Қанағат керек!
жеке
блог

Қанағат керек!

Бүгінгі таңда жастардың көбі рухани құндылықтан көрі материялдық құндылыққа басы назар аударуда. Бай болғысы келіп сол жайлы көптеген кітаптар оқиды. Алайда, тұрмыста сол кітапта жазылған кеңестер немесе сол сияқты шарттарды орындап болмаса да ұқсап бағады. Бірақ бәрібір адам баласының ештеңеге де тойымсыз екені анық емес пе?

Қай кезде де шүкіршілік еткеніміз абзал. Анау жоқ, мынау жоқ дей бермей, қанағатшыл болайық.

Әлемде 795 млн адам аштық зардабын тартып отыр екен. Онымен салыстырғанда біздің жағдайымыз тәп-тәуір.

Қанағат, қанағатшылық – адамның барға риза болуын, місе тұтуын, нысаптан шықпауын, нәпсіге ермеуін білдіретін ұғым.