«Трио в перьях» - балаларға базарлық

«Трио в перьях» - балаларға базарлық
жеке
блог

Өткен аптада барлық кинотеатрларда «Трио в перьях» мультфильмінің көрсетілімі басталды. Ал алдын ала көрсетілім “Star Cinema” мен “Meloman Afisha” компаниясының ұйымдастыруымен өтті. Киноға келген балалар аниматорлармен ойнап, сурет салып, тәттілерге қарық болды.

Ал мультфильмге келер болсақ, «Трио в перьях» өте қызықты. Құстардың өмірі жайлы баяндалатын мультфильмде достық тақырыбы жақсы көрсетілген. Үкі, торғай, тотықұс аяқ асты кездесіп, алға қойған мақсатқа бірге жетеді. Мақсатқа жету жолында бұл үштік неше түрлі қызықты жағдайларға тап болады. Мультфильмді дыбыстаған Филипп Киркоров, Полина Гагарина, Алексей Воробьев өз дауыстарымен басты кейіпкерлердің мінез-құлқын аша білген секілді. Алты жастағы баладан бастап алпыстан асқан қарияға арналған бұл мультфильмді міндетті түрде көру керек деп ойлаймын.