Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Эстафета. "Ал, танысайық!"

Эстафета. "Ал, танысайық!"

Эстафета.

Өзің жайлы қысқаша мәлімет:

Мен – Исмагулова Арайлым Елдосқызы бұрынғы Торғай облысы (қазіргі Қостанай облысы) Әліби Жангелдин ауданы Алтынсары ауылында 1988 жылы барлық мектеп оқушылары жазғы демалысқа шығып, қуанышқа кенеліп жатқан күні, яғни 25-мамырда дүниеге келіппін.  Отбасымдағы төрт баланың үлкенімін. Өзімнен кейін үш інім бар. Құдай қаласа, үш келін жұмсап, қолымды ұзартам деген дәмем зор))))

Мектепте оқыған 11 жыл ішінде түрлі жағдайларға байланысты 5 мектепте оқып шығыппын. (Кластас дегенді санап болмайсың енді)  Кейін колледж, сосын университетті бітірдім.

Қарапайымдылықты қалаймын. Қай нәрседен болсын жақсылық күтемін. Жалпы өз мінезім өзіме ұнайды.

2.    Хоббиің не?

Қатып қалған хоббиім жоқ. Бала кезімде табиғаттың, құстардың түрлі-түсті суреттерін жинап, дәптерге жабыстыратынмын. Сосын хобби деп айтуға жатпайтын шығар, бірақ  криминал, детектив, із кесу туралы киноларды көріп, сол жайында кітаптар оқығанды ұнатамын. (Қазіргі уақытта «Кости» деген сериал қарап жүрмін) Әңгіменің қысқасы, көңілім қалаған іспен айналысқанды қош көремін)))

 3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Ең алдымен Қазақстанның барлық қалаларын аралап шығуды армандаймын. Ал шет елден Азия елдеріне саяхат жасағым келеді.

4.    Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс,жануар,жәндік,планета)?

     Қайта адам боп келер едім, соның ішінде қазақ немесе корей ұлтының өкілі.

5.    Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

Абайдың 37 қара сөзіндегі «Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек - қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың, қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?» деген жолдарын үнемі есте ұстаймын. Сонымен қатар «Все что не делается, все делается к лучшему» және « Адамның күні адаммен» деген сөздер күнделікті ұстанымыма айналып кеткен.

6.    Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?

Оны бәрібір танымайсыздар ғой десем)))

7.    Кімді жақсы көресін (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Әзірге ешкімді

8.    Сүйікті әншін, әртісін, саясаткерін (былайша айтқанда кумир) неге ол адам?

Әншім – Сәкен Майғазиев, Қарақат Әбілдина, Айгүл Иманбаева, актер – Сергей Безруков. Ал саясатқа мүлдем жақындығым да, қатысым да жоқ. Сондықтан саясаткерлерді аса тани қоймаймын Нұрсұлтан Назарбаевтан басқасын)))

9.Сүйікті спорт түрі?

Таңертеңгілік жаттығулар жасайтыным болмаса, спортпен айналыспаймын. Бірақ спорттың көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау түрлері ұнайды

10.Сүйікті кино? неге дәл осы кино?

Қатты ұнатып көретін сүйікті кином жоқ. Ужастиктер мен фантастикадан басқа көруге тұрарлық киноларды көре беремін.

11.Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың)

Әрине еркек. Әйелінің көзқарасын аңдып, соның сөзінен шыға алмайтын ер-азаматтарға жыным келеді.

 12.    Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Менің ойымша, ер адам ақша табушы, ал әйел оны ретімен жұмсап, жарата білуі керек. Бірақ ерінің қалтасын қағып, бар ақшаны өзі ұстағаны да дұрыс емес сияқты. Ну, енді түсінген шығарсыздар)))

13.  Айнараның қойған сұрағы: "Любовь живет три года" фильмі шығып жатыр. Махаббаттың үш жыл ғана өмір сүретіні рас па? (режиссері дәлелдепті)

Фильмді көрмедім, кітабын да оқымаппын. Ал өз басым әлі шын ғашық  болып, алаулаған махаббат сезімін бастан өткізген жоқпын. Сондықтан нақты бір берер жауабым жоқ екен.

Эстафета таяқшасын Қызылорданың аруы Жазира Орынбасарға беремін. Жазираға қоятын сұрағым :Ата-анаң және сүйіктің сені қалай деп еркелетеді?

4934 42
Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 17 мамыр 2012, 09:33
Тегтер: эстафета, танысу анкетасы, Арай
Пікірлер
+0
17 мамыр 2012, 10:07

Ой, жарайсың! Келін алмас бұрын, інілеріңе демеу әрі қамқор болатын жезде тауып бер)))

+0
17 мамыр 2012, 10:12

Ах, Ғазиза! :)

+0
17 мамыр 2012, 10:42

Келесі апта туған күн екен ғой" ;)

+0
17 мамыр 2012, 10:47

Ия, айтпақшы, солай екен ғой )))

+0
17 мамыр 2012, 10:51

:cry: Корей ұлтының өкілі (((((

+0
17 мамыр 2012, 11:03

Оған неге көз жасыңызды көл қыласыз?

+0
17 мамыр 2012, 11:13

Біздің қыздардың корейлерге құмар болғанына жылағым келеді. Корейлермен күнде тығыз араласып жүргендіктен олар шын өмірде қандей екендерін біраз біліп қалдым. Сериалдағыдай емес, точно. Сол себепті мына қарындасымның корей болып туылуын қаламаймын.

+0
17 мамыр 2012, 11:20

Мен корейлерге құмар емеспін. Тек олардың мәдениеттілігі, бір-біріне деген сыйластығы ұнайды.

+0
17 мамыр 2012, 11:31

Бір-біріне деген сыйластықтары қатты болғаны соншалық, екі жас кіші адам үлкеніне сен деп айтқаны үшін бір-бірімен төбелесіп, бірін бірі өлтіріп жатқан жағдайлар өте көп деп кәрістердің өздері айтады. Сол себепті, жақында ол салттарын заң жүзінде шектегелі жатыр дейді.

+0
17 мамыр 2012, 11:41

Алдымен, маған өмірге қайта келу мүмкіндігі беріле ме, берілмей ме, кім білсін? Сондықтан, за меня не переживайте. :)

+0
17 мамыр 2012, 11:48

:)

+0
17 мамыр 2012, 17:12

))))) папочки не дид Айдос ағай)))))) элюзияны бытЧ қылдыңыз ғо)))))) күлгін очкиді шешіп лақтырып тастадым ))))

+0
17 мамыр 2012, 10:55

осыған дейін "ғашық болмадым" деген сөз қып-қызыл өтірік.

+0
17 мамыр 2012, 11:04

Болсам да, үш жылға жетпей жатқан шығар.)))

+0
17 мамыр 2012, 11:01

Ұстанымың ұнады )

+0
17 мамыр 2012, 11:05

Рахмет!)

+0
17 мамыр 2012, 11:41

Арайға сұрақ жаудырмасам )) 1. Ең биік арманың қандай? (құпия болмаса). Мысалы дәл бүгін нені армандадың? 2. Таңертең жұмысқа шыққанда айна алдында қанша уақыт тұрасың? Жалпы киініп-таранып үйден шығам дегенше, қанша уақыт кетеді? 3. Ішкі түйсігіңе қаншалықты сенесің? Ішкі түйсігің алдаған кез болды ма, немесе ішкі түйсіктің арқасында жолың болып кеткен кез болса, сол туралы айтып өтсең... :?:

+0
17 мамыр 2012, 12:07

Мика, мынаның өзі бір пост болатын түрі бар ғой. Дегенмен, жауап берейін.
1) Ең биік арманым - Бақытты болу, ал бақыттың аясына бәрі сыяды.
2) Жалпы көп боянатындардың қатарынан емеспін. Таңертең киініп-таранып жұмысқа шығамын дегенше 10-15минут уақыт кетеді.
3) Ішкі түйсігіме көп жағдайда сенемін. Ал оның алдап, немесе соның арқасында жолым болып кеткен кезім есіме түспей тұрғаны.))

+0
17 мамыр 2012, 12:52

Арайкаға қояр глобальный сұрақтарым: 1. Жаужүрек мың баланы көре алдың ба? 2. Улап-шулап Қостанайға барсақ күтіп аласың ба әлде телефонды сөндіріп қоясың ба? ))))))))))))

+0
17 мамыр 2012, 14:05

Шынында да глобальный сұрақтар екен)))
1. Жаужүрек Мың баланы Қостанайда көрсетпеді. Бірақ Массагеттегі блогтардың арқасында көргендей күй кешіп жүрмін.
2. Тек алдын-ала ескертсеңдер болды. Телефонды сөндіріп қойғаны несі, әрине күтіп аламын ғой.

+0
17 мамыр 2012, 11:58

4сұраққа жауап берерде эстафета жазушылар сұрақты дұрыс түсінсеңіздерші жақша ішіндегілерді оқып

+0
17 мамыр 2012, 12:06

келісемін))))

+0
17 мамыр 2012, 12:35

менім ойымды түсінетін адам бар екен ау)))

+0
17 мамыр 2012, 12:41

Айжан стоп кадр сені күтіп тұр

+0
17 мамыр 2012, 12:10

Түуу, ренжімеңізші енді, өз басым жақшаның ішіндегілердің ешқайсысы болғым келмейді.

+0
17 мамыр 2012, 12:17

хехе, болу міндет емес қой. Қиялға ерік беріп, өзіңді қай құспен, мысалы, ассоциоровать етесің деген сұраққа келеді. Мысалы мен пантера болғым келер еді, жылдам, әдемі, аяусыз жыртқыш)))

+0
17 мамыр 2012, 12:35

мен ренжімеймін, эстафетаның мақсатына құрметпен қарауларыңды сұраймын

+0
17 мамыр 2012, 14:00

Айтсаңыз болды, Жако мырза! Алда эстафетаны жалғастырушылар бұған мән береді деп сенемін)))

+0
17 мамыр 2012, 12:08

Алаулаған махаббат сезімін бастан кешіріп, сүйгеніңе сүрінбей қосылуыңа тілектеспін. :)

+0
17 мамыр 2012, 12:11

Аузыңа май, Анара!

+0
17 мамыр 2012, 12:48

Өмірлік жолдасыңды жаңылмай табуыңа тілектеспін, Арайка! Ортамызда жайнап жүре бер!

+0
17 мамыр 2012, 14:00

Айтқаның келсін, Арнаулы!

+0
17 мамыр 2012, 16:50

танымасамда сіз туралы оқу қызық болды :D

+0
17 мамыр 2012, 17:03

Қостанайдың аруы екенсіз ғой, танысқаныма қуаныштымын! ;)

+0
17 мамыр 2012, 17:09

Мен де қуаныштымын, Меруерт!

+0
17 мамыр 2012, 17:15

керектегі арайкасың ба? ;)
танысқаныма қуаныштымын. Торғай де :) қазір сол қаладасың?

+0
17 мамыр 2012, 17:47

Керекте тіркелгенім болмаса, көп бас сұға қоймаймын. Торғай қазір аудан орталығы. Мен Қостанай қаласында тұрамын.

+0
17 мамыр 2012, 20:18

Танысқаныма куаныштымын!

+0
17 мамыр 2012, 22:00

Керектегі, ФБ-дағы Арайлым Мұстафа сен бе Арайка? :? Танысқаныма қуаныштымын! ;) :)

+0
18 мамыр 2012, 08:45

Жоооқ, Қыпшақ қызы! Ол жақтарға көп кірмейтінім сонша, қандай атпен тіркелгенімді де ұмытып қалыппын))

+0
17 мамыр 2012, 22:29

танысқаныма қуаныштымын)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев