Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / "Ромео мен Джульетта" - Жастар театрының сахнасында тұңғыш рет

"Ромео мен Джульетта" - Жастар театрының сахнасында тұңғыш рет

Мамыр айының он төртінші жұлдызында Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында Қазақстан Республикасының  тұңғыш президент қорының қолдауымен Рамео мен Джульетта мюзиклы алғаш рет қазақ тілінде қойылды. Қойылымның ерекшелігі – мюзикылды қоюшылар кәсіби әртістер емес, Т.Жүргенов атындағы Қазақтың Ұлттық Өнер акдемиясының түлектері мен студенттері. Қоюшы режиссер – аталған академияның доктаранты Есләм Нұртазин.


Монтекки мен Капулетти әулетінің ежелден келе жатқан жауластығы...Рамео мен Меркуционың адал достығы... Бәрін айтта бірін айт, ай десе аузы күн десе көзі бар сұлу бойжеткен Джульеттаның  бір көргеннен маздап тұтанған Рамеоға деген ғашықтық сезімі, қос аққудың ақ махаббаты баяндалатын туынды театрсүйерқауымға терең ой салды.


Джульетта сұлудың :

Ромео, сүйіктім! 
Сенің Ромео болғаның 
Бақ болмады, сор болды. 
Иә безіп әкеңнің бетпақ атынан, 
Иә мені әйел қып 
Құтқар мынау Капулеттилер торынан,-деген аянышты үнініе Рамео:

Жүз қанжарды тайсалтады сенің нұрлы жанарың, 
Сен көз салсаң, мың найзаға төтеп бере аламын

Бұтақтарын нұр көмкерген бақпенен 
Аспандағы алтын аймен ант етем,- деп тіл қатады.


Екі жас шіркеуде некелерін қимақ болып серттеседі. Алайда атаққұмар, дүниеқоңыз әкенің қатыгездігінің кесірінен  қызғалдақтай құлпырған махаббат тым ерте үзіледі. Махаббат кемесіне бірге отырмақ болған Рамео мен Джульетта көз алдымызда жан тапсырады.


Бірнеше ғасырлық тарихы бар Шекспирдің бұл шығармасы  Жастар театрының сахнасында тұңғыш рет қойылды. Спектакльді көру барысында махаббат деген қасиетті ұғымның қанды оқиғаға айналуының куәсі болдық. Қойылым адам бойындағы менменшілдік, пендешілік сынды қасиеттерді жан-жақты қырынан ашуға тырысқан.

Рамеоның ролін – Құлғараев Бердібек, Джульеттаны –Серғазина Жанел, Тибальтті – Есжан Асет, Бенволионы – Рақмет Мақсат, Меркуционы – Қасымшал Дастан, күтушіні – Нұрбекова Толқын сомдады. Күтушіні сомдаған жас әртіс Толқын Нұрбекованың өнері жұртшылықтың ерекше  ықыласына бөленді.

Дегенмен, қойылымның кемшіліктері де жоқ емес. Театрдың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмаған ұжымның жұмыстарында идеалық көркемдік жағынан кемшіліктер , текстологиялық қателіктермен қоса техникалық ақаулар баршылық.


Қойылым соңында Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының проректоры  Құлбаев Аман Бекенұлы сахна төріне көтеріліп, мюзиклдың қойылуына ат салысқан барлық қауымға алғыс айтып, студенттерге, жас режиссерге ақ батасын берді.

15255 8
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 15 мамыр 2012, 15:15
Тегтер: Рамео мен джульетта, Т. Жүргенов академиясы, Ғ.Мүсірепов театры
Пікірлер
+0
15 мамыр 2012, 15:37

Бала театрда кезінде осы қойылым "Махаббат айдыны" деген атпен көрсетіліп еді. Қазір репертуарда жоқ. Бірақ, оның орнын толтырған мынадай мюзиклдың бары қуантады

+0
15 мамыр 2012, 15:41

Бірақ мюзикл көшіліктің ішін пыстырып жіберген сияқты. Бір досымды алғаш рет апарып едім театрға ұялыыып кеттім. Іші пысып зорға отырды. Бір қарасам агентке кіріп алыпты... :mrgreen:

+0
15 мамыр 2012, 15:55

қашан барып жүрсіндер а! ;)

+0
15 мамыр 2012, 16:05

Шерзат барған ғой, алғаш рет. Ұят болды!

+0
15 мамыр 2012, 16:05

Сендер тауда қап-қара боп күйіп жүргендеее!
;)

+0
15 мамыр 2012, 20:59

көргім келеді. Көш жүре түзеледі дейді, сол себеп тек сәттілік тілеймін!!!

+0
16 мамыр 2012, 12:40

Әрине,алғашқы кемшіліктердің болуы заңдылық!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев