Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мен бір жұмбақ жан емеспін...

Мен бір жұмбақ жан емеспін...

Мен бір жұмбақ жан емеспін...

Өзің жайлы қысқаша мәлімет   

Сматуллаева Айгерім Қайруллақызы 1992 жылы желтоқсан айының 1-ші жұлдызында 1кг. 700 гр. болып сағат оннан он бес минут кеткенде( анамның айтуынша) дүние есігін ашқанмын. Руым – Қожа. Өз отбасымды үлгілі отбасылар қатарына  жатқызамын. Атам –Ұлы Отан соғысының , ал әкем – Ауған соғысының ардегерлері, анам – ақ халатты абзал жандардың бірі. Өзім жақсы көретін үш бауырым бар.


Хоббиің не?  

Гүл өсіргенді жаным сүйеді. Поэзия оқыған ұнайды. Театрға барғанды өте-өте қатты жақсы көремін!

Қай елге саяхат жасағың келеді?

Мұсылман елдерін аралағым келеді. Меккеде,  Мәдинада болсам деймін. Және Үндістанда болып Тәж-Махалды көзіммен көргім келеді.

Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс,жануар,жәндік,планета)?  

Гүл болғым келеді... Иә, кәдімгі – гүл! Гүлдер деген керемет қой. Күнә атаулыдан пәк. Адам жанына үнсіз ғана қуаныш сыйлайды да, ешкімге зиянын тигізбестен солады да жоқ болады.


Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

Адам болып туылған соң, адам болып өмір сүріп, адам болып өткім келеді.

Өмірлік ұстанымым:

Махаббатпен жаратқан адамзатты

Сенде сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы деп әділетті

 

Кімді жақсы көресін (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Көктемімді күтіп жүрмін...

 

Сүйікті әншін, әртісін, саясаткерін (былайша айтқанда кумир) неге ол адам? 

Мейрамбектің әндерін сүйіп тыңдаймын. Бекболат Тілеухановты құрметтеймін.  Аллаһтың  Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбарымыздың істерін үлгі тұтамын.  

Сүйікті спорт түрі? Сүйікті кино? неге дәл осы кино?

Волейбол ойнағанды , футбол көргенді ұнатамын. Футбол көрсем демалып қалатыным бар. Тенис ойнап үйренгім келіп жүр. Үнді киноларын сүйіп көремін. Үнді киноларындағы махаббатқа, отанға,  деген адалдық мені таңқалдырады. Сонымен қоса «Спеши любить», «Мистер и Мисс Смит»  фильмдері көңілімнен шықты.

Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың) 

Ер мен әйелдің арасында сыйластық болса, басшының керегі жоқ сияқты. Дегенмен әйел адамның ер адамнан төмен болғаны дұрыс. Шариғатта да солай делінген.


Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Әйелдің қолында болған дұрыс секілді. Әрине ол  ақылды болса....

Самат ағаның сауалына жауап:

Адам баласының жүрегінде иманы болса, ол  жанның бойына барлық жақсы қасиеттер ұялайды деп ойлаймын. Адамгершілік, инабаттылық, мәдениеттілік, уәдеге беріктік...Кез-келген адам махаббаттың, достықтың, жақсылықтың қадірін білсе екен деймін. 

Эстафета таяқшасын Фараби Арыстанбекке беремін!

 Анкетаны ұсынатын адамға қояр сұрағым: Адамаға махаббат өмірде  бір ғана рет беріле ме? Неге олай ойлайсыз?

3406 25
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 18 мамыр 2012, 16:02
Тегтер: эстафета, анкета кезексөзі
Пікірлер
+0
18 мамыр 2012, 16:31

Ма ша Аллах! Разымын саған ЖАНЫМ!

+0
18 мамыр 2012, 16:33

Қашан қоясыз Жаным деуіңізді! Болашақ дарыңыз Сәуледен ұят болды ғой! ;) ;)

+0
18 мамыр 2012, 16:35

бір нәзіктік байқалады жазбадан))) керемет жан екенсіз :!:

+0
18 мамыр 2012, 16:37

Өзіңіз қызғалдақ болған соң жақын тартқан шығарсыз...Гүл болсам, қызғалдақтармен дос болушы едім... ;)

+0
18 мамыр 2012, 16:36

поезиядан кімдерді оқисың Айгерім

+0
18 мамыр 2012, 16:38

Қалқаман Сарин, Назира Бердалы, Фариза, Күлаш апаларды және Мұқағалиді сүйіп оқымайтын қазақ жоқ шығар!

+0
18 мамыр 2012, 16:38

гүлге айналмашы :cry:

+0
18 мамыр 2012, 16:38

Мені ешкім айналдырайын деп жатқан жоқ сиқты! Әзірге қорықпашы!

+0
18 мамыр 2012, 16:39

Луизаның образында айтып отырмын :D

+0
18 мамыр 2012, 16:41

ааааа, ол есімнен шығып кетіпті! :?

+0
18 мамыр 2012, 16:39

Шала туғансыз ба?

+0
18 мамыр 2012, 16:42

Солай сияқты, анам өте әлсіз болғансың дейді ғой, қатты ауырған екенмін, дәрігерлер қызың адам болмайды деген көрінеді

+0
18 мамыр 2012, 16:44

Фарааааааа! Эстафета таяқшасын қағып алуды ұмытпаңыз!

+0
18 мамыр 2012, 16:49

ойбау, мынаны оқып қыз баласын аяп кетем...сөйтсем олар бізді аяйды екен ғой :) :) :)

+0
18 мамыр 2012, 16:51

:lol: Сізден жақсы бір жазба күтемін! өзіңіз қандай ерекше жан болсаңыз, жазбаңыз да сондай ерекше болсыншы!

+0
18 мамыр 2012, 17:32

Бірінші суретті не істеп тастағансың? )) Пысық, әрі нәзік қыз! Осы қалпыңнан тайма! )

+0
18 мамыр 2012, 21:27

ия, пысық қыз )

+0
20 мамыр 2012, 14:50

Ұялыыыып қалдым ғой :oops:

+0
20 мамыр 2012, 14:49

Тақырыпқа сай суретті жасаған түрім ғой)))))Сіз айтсаңыз таймауғ тырысамын!

+0
18 мамыр 2012, 23:15

"Біз" сияқты емес, өзіңе тән нәзіктік бар, жазбаларыңнан да байқалады... ;)

+0
20 мамыр 2012, 14:50

"Сіз" қандайсыз сонда?

+0
17 ақпан 2013, 21:29

да расыменде аздап уқсас екенбіз))Менде Мейрамбект3 жақсы көремін)))

+0
20 ақпан 2013, 16:14

маған қатты ұнады.Сізбен дос болғым келеді)) :D

+0
20 ақпан 2013, 16:24

әрине, болайық, болайық! :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев