Қашықтан жұмыс істеу жүйесі немесе үйде отырып жұмыс істеу туралы
жеке
блог

Қашықтан жұмыс істеу жүйесі немесе үйде отырып жұмыс істеу туралы

Сәлем, құрметті оқырмандар. Халықты жұмыспен қамту қазіргі уақытта үлкен мәселелердің бірі және Қазақстан халқының 4-5% жұмыссыз қатарында. Бүгінгі блог бұған емес, керісінше қазіргі уақытты қалыптасып келе жатқан жұмыс істеу жүйесі туралы болмақ. Егер сіз де жұмыссыз жүрен болсаңыз, құлағыңызға алтын сырға. 

Бұл аталған жүйе – қашықтан жұмыс істеу. Бұл негізі ғаламтормен байланысты, осы жүйе арқылы офиске бармай, тікелей үйде жұмыс істеуге болады. Орысша айтқанда “Удаленная работа”. Әрі қарай осы туралы әңгіме қозғайық, себебі бұл жұмыссыз жүргендер үшін өте пайдалы. 

Қазіргі заманда кейбір мамандық түрлеріне сұраныс жақсы, ал кейбіріне сұраныс төмен. Қашықтан істеуге болатын мамандықтарға сұраныс жақсы. Мысалы егер сіз дизайнер, аудармашы немесе бағдарламашы болсаңыз қашақтан жұмыс істеу аласыз. Бұл әрине бәрі емес, тек осы блогты жазып отырған кезде ойға түскендері.