ҚАЗАҚқа!

ҚАЗАҚқа!
жеке
блог

Ел ішінен шығып жатыр жемқорлық,
Үкіметтен көріп жатыр ел қорлық.
Кімдер үшін кімдер үшін қазағым,
Сырты бүтін іші түтін ел болдық.

Ел ішінен шығып жатыр азғындық,
Бірімізді бірімізге қас қылдық.
Елдің жайын ойлағанды көре алмай,
Ел ішін-ау азғырды деп жазғырдық.

Ел ішінен шығып жатыр шалалық,
Қайда кеткен бабам салған даналық.
Елден ізет,иман кетті бұл күні,
Қайда кеткен бөріге тән даралық.

Қайда кеткен қазақтағы шаңырақ,
Қалдық неге жетім құсап жамырап.
Ата-бабам аманат қып қалдырған,
Қазағым деп Отан қалды қаңырап.

Ол аз болса мүшкіл боп тұр сыртың ау,
Мазағына айналдық-ай кімнің-ау.
Батыр қызың қорлық көрді өзге елде,
Хас ерлігі тапталды ғой сұмдық-ау.

Қор қылды ғой азат елдің ерлігін,
Өзге елге жүрмей жатыр елдігің.
Қазақ қыздың ескерткіші қор болса,
Жаһанға ғой көрінгені кемтігің.

Мәншүк батыр кешіре гөр ұлтыңды,
Абыройыңды таптатқан-ау бұл күнгі.
Бұл еліңнен шығып жатыр мың мінез,
Қазақ "ҚАЗАҚ" болып тұр ғой түр-түрлі.

ОЯН ҚАЗАҚ! Батыр қызың қорланды,
Таптап жатыр ҚАЗАҚ деген заңғарды.
Көкбөрінің ұрпағы егер біз болсақ,
Оятайық іште жатқан арланды.

Жалғас ӘЛІМҒАЗЫ.