12 жылдық оқу мәселесі неге апарады?
блог
Әр адам өзіндік тұлға болып қалыптасу үшін болашаққа жол бастар үшін мектеп білімін алып,одан жоғары оқу орындарын меңгереді.Алайда,мені толғандыратын мәселе 12 жылдық білім беру жүйесі.Осы уақытқа дейін мектеп табалдырығын аттағалы қолымызға Әліппе ұстаған едік.Әр сыныптан-сыныпқа көшкен сайын өз сатысымен сабақ үйрендік.Өзіндік қиыншылықтартаға да толы болды,бірақ қазіргі бастауыш мектеп оқушыларының сабағын тіпті ата-аналары да түсінбей дел-дал болып жатыр.Ол қиындығымен қоймай логикалық есептерді де беріп қойыпты.Расында бала осы жүйе мен 12 жыл оқитын болса,өте ауыр тиері сөзсіз.Жаңа бағдарлама қосып отырған білім басқармасы онымен қоймай 3 тілді мемлекет боламыз дегенді айтады.Әліппе кітабының атауын Сауат ашу атына өзгертілді.Ең қызығы балалар "Сауат ашу" кітабымен 1 сыныптан соң қоштасады ма?"Әліппе" атауын жоғалтқан кітап аты осы атаумен қалып қоя береме? Адам өмір бойы сауатын ашады мейлі ол 100 келседе өйткені,өмір білімге толы оның соңына жетіп біту мүмкін емес.
"Алға қойылған мақсаты-12 жылдық білім беруге көшу сатысы жалпы білім беру мектептерінде даму деңгейі әртүрлі балаларды оқыту жолында мұғалімнің кәсіби,құзырлық,шығармашылық деңгейін көтеруге көмек көрсету тәжірибесімен бөлісу.21 ғасыр мектебі жедел өзгеріп жатқан заманға бейімделуге мүмкіндік беретін түбегейлі өзгерістер енгізуді,өз кәсіби шығармашылығымызды шыңдауды талап етеді.Ойы жүйрік,ақылы жетік,бәсекеге қабілетті,өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастырады"-деген мақсатта қойылыпты.Бала ғана емес педагогтардың да деңгейін жоғарылату деп жазыпты.Бала 12 жылдан соң білімнен соң 5 жыл немесе медицина факультеті болса 11 жыл оқыса өмірінің жартысы біліммен өтіп кетпей ме?
Шет елдерде 8 жыл немесе қытай елінде 9 жыл оқиды.Менің ұсынысым баяғы қалпында 11 жылдықта қалса екен.