"Су астындағы 91"

"Су астындағы 91"
жеке
блог

 

«91» тобы 4 айлық үзілістен кейін, жанкүйерлерімен қайта қауышты. Осынша уақыт көрінбей кеткен топ, жаңа «Су асты» атты бейнебаянымен оралды. Әзірше  ол бейнебаян әлеуметтік желіде жарияланбады. Соңғы «Қалай қарайсың?» бейнебаяны 11 күнде миллион қаралым жинаса, бұл жолы «EagleZ»-дар жаңа рекорд орната алады ма? Бірақ, жаңа бейнебаян көрермен көзайымына айналады деп күтілуде. Тұсауы  1-ші мамыр күні «НТК» телеарнасында кесілді.  Продюссері  Ерболат Беделханның айтуы бойынша: «Бұл - клип хейтерлерге (яғни, топқа қарсы шығушылар) жауап ретінде түсірілген». Топ мүшелері өздерін қараңғыдан жарыққа шығып, алдағы уақытта жанкүйерлерін жаңа дүниелерімен қуантамыз деді. Еске сала кетейік, олар 2015 жылдың желтоқсан айында өздерінің кіші альбомдарын шығарған болатын, ендігі кезек толыққанды альбом шығару. Альбом «Қараңғы жарық» деп аталады.91

Тағы да айта кететіні, осы уақыт ішінде «91» тобының құрылу тарихы жайлы документалды фильм дайындап жатқандарын жария етті.  Фильмнің премьерасы осы жылдың күзінде көрсетіледі деп күтілуде, режиссері Асқар Ұзабаев, продюссері Асел Садвакасова.

Сонымен қатар, «QG»  брендінің жаңа топтамасы 9-шы мамырдан бастап сатылымға шығады.