Уилл Смит қазақша сөйлемек....

Уилл Смит қазақша сөйлемек....
жеке
блог

"Қара киімділер 3" – жердегі өзге ғаламшарлықтардың қызметін реттейтін құпия ұйымның қызметі туралы фильмнің жалғасы. Уилл Смит пен Томми Ли Джонстың шытырман оқиғалары киносүйер қауымның көңілінен шыққалы қашан. Бұл жолы Қара киімділерді қазақстандықтар  - қазақ тілінде тамашалайтын болады.  Айтакетерлік бір жайт бұл фильм түпнұсқадан яғни ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аударылып отыр.  Жылдам сөйлейтін Уилл Смиттің дауысын Азамат Қанапия дыбыстады.  Азаматтың дауысы қазақ киносүйер қауымына тансық емес. Голливудтық фильмдердің қазақ тіліне  дыбысталуы 2011 жылы Уолт Дисней студиясының «Көліктер-2» мультфильмінен бастау алған болатын. Бүгінде Қара киімділер – 3 -  өз тілімізге аударылған   екінші жоба. Комедия жанрында түсірілген бұл фильм әлемдік аренада өзіндік орны бар туынды. Фильм желісі агенттің жер мен өзінің серіктестерін құтқару үшін уақыт кеңістігінде саяхат жасауымен өрбиді. Борис – ол ең бөгде планеталық ең жағымсыз кейіпкер. Бористің даусын Ержан Түсіп дыбыстады.  Ал, жатпалнеталық, болашақты болжаушы, әзілқой, көп сөйлейтін Грифинді дыбыстау жұмысы Ғабит Мүсірепов атындағы жастар театрының актері Нышанбек Мұстафаұлының еншісіне тиіпті. Тілге құрмет көрсетілді деген осы шығар. Алдағы уақытта да қазақстандық көрермендер голливудтың туындыларын қазақ тілінде тамашалайтын болады. Бұл – кино мамандарының уәдесі. Уәденің қаншалықты орындаларын кім білсін. Бірақ, бізді қуантқаны, әлемнің жауһар дүниелерінің қазақ кинотеатрларында ендігі жерде қазақша сөйлейтіндігі!