Ұлттар достығы татулықтың тал бесігі.
жеке
блог

Ұлттар достығы татулықтың тал бесігі.

Байтақ Қазақстанның əрбір облысында түрлі ұлттардың мəдени орталықтары ашылған.Олардың міндеттері өз ұлтының тілін,мəдениет,тарихын,əдебиетін,кейінгі жастарға үйрету сол арқылы қалпына келтіру.Біздің қоғам Қазақстандағы Ахыска түріктерінің диоспорасы болып табылады.Бүгінде Елбасымыздың сара жолды,салмақты да салиқалы кемел саясытының негізінде аз ғана уақыт ішінде ерекше ел болып қалыптасқан Қазақстан əлемдік қауымдастық алдыңғы көшінде келе жатқанын біз мақтан етеміз.

Қазақстан өткен ғасырдың 40-жылдарындағы солақай саясатқа байланысты қоныс аударған əртүрлі ұлт өкілдеріне пана болды,одан соң тың игеру басталды.Қазақстанға КСРО-ның барлық республикаларынан 600мыңнан астам адам келді.Олардың 350 мыңы жастар еді.Солардың көпшілігі тұрақтап қалып,осында өз Отанын тапты.Бір өлкеде тамаша өмір сүріп,тату болуға,жақсы жұмыс істеуге,отбасын құру сияқты адамзат құндылықтарын  меңгеруге біздің халқымыздың даналығы жетеді.

Қазақстан.Құшағы ыстық,құлашы кең байтақ өлке.130-дан астам  ұлт өкілінің бір атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмір сүріп келе жатқандығы бұл сөзімізге айғақ.Осыншама ұлт пен ұлыстың өкілі бірге тұрып,бірге жасап,бір мақсатқа жұмылып өмір сүріп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нəтижесі болса керек.