Бәрі сыр
жеке
блог

Бәрі сыр

сен мені ойламадың  бір сәтте,

Айналдырдың сылтауларды әдетке

Жараладың, жүрегімді жылаттың

Жылатардай жоқ бір мін де , себеп те

Сүйеніш іздеп шарқ ұрған көңілімді  жылаттың

Енді ғана басталған өмірімді жылаттың

сезімімді сенімсіз күмініңмен сынапсың

Шындап сүйген өзіңді жүрегімді жылаттың

жүрегімнің жарасын кеп тырнама

Болды енді қиялымды ұрлама

Өтірік сезім сыйлап сен маған

қойшы енді сезіміммен ойнама

кешір деме, кешіре алмаймын бәрібір

Көкейімде мұң жара боп әлі жүр

Тағдыр деме өзің шештің, сен өзің

Бітсін енді екеумізге бәрі сыр