телевизияға менің көзіммен
жеке
блог

телевизияға менің көзіммен

Қазір жаһандану заманы, барлық технологиялардың дамып, технологияның әлемдегі күші айтарлықтай жоғары.

Осындай технологияның дамыған шағында қазақстандық телеарналардың да жабдықталуы өсіп келе жатыр. Осы тұста қазақ телевизиясынның бүгінгі келбеті жайлы тоқтала кетсек.

Заман солай ма, әлде адам талабы солай ма? Әйтеуір қазіргі кездегі арналардың бағыты жеңіл-желпі көңіл көтеретін бағдарламаларға қарай ойысқан. Оның себебі адам тозды ма, заман тозып барады ма?

Негізінен қытай даналығында «елдің қандай екенін музыкасы арқылы білуге болады. Сол арқылы жаулап алуға да болады. Музыкасы баяу елді тез мұңға батырып жаулап ала аласың, ал шошаңдаған музыкасы бар ел өзі-ақ құрып беріле салады. Жанды рухтандыратын, шынайы музыкасы бар ел ешқашан майыспайды». Осындай нақыл сөзді ести отырып, теле арналардағы шуларды көріп, «әлсіз елге айналып бара жатқан жоқпыз ба?» деп ойлайсың.

Одан кейінгі мәселе телеарналардың түрік, үнді, филлипин сериалдарын үзбей көрсетуі. Сол арқылы елдің миын улап жатқандығы.

«Қазақстан», «Білім және мәдениет», «Спорт kz» арналарынан басқа арналарды қоса қалсаң, жеке бағдарламалар, сараптамалықтар жүріп жатпайды. Түріктің мұңға толы сериалы жүріп жатады, не үндінің не екені белгісіз айқай-шулы, кек алу, ұрыс болып жататын киносын көресің қай кезде теледидарды қоса қалсаң да.

Не болмаса шоу бизнестің жаңалықтары. Оның бәрі жеңіл-желпі бағдарламалар. Елге ой салатын бағдарламалар емес.

Таң ертең тұрасың «НТК» қоссаң шет елдік күлкілі дүниелер, кешке қоссаң соның тағы бір қазақстандық көшірмесі. Одан қалса «Ревю», «Жұлдыздар шеруі», «Күлкі базар».

«31» «Ризамын», «Шаншар, Алдараспан» сияқты театрлардың әзілдерін қайта-қайта қоя береді.

«Алматы» «Әзіл студио».

«Еуразия» «Патруль», «Той заказ», «Паутина».

«7 канал» «Қуырдақ», «Шәй ішейік», «К-елі», «Айнаонлайн», «Жеңіп көр», «Қыздар арасында».

Бұл телеарналардың бір күндік бағдарламасының ішінде қалғандары жаңалық пен ток-шоу ол да аз әрина. Қалған бөлігінің бәрі аударылған бағдарламалар мен кинолар. Көзіңді алып жүре алмайсың. Адамның өз проблемасы жетіп жатқанда, адамдарды кинодағы проблемамен әлек қылып отырады.