Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы

Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы

Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы

Тақырыбы «Тәуелсіздік  -елімнің ерлік жолы » тарихи танымдық кеш

Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін көрсету, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту.

1 жүргізуші: «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» – деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады. 

1 жүргізуші:«Оқысаңыз балалар шамнан шырақ жағылар» – деп Ыбырай атамыз айтқандай ендеше талай ханды, елбасыларды туғызған қазақтың қасиетті ауылдарының бірі ретінде білім ордамызда өткелі отырған «Тәуелсіздік  -елімнің ерлік жолы »  атты                          

5-10сынып оқушылар арасындағы тарихи кешімізге  қош келдіңіздер.                                                                                                       2 жүргізуші                                                                         

Біз-қазақпыз!

Есігі-ашық,төрі-кең,

Жылап өттік жылдар өмір өрінен

Жетер енді,желпінейік,қарайық,

Мына өмірге иегердің көзімен.

    1-жүргізуші:

Жағасына жауының жетіп қолы,

Тартып алған Тәуелсіз күшпен өткен.

Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы,

Олжа емес салбырап түскен көктен.

Қуаныш аралас қасіретпен,

Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.

Еркіндігін ерлігін сақтау үшін,

Талай ердің бұл жолда басы кеткен.

Бір минут үнсіздік жарияланады.

 /Қ. Р. Гимні орындалады./

2 жүргізуші  

 Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме 
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып, 
Жандырған ой-қиялды қалың күйік 
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға 
Тербеліп ырғағына тамылжиық

күйі. Орындайтын:  5ә сынып оқушысы Елнұр

1 жүргізуші Тарихқа көз жүгіртсек,қазақтың нағыз батыр халық екенін мойындайсың.Жүгі-нарда,қазаны теңде болып,көшіп қонып өмір сүрген ата бабамыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген.Ол-ел,жер және ана тілі.Халқының тәуелсіздігі үшін отқа түсіп,даңқы жер жарып,аты аңызға айналған ерлер кімдер еді?

2 жүргізуші Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап,тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты.Бүгінгі Тәуелсіздікке дейінгі аралықта халқымыздың сан ғасырлық аумалы-төкпелі тағдыры,арманы мен аңсары,арпалысқа толы күресі жатыр.Іштей булыққан бұлқынысы мен өкініші,жеңістері мен жеңілістері жатыр.Бүгінде Алтай мен Атырау,Сыр мен Тобыл арасындағы байтақ өлкеде орын тепкен Қазақстан Республикасы ежелден қалған ұлы істердің,ұлағатты дәстүрлердің,іргелі мемлекеттердің заңды мұрагері болып саналады.Әдетте,біз қазақ ұлысының қалыптасуымен,Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандардың есімімен байланыстырамыз.Бұл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі болғаны рас.

   1-жүргізуші:XVII ғ. 20 жылдары жоңғарлар Жетісу арқылы Қазақстанға баса көктеп кірді.Қазақ халқы 100 жылдан астам уақыт жоңғарлармен күрес жүргізді.1723 жылы басталған қазақтардың босуы «Ақтабан шұбырынды»деп аталды.Қаһарлы жаудан үріккен бейбіт халық шұбыра көшіп,қырғынға ұшырады.Қазақ батырлары жоңғарлардың шапқыншылығына қарсы табан тірескен күрес жүргізді.Бұл күрес қазақ халқының өз бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы бүкіл халықтың күресіне айналды.

    2-жүргізуші:

 Қазақ ұлты тарихында көптеген қиындықты бастан кешті,аяусыз шабуылға ұшырады,қырғыннан-қырғынға,босқыннан-босқынға талай азапты көрді.Дегенмен «тәуелсіз» деген мағынаны білдіретін «қазақ» деген атына сай әрқашанда азатыққа қол жеткізу үшін талпынды,осы жолда күресті һәм шайқасты.Талай батырларымыз бен ұлт қайраткерлеріміз халқын бостандық таңына жеткізуді армандап жанын пида етті,шаһид болды,арманда кетті.Қазақ «мың өліп,мың тірілсе де» қазақ болып қала берді,әр ұрпақ өзінен кейінгілерге тәуелсіздікті арман етіп,ұлттық мақсат ретінде аманат етті.

   2 оқушы: Тарихқа көз жүгіртсек,қазақтың нағыз батыр халық екенін мойындайсың.Жүгі-нарда,қазаны теңде болып,көшіп қонып өмір сүрген ата бабамыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген.Ол-ел,жер және ана тілі.Халқының тәуелсіздігі үшін отқа түсіп,даңқы жер жарып,аты аңызға айналған ерлер кімдер еді?

   3 оқушы: Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап,тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты.Бүгінгі Тәуелсіздікке дейінгі аралықта халқымыздың сан ғасырлық аумалы-төкпелі тағдыры,арманы мен аңсары,арпалысқа толы күресі жатыр.Іштей булыққан бұлқынысы мен өкініші,жеңістері мен жеңілістері жатыр.Бүгінде Алтай мен Атырау,Сыр мен Тобыл арасындағы байтақ өлкеде орын тепкен Қазақстан Республикасы ежелден қалған ұлы істердің,ұлағатты дәстүрлердің,іргелі мемлекеттердің заңды мұрагері болып саналады.Әдетте,біз қазақ ұлысының қалыптасуымен,Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандардың есімімен байланыстырамыз.Бұл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі болғаны рас.

   Тарихи қойылым: Керей,Жәнібек сұлтандарының халықпен ақылдасуы.

  Керей: О,халайық,халқымыздың басына қиын-қыстау кезеңдер келді.Әбілхайыр хандығы құлдырау үстінде.Шығыстан төнген жауға әйел,бала-шағамызды құлдыққа бермейміз.Осы мәселені бірлесіп шешкен жөн.

  Жәнібек: Ел болып,өз жерімізге басқару жүргізетін кез келді.Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кезең.Осы кезді пайдалана алмасақ,енді басымыз бірікпеуі мүмкін.Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын араңдай ашып тұр.Олардың қолына түсіп,талан-тараж болып кетуіміз де мүмкін.Қазақ деген атпен жеке-дара мемлекет құрайық.

   Халық дүбірлесіп,талқылауда:

   Сұлтандардың айтқаны жөн... Ия,жеке мемлекет құрайық,мемлекет қазығын қазатын кезең-осы...

   Жәнібек: Ендеше,қазақ руларының игі жақсыларын жинаңдар.Хан кеңесін өткізейік.Қазақ рулары ендігі жерде бір тудың астында біріккен қазақ мемлекеті болсын.

 

   Оқушы: Бабамыздың мұңысың сен,домбыра,

Анамыздың сырысың сен,домбыра.

Қазағымның жүрегінен жаралған,

Даламыздың үнісің сен,домбыра.

   Оқушы: XVII ғ. 20 жылдары жоңғарлар Жетісу арқылы Қазақстанға баса көктеп кірді.Қазақ халқы 100 жылдан астам уақыт жоңғарлармен күрес жүргізді.1723 жылы басталған қазақтардың босуы «Ақтабан шұбырынды»деп аталды.Қаһарлы жаудан үріккен бейбіт халық шұбыра көшіп,қырғынға ұшырады.Қазақ батырлары жоңғарлардың шапқыншылығына қарсы табан тірескен күрес жүргізді.Бұл күрес қазақ халқының өз бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы бүкіл халықтың күресіне айналды.

   Оқушы: Қазақ ұлты тарихында көптеген қиындықты бастан кешті,аяусыз шабуылға ұшырады,қырғыннан-қырғынға,босқыннан-босқынға талай азапты көрді.Дегенмен «тәуелсіз» деген мағынаны білдіретін «қазақ» деген атына сай әрқашанда азатыққа қол жеткізу үшін талпынды,осы жолда күресті һәм шайқасты.Талай батырларымыз бен ұлт қайраткерлеріміз халқын бостандық таңына жеткізуді армандап жанын пида етті,шаһид болды,арманда кетті.Қазақ «мың өліп,мың тірілсе де» қазақ болып қала берді,әр ұрпақ өзінен кейінгілерге тәуелсіздікті арман етіп,ұлттық мақсат ретінде аманат

              Тарихи көрініс: 9ә оқушылары

   Абылай: Уа,халқымның көсемдері,осынау қиын-қыстау заманда ел басына «жоңғар» деген атпен қара бұлт төніп тұрған жағдайда,халықты біріктірер қариялар өзіңіздер.Маған сіздердің ақыл-кеңестеріңіз керек.

     Төле би: Дұрыс,ел болып біріксек,ешқандай жау бізді ала алмайды. «Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса,төбедегі келеді»

     Қазыбек би: Әр руға шабандоздарымызды жіберейік,халыққа хабар айтсын.

     Әйтеке би: Жөн! Ел ішінен қол жинауымыз керек.Рулар арасындағы кикілжіңді артта қалдырып,айбарлы батырларымыздың басын біріктіріп,қас жауымызға қарсы шығайық.

     Бұқар жырау:

     Армысың,Абылай?!

     Абылай хан:

     Армысыз,Бұқар баба?!

    Бұқар жырау: Біз бармыз-ау,хан ием.Қазақтың халын айтсаңдаршы,сол мендегі зар,сол мендегі зыпыран...Қандыауыз жоңғар қазағымды құл қылғысы келеді.Қызымды басыбайлы күң,ұлымды мұрны тесілеген құл қылмақ.Қайран қазақтың  халі өте нашар,Абылай. «Берекесі жоқ елдің,бірлігі жоқ».Не қылмақ ойың бар,а,Абылай?

   Абылай:

   Бұдан былай қазақ Абылайдың туы астында жиналуы керек! Қазақтың халі қыл үстінде тұр,ағайын!

                                                        Мен қазақпын

Желдей еркін,түздей кең,таңдай азат,

Мен қазақпын дегенде қандай ғажап!

Мақтан етсін халықтар халықтығын,

Жетер сан жыл шеккен малдай азап!

«Қазақпын» досқа айтам ұғысатын.

Мақтан етсін атақты туыс атын.

«Қазақпын» деп жауға айтам қасақана,

Біліп қойсын болса ойы жұғысатын...

 

Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,

Қайта тудым,өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңге өлмеске,

Айта бергім келеді,айта бергім...

 

 

2 жүргізушіӨткен ғасырдың басында тарих сахнасында: «Оян қазақ!»-деп жар салған зиялылардың жаңа шоғыры шықты.Дербес мемлекет құруды аңсап,азаттық жолында бастарын бәйгеге тіккен.Алаш қайраткерлерінің бәрі де тоталитарлық өкітемдіктің құрбаны болды.Отаршыл жүйенің озбырлығын көрген қазақ халқы отызыншы жылдардағы зобалаң тұсында орасан нәубетке ұшырап,қынадай қырылды.Сол кезде саны алты миллион қазақ халқы бірер жылдың ішінде тең жарымынан айырылды.Көшпелілігі аштықтан өлді,қалған қазақ айдалып кетті,атылды,жер аударылды.Сәкен,Ілияс,Бейімбет,Тұрар,Мұстафа,Әлихан,Ахмет  ағаларым сол нәубеттің құрбаны болды емес пе:

10 ә оқушылары  шежіре сыр шертеді.

10ә оқушысы Туратай  Айсултан  орындауында  ән

 

1-жүргізуші: 
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
  9 ә оқушысы Лаура орындауында  ән

2 – жүрізуші: Иә, «Жеңіс» бізге оңай келген жоқ. Бұл қасіретті соғыста 70 миллион адам құрбан болса, соның 25 миллионынан астамы Кеңес Одағынан, ал 650 мыңнан астамы қазақ болды. Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін деген ұран әр адамға жалынды күш берді. Кеңес Одағының батыры атағын алған Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов сияқты ағаларымыз болса, Әлия мен Мәншүк сияқты апайларымыздың ерлігін ешқашан  ұмытпаймыз. 500 – ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 

 5ә  сынып  оқушылары   ерліктерін айтқызу сурет ұстап тұрып

Жамбыл атамыздың туған күніне орай өлеңдекр оқу

7Ә сынып оқушылары  орындауында  әдеби  монтаж

1 – жүрізуші: Иә, тарих қойнауыңда тағы да бір кезең. Ол 1986 ж. 16 желтоқсандағы Алматыдағы  қазақ  жастарының көтерілісі еді, Желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбекова, Ербол Сыпатев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова т.б. жастарымыз тәуелсіздік жолында құрбан болды.

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
ортада  9 а  сынып  оқушылары  Видео көрсетіледі

Желтоқсандағы шындық

(Мұхтар Шаханов) 

 

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын жас Қайратым, жас өркені халқымның,

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың.

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның.

Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің,

Уақытыңның талабына дөп келсе де ұраның.

Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.

«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыпталдың ұланым,

Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғанша,

Керең болып қалмады екен, неге менің құлағым.

Айналайын, айналайын, жас Қайратым, қыраным!

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,

Намысыңды жықпай өттің нәубет дүлей маусымнан.

Жасып қалған шақтарымда қуат алдым бойыма,

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Жә, не деген нүктесі көп, бүкпесі көп өмір ең,

Төрт жыл өтті шындық күліп шыққанынша көгінен.

Оқ бойы озып тұрыпсың – ау, сол аумалы кезеңде – ақ,

Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің көбінен.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, Лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

1-жүргізуші: Қазақстан салтанатты жарасқан! Бір отбасы, бур туысқан бір-біріне қарасқан!Қазақстан-бүгін,міне,достықтың туын тіккен жер.Мәуелі бақтай жемісін шашты ұлыстар,бір кісідей маңдай терін төккен жер.

2-жүргізуші«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол-Тәуелсіз Қазақстан» деп Елбасымыз айтқандай,кең-байтақ Қазақстан-туған өлкеміз,оны сүйіп,құрметтеу-барлығымыздың парызымыз.Елабасымыз-Қазақстан елін дамытып,одан ірі өркенденуіне басшылық етіп отырған ерекше тұлға.Біз Елбасымызды әрқашан мақтан тұтамыз

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші,ағайындар-бәріміз.

«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз-біздердің піріміз де әніміз.

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын

Президентім-Елбасы,аман болғай,

Мәңгі жаса,жас қазағым,өр халқым!

 

 Мәңгілік ел слайд  

Ән   Көк тудың желбірегені 9а сынып оқушысы Әдемі

2-жүргізуші. .Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын әрқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.
Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз мәңгілік ел болу арманы,- деп

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Ақындар мен батырлар елі » арналған тарихи кешімізді  аяқтаймыз. Ендігі сөз кезегін кешіміздің арнайы қонақтарына береміз. Келгендеріңізге  рахмет.

 

56 1
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 19 мамыр, 09:13
Пікірлер
Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...