жеке
блог

Оқығым келер кітаптар

Анардың "Эстафета. Мен ұсынатын үш кітап" атты постын оқып, осы постқа себепкер ой жарық көріп отыр. 

Мұхтар Әуезовтың "Абай жолын" оқығым келіп жүр. Күлерсіз, осы уақытқа дейін қалай ғана оқымағансың деп ұрсарсыз, бәрібір :)). Мектеп бағдарламасы бойынша әрбір оқушы оқуға міндетті кітап болса да, емтиханда білдей бір сұрақ осы шығармаға негізделген болса да, шыны керек, оқымағанмын. 

Оқимын деп талпындым, оны жасырмаймын. Бала Абайдың оқудан қайтып келе жатып, елге деген сағынышымен қырат басына шауып шыққан жеріне дейін оқыдым, болды. Әрі қарай жүрмеді. Таусылмайтын пейзажды оқудан жалықтым ғо дим, әйтеуір тартпады. Оның үстіне, ол кез батыс авторларына бет бұрған, А. Дюма мен А. Кристидің шығармаларын іздеп, кітапхана, сол кітаптар бар таныстарды аралап жүрген кезім болатын. 

Соңғы уақытта байқаймын, менде осы қітапқа деген қызығушылығым артып жүр. Оған мынау себеп болды деп те айта алмайды екенмін, санамның түпкі бұрышындағы бір ой айтады да дайынсың оны оқуға деп :)). Ендігі шаруа уақытын белгілеуде болып тұр. 

Екінші бір оқығым келіп жүрген кітап, "Махатма Гандидің шығармалары" жинағы. Бұл енді жақын арада оқылатын кітап, себебі жақында жолға шыққанда оқимын деп алып қойдым. Еш қарусыз еліне азаттық алып берген кісінің шығармашылығы қандай екен деген қызығушылығым зор, оны жасырман. 

Келесі бір оқығым келер кітап, "Джавахарлал Неру еңбектері". Үндістанда жүргендігім бар, индустарды өмірде көріп жүргендігім бар, бұл кісі қай қасиетімен артынан халықты ерте білді екен деген қызығушылығым.  

Ендігі бір оқимын дегенім "Інжіл". Содан кейін Дария Донцованың кітаптарымен үзіліс жасау :)))

Ал сіз қандай кітап оқығыңыз бар? 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда