Аналарға құрмет көрсетілді
жеке
блог

Аналарға құрмет көрсетілді


Аналарға құрметпен          Қазақ елінде 2016 жылдан бастап тойланып келе жатқан 1 наурыз -"Алғыс айту" мерекесі қарсаңында халық арасында мерекені кең көлемде атап өту, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете отыра халықтың патриоттық сезімін арттыру мақсатында Жастар ресурстық орталығы, "Жас Отан" ЖҚ-ның белсенділерінің қатысуымен "Үлкенге құрмет" атты халыққа тегін қызмет көрсету, тегін тасымалдау қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Шараға мешіт жамағаттары, жеке такси жүргізушілері, мекеме көліктері мен ерікті жастар топтары қатынасты. Айталық, Индер мен Бөдене, Есбол, Елтай ауылдық округтеріне жүретін такси иелері акцияға қолдау көрсетіп тұрғындарды бір реттік тегін тасымалдады. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер "ИП Жүсіп" пен "ИП Мадияр" өз тауарлары мен қызметтеріне 50% жеңілдік жасады.

Аналарға құрметпен

            Жастардың бастамасы жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күніне орай өткізілетін "Аналарға құрметпен" акциясымен өз жалғасын тапты. Акция барысында ерікті жастар орталық "Талап" базарында аналарымызға гүл шоғын табыстап, қолғабыс етті. Сонымен қатар,  акция барысында такси иелерінің қолдауымен "Тегін такси" ұйымдастырылып, мерекеге орай асыл жанды аруларды тегін тасымалдау шарасы жүргізілді. 

Аналарға құрметпен

           Кент тұрғындары Есенгалиева Асыл апамыз: «Бүгінгі өткізіліп отырған шараға ризамын. Балаларым гүл сыйлап, алған заттарымды жеткізіп беріп жатыр. Әрдайым еліміз аман болып,   жастардың дені сау болып, өмірлері гүлдей жайнай берсін. Алдағы Наурыз мерекесі құтты болсын!»-деп өз тілегін білдірсе, Оралбай ағамыз: «8 наурыз күніне орай өзімнің жеке көлігіммен ардақты ару жандарды  тегін  тасымалдауға шықтым. Барша аяулы жандарды мерекемен шын жүректен құттықтаймын» -деді. Алдағы уақытта да түрлі бағыттағы қайырымдылық шаралары жүзеге асырылатын болады.

 

Жадыра Нариманқызы

Жастар ресурстық орталығының маманы