Голбол ойынынан турнирге дайындық басталып кетті

Голбол ойынынан турнирге дайындық басталып кетті
жеке
блог

Ағымдағы жылдан бастап, Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» және «Алматы жастарының конгресі» ұжымдық қорларының ұйымдастыруымен «Кедерісіз болашақ» жобасы бастау алды.Мақтауға тұрарлық бұл жобаның мүмкіндігі шектеулі жастарға берері мол. Бұл жоба 14-29 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жастарға қолдау көрсету, білім деңгейін көтеру, денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын ұстана отырып спортқа бейімдеу және қоғамды кедергісіз болашаққа айналдыру мақсатында жүзеге аспақ. «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында мамыр айында көру қабілеті бұзылған жастар арасында голболдан турнир өткізу жоспарлануда. «Жігер» қоғамдық қорының қолдауымен 19 сәуірден бастап голбол ойындарының дайындық жұмыстары Қазақ спорт және туризм академиясында аптаның сәрсенбі және жұма күндері 14.00-16.00 аралығында өткізілуде. Голбол – командалық спорт түрі (2 команда), бір командада үш спортшы ішінде арнайы қоңырауы бар доппен ойнайды. Доп лақтырылған кезде шыққан дауысты ести отырып допты өз қақпасына кіргізбеу керек, сәйкесінше қарсылас команда қақпаға допты кіргіу керек. Спорттың бұл түрі 1946 жылдан бастап екінші әлемдік соғыс ардагерлерін сауықтыру мақсатында құрылған болатын. 70 жылдардан басиап Параолимпиада ойындарына кіреді. Голбол көру қабілеті бұзылған жандар арасында өте танымал ойын түрі. Голбол бойынша Еуропа және әлем чемпионаттары өткізіледі. Қазақстанда да бұл спорт түрі енді дамып келеді. Голбол ойынының турнирін өткізу арқылы денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға адаптациялануына, денсаулық жағдайының жақсаруына өз септігімізді тигіземіз деген сеніміміз мол.