Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ұялып, кейін күлетін болдым...

Ұялып, кейін күлетін болдым...

Ұялып, кейін күлетін болдым...

Кішкентай кездегі қылықтарыңызды әр жиын сайын айтып бір ұялтып алатын сәттер сізде де болар. Менің жадымда жатталып қалған  үш оқиға бар. Менің туған күнім, нағашыларымның үйіне барған сайын, біздің үйдегі әр қонақтықта соның бірін айтпаса, күндері көңілсіз өтетіндей көрінетін маған... Басында қатты ұялатынмын, кейін оларға қосылып өзім күлетін болдым.

54

1)Менің еміс-еміс есімде, бірақ, жылына 100 рет еститін мына оқиғаларды еске түсірген сайын күлкім келеді.Мамам (әжем)  киім үтіктеп отырған. Түсі есімде қалыпты,жасыл,  жұқа , жазға киюге арналған сәнді көйлегі бар болатын. Баппен, байыппен,  күйдіріп алмайын деген оймен болса керек, әйтеуір, ұзақ үтіктеді. Бір кезде кіре берістен атамның дауысы естілді. «Роза,әй, Роза....».  Үтікті тоғынан суырып, мамам жүгіре жөнелді. Ал, мен отырмын. Жоқ-жоқ, бұл отырыс жарамайды. Бардым да, көйлекке үтікті қойып, кері көтердім. Нәәәән қара дақ, анау-мынау емес үш бұрышты, сол жылдардағы үсті қара, асты темір, салмағы 10 кітап салынған сөмкедей сол үтіктің ізі көйлектің шетіне тайға таңба басқандай түсіпті. «О, Құдайым, мамам өлтіреді...» Солай ойладым-ау деймін, үтікті кілемнің үстіне жатқызып , төсік жиналған сандық пен шкафтың қуысына тығылыппын.  Үйдегілер ұзааақ іздеп, ұйықтаған күйімде тауып алыпты. Ал, үтіктен бе, әлде менен бе кім білсін, әйтеуір жапа шеккен кілем қырдағы (мал ұстайтын ауыл) сарайда тұрғанын 2-3 жыл бұрын көрген едім....

2) Нағашыларым мені «Барбарис» деп атайды. Неге екенін сұрамадым, өзіме ұнайтын болған соң ештеңе демедім. Нағашылардың ауласында үлкен бақ болатын. Бәрі бар... Қауын,қарбыз, қияр, қызанақ... Жалғыз қызымнан тараған жиеніме деп ата мен әже бар жақсыны бізге сақтап қояды, әрине.  Қыдырып барған сайын, баққа кіріп алып, үлкен «пакетке» қауындарды жинай бастайды екем. «Мынау Айдарбек тәтеге, мынау Арсен тәтеге, мынау Равиль папаға...»,-деп папамның бауырлары үшін толтырып қауын салып алып, ақыры өзіммен алып кететін болыппын.  Ал осыдан соң қалай ұялмайсын?!)

3) Жасы 2-3 келіп, шауып жүрген Томирис 16-17 жасар ағалары үшін әжем тығып тастайтын тәтті мен олардың асқазандары арасындағы қыл көпір еді. Бастысы мені режітпеу керек. Ағам осыны әлі күнге дейін есі кете күліп айтады. Сізде күліп алыңыз... Апам (туған анам) «пирожки» пісіріп жатса керек. Ал, ағамда оны алуға мүмкіндік жоқ. Қарны шұрылдап не істерін білмей тұрғанда, жылап-жылап қазаннан түсісімен, қағазға ораттырып, үрлеп суытып алған Томирис ханшайым пирожкиді қолына ұстап шыға келеді. «Бір тістейінші...». Аға көңілін бала жүрек қисын ба,  «мә»-деп ұсынған пирожкиді әрі тартып, бері тартып ағам үзе алмай қойыпты.  Бетіме қарап, көзімнен аққан мөлт-мөлт еткен жасқа қарап не болғанын түсінген ағам бірден қаша жөнеледі.  Солай саусақтан айырыла жаздадым. Пирожки мен саусақты жұтпақ болған ағам «Бір тістейінші...» деген өтінішін ұзақ уақыт айтпапты.

 

Одан бөлек талай әңгімелерінің кейіпкері болдым. «Мен ерке емеспін» - деп мойындамаймын. Бірақ, үйдің үлкені ғана емес, немеренің тұңғышы болып, бәрінің алданышы болған кішкентай қыз қалай еркелемесін?! « Өмірі жыбыр-жыбыр, тентексің!»-дейтін әженің құшағында өскен қызды қалай еркелетпесін?! Машинаның алдынғы орнына «қызым отырады»,-деп, қалған немерелерін артқа жіберетін атасының қасына жатып, маңдайын иіскететін қыз неге еркелемесін?!

Бірінші рет және соңғы рет өзімді «ерке қыз» деп атаймын... Өйткені, өмір еркелікті көтере бермейді.

P.S 15-мамыр отбасы күніне жазылған естелік-блог болатын.

 

 

 

 

990 2
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 18 мамыр, 04:28
Тегтер: қызық оқиға, балалық шақ
Пікірлер
+1
26 мамыр, 16:54

Сен де ата-әжеңнің қызы екенсің ғой. Массагетте менен басқа төрт қыз да ата-әжесінікі.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...