Құтты болсын мерейтой!

Құтты болсын мерейтой!
жеке
блог

Өз басым оның әндерін тыңдап өстім. Қарапайым мінезді, дарынды кісі. Оның талантына бас имеген жан кемде кем шығар. Бүгін оның туған күні! Оның есімі - Батыр аға Шүкенов!


Батыр аға "А-Студио" тобының бұрынғы әншісі. Топтан кеткен соң, жеке шығармашылығымен айналыса бастады. Шүкір, өз тыңдармандарының санын көбейтпесе, азайтқан емес. Оның кез келген әні хитқа айналған десем өтірік емес. Кең тынысты табиғи дауысы бар. Ол ешкімге еліктемейді. Болмысы бөлек әнші. Керісінше, оған еліктейтіндер жетерлік. Оның жолын қуғысы келеді. Ол өте қарапайым жан. Өз ісінің хас шебері.

Мерейлі 50 жасыңыз құтты болсын, ағасы! Еліміздің мақтан тұтар ұлына айналған сізге өмірдегі бар жақсылықты тілеймін. Мен сияқты жастарға үлгі болып, ұзақ жасаңыз. 

P.S. Батыр ағаның әндерін бірге тыңдайық