ішінен дұға тілеп,тұруға ыңғайланып жатқан еді,артынан біреу

-Бүгін ертерек кетіп барасыңғой,келін баланың асын сағынып кеттіңбе?деген дауыс шықты.

Артына қарасы Ділхан ұстаз екен.Орталық мешіттің имамы.

-Жооға,қайдағы ұстаз,бар болса сағынасың,жоқ нәрсенің несін сағынасың деді.

-Ой қой балам сен әлі үйленбегенсіңбе,мұның болмас-деп руаят етілген бір хадистен түртіп өтті.

-Иә аға осылай жағдай,қалай жар сүйіп,бала шағамның адал еңбекпен тапқан нәпақаммен қарындарын тойғызсам арманым жоқ еді.Тек бұл түріммен оның ауылы алыс секілді.

-Қой балам уайымдама,жігіт адамның қосқан қосағы міндетті түрде бар.Мейірімі шексіз Жаратқан Алла Адам атаға серік болсын деп Хауа ананы жаратқандығын барлығы жақсы біледі.Сондықтанда балам,ешқашанда болашақ жарымды таппадым деп түңілме.

Осындай диалогтан кейін Абзал  мешіттен шыққан бойда бір жерден ауқаттанып алайын деп дәмханаға кірді.Кірген бетте алдында бір құбыла біткен бойлы қазақ қызы қарсы алды.Кіріңіз деп, жоғарғы жақтағы бос стөлді көрсетті.Бір көрген көзге сүйкімді ақ.Қызды көрген Абзал,мүмкіндігімді жібермейін,Құдайдан сұрай бергенімде ол терезеден маған мә деп лақтырмайдығой,өзімде қозғалайын деді.Тапсырыс алуға жанына келді,қанша жерден дауысы жарқын,кеңірдегі ашылған қоңыр дауысты жігіт болса да,әлгі қыз жақындаған кезде,іштей тұтығып сөйлей алмай қалған сыңайлы.

Қыз ағай не тапсырыс бересіз дегенде,абдырап барып,есін жиған болды.

-Маған бір тұшпара,содан мынау салаттан,шәйіңіз бен нанды ұмытпаңыз деді.

-Қыз тапсырысты алған бетте,жымиған күйде ас бөлмеге кіріп кетті.

Шын мәніне келгенде қыз баланың бірінші қадамға өздері бағыттайтынын білетін.Тек қадамын жасап алып,ары қарай не істеу керектігін білмейтін.Тамағын лезде алып келді.Күні бойы нәр татпаған бойдақ қойылған ыстық асты әп-сәтте сылқ еткізді.Даяшы қыз да жылтыңдап қарай берді.Қыздың кетары еместігін Абзалдың ішкі инстингі сыбырлап тұр.Танысамын деген ой үдеген сайын  ішкі қорқыныш па,әлде ұят сезіміме бір тылсым күш артқа қарай тартты да қойды.Бұл жолы да танысуға батпады.Бірақ,бағанағы өзіне берген серті сенделтіп отыр.Студент кезінде даяшы болып қызмет еткен болатын.Әріптес болып қызмет еткен бір қызқұмар Расул атты досы бар болатын.Сол майлық қағаздан гүлдің түр түрін жасайтын.Абзалға да үйреткен бірнеше түрін.Бұл дарынын бойдақ жігіт ұмытып та кетіпті.Қайдан келген ой екендігі белгісіз,қағаздан роза гүлін жасап,қасына бір қиық қағазға өзінің есімі мен телефон нөмірін жазып кетті.Тамағының ақшасында асығыс тастады да,жүріп кетті.Ол ұятынан,жігіттік батылдығынан қашып жүр.Артына қарамастан кетті де қалды.Қоңырау шаладыма,жоқпа деген ойлар басында мазалаған еді,бірер сағаттан кейін ол ойлар да сейілді.Санадан кетті.Көлігін күнделікті орнына тұрақтап,ауа райының ерекше көңіл күй беріп тұрғанын байқап,кішкене таза ауа жұтайын деп кідірді.Тынымсыз тіршіліктен талықсыған  ойын демалтпақ болып,орындықта біраз отырды. Телефон шылдыры тереңге кеткен миына тоқ жібергендей селт еткізді.Қарайласа,бейтаныс нөмір.Көтерейін бе жоқ па деп екі оймен ақыры,жасыл тетікті басып тіл қатты.

-Ар жағынан біраз кідірістен кейін Моцарттың музасы секілді әсем ырғақты Алло сәлем деген дауыс шықты.

-Сәлем.

-Танымаған шығарсыз,есімім Қорлан болады.Бүгін сіз тамақтанған дәмханадан телефон нөміріңізді тауып хабарласқым келді.Қарсы емессізбе деді.

Абзалдың сәл демалысының күл талқанын шығарды.Ауызына толтыра су құйып алған секілді,сөйлейін десе үні шықпайтындай біртүрлі күйде қалды.Тіл қатайын десе үнсіз мылқау болды да қалды.Жүрегі бір сәтке тоқтап,қайта соққан секілдіме қалай.Түсініксіз күй.Бар батылдығын жинап,сәлем иә мен едім деп,бір нәрсе бүлдіріп қойған баладай үзік үзік тіл қатты.

-Ар жағынан сыңғырлаған күлкінің дауысы дыбырлады.

Не деп жауап берерін білмей,сайқал ойлар сан саққа сандалтты.Миды ашытып,іштей сандырақтап жатыр.Бір кезде есін жиып,есімім Абзал болады.Солтүстік Қазақстан облысының тумасымын.Ары қарайғы әңгіме өзінен өзі ағытыла берді.Жаңа танысқан жастардың арасында мәдениетті,әрі сезімнің ұшқыны сезілетін диалогпен өрбіді.Абзал құдды бір өзімен өзі қалып әңгіме құрғандай тебіреніп төгілді кеп.

Абзал мен Қорланның әңгімесі таңға дейін жалғасты.Тебіреніс диалогына сүңгіп кеткен Абзалды телефонының қуаты бітіп тоқтатты.

-Ар жақтан қайырлы таң деген дауыс естілді.Бұл Қорланның нәзік үні.Шынымен-ақ таң бозарып атып келеді екен.

-Жә,шынымен ертең де күн бар.Сау бол,деп диалогын тоқтатты.Телефон тұтқасын қойса,айырылып қалатындай біртүрлі күйде тұтқаны қойды.Осындай сезімге толы әңгімеден кейін қайдағы ұйқы дерсің.Тебіреніп,теңселіп күндегі жалғыз жататын төсегінде біраз жатты.Ой үстінде жатып,қалғып кетіпті,жұмыстан түскен шұғыл қоңыраудан селт оянды.Жұмыстағылар дабыра тексеріс келеді деп дайындық үстінде екен.Асығыс киінген бетте жұмысқа жетті.Әйтеуір талай жылғы күнделікті бір тірліктен кейін бір үзіліс,өзгеріс болды ау.Жұмыстан кешігіп,қолдан жасалған заңды бұзғанына бір жағынан мәз.Бір ойы ұялып тұр.

Кешегі нөмірді телефонына сақтап қойған болатын.Түскі ас кезінде,қолы қалт етсе болды сол нөмірге қарай береді,неше рет хабарласуға,хат жолдауға оқталып еді,қолы бос емес ау уақыты да тығыз шығар деген сылтау мен өзін жұбатып қойды.Кешегі сөйлескен сағатын қайта қайта қарап іштей мәз.Не сезім екенін өзі де түсінер емес.Бір көргеннен оянған,махаббат па,әлде бойдақ жігіттік құмарлығыма.Бірақ соны іздей бересің.Бір қызығы көзімді жұмсам бейнесін елестете алмаймын.Бір көріп өткен тәтті түс секілдіме қалай өзі.Сезім деген сау адамды есеңгіретіп тастайды екен.Қой жігіттің сезімге беріліп,сызылып отырғандығы жараспайды екен-деп өз-өзін қайрағандай болып еді,онысынан түк шықпады.Қорлан деген сөзден басқа сөзді білмей қалған секілді.Тіптен жұмыста отырып,бұл есімнің түрлі мағыналарын зерттеп,кешкі әңгімеге арқау тауып алған.2007 жылдың жетінші айдың жетісі,сағат жеті.Бұл менің шынымен тағдырымды толықтыратын махаббатым деп қояды.

Абзал мен Қорлан екеуі күнде сол уақытта телефонмен сөйлесетін болды.Сезім диалогына тербеліп,әсем күйге бөленіп таң атыруда.Абзал талай Қорланның жұмыс жеріне баруға оқталып еді.Ез жүрегі еш батпайды.Тіптен күндегі сағаттан бұрын не кеш хабарласқан емес,күнделікті сол сағат сол минут.

Уақыт бір орнында тұрушы ма еді.Қара телефонмен айырылмай жүргеніне тура 2 ай болыпты.Өмірі әлде қайда өзгерген.Күнін өткізіп,кешке қарай Қорлан екеуі бір-біріне есептерін айтады.Таныстық араластан,қазір жаным деп араласатын болған.Сұр бойдақтың қуанышында шек жоқ.Тіптен үйдегілеріне дейін айтып үлгерген.Талай сағат уақыттардағы жиналған батылдығын уыстап,Қорланды кездесуге шақырмақ болды.Бұған дейін де ол қызына кездеспеймізбе деп әзілдеп те шынайы да айтатын.Бірақ әр кез Қорланның сылтауы дайын тұратын.Шынымен де солай шығар,уақыты болай жүрген болар.Үйінде үлкен қайғы болып жүрген шығар деп өзін алдайтын.Бұл тек бойдақтың жүрегінде оянған сезімге мін жұқтырмау.Ал бұл жолы Абзал шын ниеттенді.Өйткені үш күннен кейін оның туылған күні.Өз мерекесінде өзіне сыйлық жасамақ ниетте.Қорланға хабарласып мән жайды түсіндірді.Қорлан осы жолы кездесуге келісті.Қанша уақыттан шатасса да бұл жолы бәрін қидым деді.Абзал туған күніне қызу дайындық үстінде.Қорланмен өткізетін күнді бүге-шегесіне дейін ойластырып қойған.

Кездесу күні туды.Жыл сайын әріптестерімен бірге туған күнін қарсы алатын Абзал биылғы туған күні жұмысына да бармады.Бар ойы Қорланды көру.Телефонның дыбыстағышынан шығатын дауысты жанды түрде есту.Махаббатымен кездесу.Күні бойы Қорланнан хабар жоқ.Тіпті туған күнімен құттықтаған да жоқ.Жігіттің көңілі алаңдаулы.Сағат жетіні тықылдатқанда Қорланнан қоңырау келіп түсті.Енді сәл кешіксе,Абзалдың шыдамы таусылайын деген еді.

-Жаным туылған күніңмен!

Абзалдың барлық күмәні,ашуы,қорқынышы осы үш сөзбен шайылып кеткендей.Негізгі жоспар бойынша бірінші кездесу орталықтағы паркте,содан керемет дизайнда,ас мәзірі де ерекше жасалған ресторанда жалғасу керек болатын.Қорлан еркелігіне басып,қаладан сыртта кездесуін өтінді.Жігіттік жүректі сүйген жан бағындыратыны анық емеспе.Келісті..Абзал тіптен естімеген бір адресті айтты.Жас ақыл тез жаттап алған болды.Такси ұстап сол адреске тартты.Жаңа салонды автокөлікпен зулатып келеді.Қаладан әлде қайда алыстап кетті.Абзал өзі аң-таң бұл да бір сылсам сый шығар дейді ештей.

-Балам ол жақта түнжарымда не жоғалттың?

-Қызыммен кездесуге бара жатырмын аға.

-Кездесетін басқа жер таппадыңдарма?

-Жоқ аға,бүгін менің туған күнім,жасаған тылсым сыйы шығар .

-Әй ХХІ ғасырдың жастары ай.Істемейтіндерің жоққой деді.

Абзалдың өзін осыншама бақытты сезінгені бірінші рет.Қолына қысқан телефонын қайта қайта сүйіп қояды.Өзін құдды бір талай жылғы тұманнан көзін ашқандай  күйде болды.Ойында алай дүлей тебірентіп,теңселіп,өзін қоярға жер таппай тыпыршып отыр.Діттеген жерге келді.Жан жағына жалтақтап қарап еді,кеш батып кетіпті.Таудың жоғарғы беті қызарып тұрма қалай өзі.Өз ұясына батып бара жатқан күнде ерекше түске боялған,аспандағы бұлттарда қара күрең  түспен боялған сурет секілді.Бәрі бәрі керемет ерекше бір ұйқас беріп тұр.Абзалдың ішкі сезімін,тебіренісін  Шәмшінің әнімен жеткізбесе,ешбір ақыннын сөз ұйқасы жеткізе алмайтын сияқты.Ішінен ыңырсып бір әуенге салды.Осындайда шіркін уақыт тоқтап қалады емеспе.Сағаттың тілдері жетіге жақындаған сайын тіптен қозғалмай қалды.

Жан жағына жалтаңдайды.Ешкім жоқ,алыстау беткейден бір жарық қана көрінеді,бір үй сияқты.Жолдың бойы да емес.Бірақ бұл жер Абзалға таныс.Бір жерден көрген секілді,бейне бір жайтты еске түсіретін сияқты.Кеш батқаннан ба,жел ақырын әуенге салып тұр,ал жүрегінің дүрсілі Қорлан деп әуендетуде.Қорланына хабарласқан еді,телефоны сөндірулі.Алдап кетті ау деп қояды.Бірақ жоқ,олай болуы мүмкін емес,оның олай істеуі мүмкін емес деп пәк ойы да өзін сабырлыққа шақыруда.

Сағаттың тілі жетіге келіге тақалып барып тоқтады.Қолындағы сағаты одан әрі соғуға қауқары жоқ,жүрегі де сондай жағдайда еді.Ескірген болатын.Ендігі бар үміті ғаламның ақылдысы ойлап тапқан төрт бұрышты ұялы телефонында.Сондағы бір ғана қоңырауды күтуде.Бірақ әлі үнсіздік,мырт тыныштық.

Сол тыныштықтан жан дүниесі алай-дүлей,көңілі алаңдаулы.Бойын билеген сезім оты ашуға айналып барады ма қалай өзі.Бір уақытта телефонына Қорланнан хабарлама келіпті,лезде ашып қараса бір суретті жіберіпті,астында «мен сені күтудемін»деп жазыпты.Бұл сурет осы маңайда түсірілген.Бірақ қай жер.Абзал біраз ойланып,барлық ашуын тиіп осы суреттің сызбасын іздеуге кірісті.Жалғыз адамның ізі салған жолмен бойлап жүріп келеді.Бір кезде суретте салынған картинканы тапқандай болды.Айналасында тірі жан жоқ.Алдында айдалада жалғыз өскен тал.Арт жағында адамдардың моласы.Түн қарайғанда  моланың қасына итермелеп келген неткен махаббат.Абзал кешкі бейне былай тұрсын,күнделікті зират атаулыдан қорқатын.Бұл кезең Абзалға екі есе қорқыныш ұялатты.Көзі шаранасынан шығып кетердей алайып кеткен,тек бір келеңсіз дауыс естілсе,әлде көрінсе жүрегі шынымен қорқыныштан тоқтап қалатындай күй кешуде.Біреу арттан қарап тұрғандай.Бірақ артқа қарауға батылы бармайды.Бар иманын үйіріп арт жағына қарайлап еді,ешкім жоқ.Тек жерде бірдеңе жатқандай болды.Қолындағы ұялы телефонының жарығын түсіріп жақындатып еді,жүрегі зірк ете қалды.Бұл гүл.Абзалдың гүлі.Кезінде дәмханада даяшы қызға ұсынған гүлі.Бұл қалай бұл жерге келуі мүмкін.Бұл сәйкестік те шығар.Абзалда рең жоқ,тек қана терең тыныстап гүлге қарай жақындап келеді.Қоршалған қорғаннан аттап өтіп,гүлге еңкейіп қараған еді шынымен өзі жасаған гүл.Бір үйілген топырақтың үстінде жалғыз жатқан,қағаздан жасалған гүл.Қасындағы марқұмның есімі жазылған тасқа қарай жақындады.Қадам басқан сайын аяғы жансызданып,басы тіптен бір дүние ойлайтындай күйде емес.Белгі тастағы жазу аздап өшкен сияқты.Жеңімен сүрте бастады.Қолындағы телефон жарығын тасқа беттеп оқуға ыталанды.Қорлан Әбішқызы 1992-2015 жыл.Руы(Қанжығалы)

Дәл осы жазуды көргенде көзі қарауытып,басынан біреу тепкіге салғандай,қолы аяғы жансызданып,тұруға мүмкіндігі жоқ,артқа қарай құлап түсті.....Басын ұстаған күйі жерде бүрісіп жатыр.Қалай былай болуы мүмкін.Менің махаббатым.Неге менн...Сол күн Абзалды қарғыс атқан күн болды.Сан саққа жүгірген ойлар санасын өртеп барады.Тізесін құшақтаған күйі моланың жанында жатыр.Тұрайын десе күш қалмаған.Аяғы,тіптен денесі өзінікі емес сияқты.Ал жан дүниесі басқа бір әлемде.Таңға дейін сол зираттың ішінде түнеп шықты.Таңғы намаздан кейін Абзалды мола күзетшісі тауып алып ауруханаға жеткізген болатын.Денесінде жан жоқ,түрі де бозарып кеткен.Тірі өлікке айналған.

-Неге сонша жас жігіттің тағдыр жолы ауыр болды екен.Жаны басқа әлемде,денесі осында-деген дәрігердің сөздері барған сайын ата-анасының жүрегін сыздатып барады.

Абзал ақырын дем алып жатыр,жымиып та қояды.

Тазалықпен өткен темірдей жігіттің бұл фәнидегі өміріне нүкте қойылды.Тек Абзал анау дүниеде Қорланмен қосылды.Бақытты.Жігіттің өзіндік бір арманы орындалды,тек ата-анасына келіндерін көрсете алмайды.Өкінішті,бірақ түбі бір көретіні анық.

Оқиға  шынайы өмірден алынған.Абзал әлі күнге дейін басқа әлемде.Ал деректер бойынша мына өмірде,Қорлан екеуі бір бірін көрген.Тек таныс болмаған,бір рет емес бірнеше рет жолдары түйіскен екен.Бірақ бірінші қадам еш жақтан болмаған,үшінші кездесоқ кездесуден кейін Қорланды жолда көлік қағып мерт қылған.Алла ер мен әйел адамды бір-біріне тең қылдырып,және екінші жартысын міндетті түрде жаратады екен,тек келген мүмкіндікті жібермеуі керек.Абзал болса үш бірдей мүмкіндікті жіберген,содан жалғыздықпен сол жартысын аңсаған,жан тәнімен тілеген.Алла сол тілегін қабыл етті,ал екі ғашықтың бір-біріне деген тартылыс күші әлі күнге дейін зерттелмеген ғылыми құпия.

 

 

 

                                                                                       Авторы:Уатхан Қабылтайұлы