Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ұлмен дос болуға болмайды!!!!!!

Ұлмен дос болуға болмайды!!!!!!

Ұлмен дос болуға болмайды!!!!!!

Кеше үйге келсем, жеңгем алдымнан долданып шықты. Маған емес, өзінің қызына ашуланған.

- Білесің бе, сіңліңнің не бүлдіргенін?

- Не бүлдіріпті?

- Ұлдармен дос болып жүр.

Мәссаған... Сөйтсем, сіңлім аулада кілең ұлдармен ойнайды екен. Садиктегі достары да еркектер қауымынан екен. Далаға шыққан кезде көрші бала жеңешеме "мен сенің қызыңды жақсы көрем" депті....

Содан жеңешем сіңлімді ортаға алып, ара-тұра түйіп-түйіп жіберіп, "ұлдармен ойнауға болмайтыны" туралы бір сағат мароль оқыды. Кішкентайдың жасы 5-те. Ұл-қыз деп айыратын жасқа жетті ме, жоқ па, білмеймін. Содан ағам келді. Ағам қызының "тәртібіне" қатты қарайтын адам. Ол да ұлдардың "ата жау" екені туралы біраз ақыл айтты.

Сосын кезек маған келді. Аға-жеңгем "сен бірдеңе десеңші, сені тыңдайды ғой" дейді. Бірдеңе дегім келіп отыр-ау, бірақ менің дегенім олардың көңілінен шықпайды. Естілер-естілмес қылып, "ұлдармен ойнай берсін" дедім. Жеңгемнің ауызы ашылып, не айтарын білмей қалды ғой. "Мен не дейм, домбырам не дейді" деп, мені оқытуға кірісті.

Сосын келіп ойлаймын, "ұлдармен ойнағанда не тұр?" деп. Өзім де мектеп жасына дейін кілең ұлдармен ойнаған едім. Өйткені көршілерімнің мен қатарлы балаларының бәрі ұлдар болды. Айтпақшы, бір қыз болған екен ғой. Сөзім ауыр болмасын, марқұм болып кетті, "әдемі" сөздердің түбін түсіретін, төбелестің неше тәсілін білетін еркекшора еді.

 

 Ал, ең жақын досым (кей кезде ең жаман жауым) - Дулат болды. Мен төбелесе алмайтын әлжуаз, боқтық айтпайтын нәзік қыз болдым. :) Бірақ жылауды қатыратын едім. Екеуіміз таңертеңнен кешке дейін көршінің үй саламын деп түсірген құмында ойнаймыз. Ол кейде қалада оқитын екі апасының сырға, сақинасын ұрлап алып, маған сыйлайтын. Бірақ ешқандай махаббат емес. Тек, мен оған 3-4 айда бір көретін апаларынан жақын болдым ғой деймін. Ал, ренжіскен кездері маған тас сыбайтын. Әлі күнге дейін құлағымда Дулаттың тасы кесіп кеткен із бар. :)  

Бірақ... мектепке барған кезде үйдегілер менің ұлдармен дос болуымды құптамады. Тек студент атанған кезде ғана олардың ата жауым еместігін толық түсіне бастадым ғой деймін. Қазір бір ғана қыз досым бар, қалғаны жігіттер. Бәрі де мектептен кейін достасқанмын. Жалпы, сіздер ата-ананың баланың дос таңдауына араласуына қалай қарайсыздар? Әрине, ешкім өз баласына жамандық ойламайды. Бірақ біреуді біреуге зорлап достастыруға бола ма? Зорлап демекші, мектепте бір қыздың анасы менімен қызын зорлағандай қылып достастырды. Ол мені көргісі келмейді, мен онымен мамасына ғана бола сөйлесемін. Қазір көрсем, қатты ұяламын. Біздер ақыры дос бола алмай кеттік қой....

 

Сурет theworldasiseeitlynn.blogspot.com мен materinstvo.ru алынды.  

8071 35
Рейтинг: +1

Автор: Кәусар *
Жазылған уақыты: 17 мамыр 2012, 14:00
Тегтер: достық, дос
Пікірлер
+0
17 мамыр 2012, 15:25

Меніңше, дос болған жақсы ғой. Өзімнің достарымның көбі жігіттер. Олардан қысылмай айтар ойымды айта берем, қыдыратын кезде дос жігіттермен қорықпай бара беретінмін.

+0
17 мамыр 2012, 15:39

мен де солай.

+0
17 мамыр 2012, 15:29

Ұлмен дос болу кейін оған күйеуге шығу, одан бала туу, әке-шешесіне шәй құйып беру деген сөз емес қой. Өз басым ұлдармен бірге ойнап, өстім. Мектепте де ұлдардың ортасында болдым. Қазір достарымның қатарында қыздардан гөрі ұлдар көп. Онда тұрған ештеңе жоқ.

+0
17 мамыр 2012, 15:40

иә, бірақ аға-жеңгем қызының ұлдармен ойнауына қарсы. Таңертең де үйден шығарда "қыздармен ғана ойна" деп мықтап тапсырып айтып жатқан. :)

+0
17 мамыр 2012, 15:43

Қыздармен дос болған күшті олардың жаратылысын ішіндегі ойларын жақсы түсінесің. қандай адаммен дос болсаңда шынайы дос болу керек қой. кейбіреулері қыз бен ұлдың достығы болмайды не қыз не жігіт оны жақсы көреді дейді өз басым ондайлармен келіспеймін.

+0
17 мамыр 2012, 15:45

ата-анасы баласына досты ешқашан таңдап бермеген,адам досты таңдамайды, аға-жеңгеңіз бекерден бекер кішкентай бүлдіршіннің басын қатырмасын, өмір жолында адал досты өзі табар

+0
17 мамыр 2012, 15:54

иә, солай деп айтсам, "сен түсінбейсің, өз балаң болса түсінер едің" деп өзіме ақыл үйретеді. :mrgreen:

+0
17 мамыр 2012, 15:47

Жақын бір ғана қыз досым бар екен, қалғандары жігіттер :?

+0
17 мамыр 2012, 15:53

қалғандары ер адамдар дегенім ғой. :P

+0
17 мамыр 2012, 15:57

Дұрыс түсінбедің. Мен айтып жатырмын. Менде жақын бір ғана қыз досым бар екен, қалғандары жігіттер.

+0
17 мамыр 2012, 16:16

менде де солай :lol:

+0
17 мамыр 2012, 16:37

несі бар 5 жасар балада,

+0
17 мамыр 2012, 18:28

соны айтам, ағам "ұлдармен дос болуға болмайды" деп үйретіп отырғанда, бір корейский сериал есіме түсіп кетті. Онда да папасы қызына "менен басқа еркектің бәрі жау" дейтін. :D Бәлкім, ер адамдардың бала тәрбиелеуі өзгеше шығар.

+0
17 мамыр 2012, 16:42

Бәлкім аға-жеңгең діни адамдар шығар?

+0
17 мамыр 2012, 16:47

жоқ, қайдан. Қыздарын қызғана ма, сондай ғой дейм :) Кейде келемеждеп, "ертең тұрмысқа береміз, киіт киеміз" десем, ағам "қызымды күйеуге бермейм" дейтін. Сандыққа салып қоятын шығар.

+0
17 мамыр 2012, 16:55

Мықты достық болса бола беретін сияқты, қыз ба жігіт пе бәрібір. Ата ананың да қатысы ештеңе өзгерте қоймайды ау. Бастысы демін ішіне тартып, біреуі болмаса біреуі ғашық болып тұрса достық ұзаққа созылмас.

+0
17 мамыр 2012, 16:58

менің тобымда 2-ақ қыз едік. 20 жігіт бар туғын. шынымды айтсам олармен сырласатынмын! олар маган ақыл- кеңестерін айтатын! өз басым олармен достасқанға қарсы емеспін!

+0
17 мамыр 2012, 17:05

құдай қадағалап тұрса болды ғо, балдар байқамай құм шашып, таспен ұрып жібермеу үшін, ато 5 жасар қызға қазірген психикасына әсер етіп ұрып/ұрысқан болмайды ;)

Менің Эпольдам, көрші Алисамен ойнайды, 1 үйдің балаларындай :P Эполь негізі балдармен ойнағанды құптайды, Бірақ Алиса ешкімге Эпольімді бермей, қалған балдарды үйден қуып шығады :lol: ал кеп күлеміз ғо, келінка қызғанад деп :lol: Мен Эпольға тием :lol: деп айтатын болса керек үйінде Алиса :lol:

+0
17 мамыр 2012, 18:24

Эполь деген кім?

+0
18 мамыр 2012, 14:43

Inim go :D

+0
17 мамыр 2012, 17:22

Ағаммен өстім, бірінші сыныпқа шейін жанынан шықпадым. Ең алғашқы ұл досым 19 жасымда пайда болды, Жан деген))) Әлі күнге дейін ерекше лебізмен еске аламын)))

+0
17 мамыр 2012, 17:23

13 жасқа келмей балалар жынысқа бөлінбейді, сондықтан - бәрібір :lol: :lol: :lol:

+0
17 мамыр 2012, 18:26

Мен төбелесе алмайтын әлжуаз, боқтық айтпайтын нәзік қыз болдым. Қиынын-ай...

+0
17 мамыр 2012, 18:31

рас айтам. :) Бірақ жылау қолымнан келетін. Ауылдың бір шетінде тұрдық, жылағанда дауысым келесі шетіне естілетін. Қалай әнші болмай қалғанымды.

+0
17 мамыр 2012, 18:31

қай ауыл?

+0
17 мамыр 2012, 18:35

Маңғыстаудағы ауыл

+0
17 мамыр 2012, 18:38

шетпе? Құрық? Форт? Қызан? қызылтөбе? Манғылшақ? Ералы? Бейнеу? Тигр? Сезон?)) Ақшұқыр?)))

+0
17 мамыр 2012, 18:39

еш қайсысы емес. :D

+0
17 мамыр 2012, 18:40

қазір ақтаулықпын ғой

+0
17 мамыр 2012, 18:32

сен де жылауық әнші боласың ба? Ондайлар жетеді, жарқ еткізіп шығатын болсаң - шық ия? Көзіміз біразға дейін тұманданып, есімізді жия алмай қалатын болайық!

+0
17 мамыр 2012, 18:35

сол болмай қалдым. :D Тыңдаушылардың құлағын Құдай сақтаған ғой.

+0
17 мамыр 2012, 18:39

жарайсың! Олай да өз еліңді сыйлап жүргенің жөн іс!

+0
17 мамыр 2012, 20:15

Ұл достарым көөөппп, бірақ өзімді олардың алдында кінәлі сезінем.... :(

+0
17 мамыр 2012, 21:53

Мәселе мынада шығар.Менің де бір танысымның төрт жасар ұлы балабақшада кілең қыздармен ойнайды. Үйінде де қарындасымен оның қуыршақтарымен ойнайды. Ата-анасы қызтеке болып кете ме деп алаңдап қыздармен ойнама деп тиым салып отырады. :|

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев