Семейде 1975 жылы туған А. есімді тұрғын көлігінде өзін-өзі өртеп өлтірді.
жеке
блог

Семейде 1975 жылы туған А. есімді тұрғын көлігінде өзін-өзі өртеп өлтірді.

«Семейде 1975 жылы туған А. есімді тұрғын көлігінде өзін-өзі өртеп өлді деп хабарлады Азаттыққа Семей қалалық ішкі істер басқармасынан.

Басқарманың мемлекеттік тіл және ақпараттық бөлімінің жетекшісі Елубек Оспановтың айтуына қарағанда, қайғылы оқиға 24 сәуір күні түс кезінде болған. Марқұм Семей қаласының шет жағындағы үйінің жанында өз көлігінің ішінде өзін-өзі өртеп, сол жерде жан тапсырған.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-тармағы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша соталды тергеу басталып, полиция қайғылы оқиғаның себептерін анықтап жатыр.» - деп хабарлайды http://www.azattyq.org

 

Қоғам қалай қарай өзгеріп барады? Жаңалық мені тітіркентіп, жүрегімді ауыртты, қорқыныш сезімі бой алды. «Атың шықпаса жер өрте» - деген қате, Ұлы Абай да қолдамаған мақалды еске түсіретін бұл оқиға, жантүршігерлік жайт жүректегі үрейді оятпай қоймайды.

Дүниеде мен үшін ең ауыр өлім – отқа оранып бұл дүниемен қоштасу мен көгілдір көк тұңғиық суда мәңгілік ұйқыға кету...

         Өзін-өзі отқа орау, тіпті, қатыгездік. Өзі былай тұрсын, туған туысы мен таныстарын, жақындарын ойласа қайтеді, шіркін! Қарға да баласын аппағым дейді демекші, отқа оранған ұлын көргенде ананың жаны тірідей өлікке айналмайды ма? Іш құса болып жаны ауырмайды ма?

Достар, жастар, әр қадамды аңдап, ойлап басу керек. Себебі, өмір – ойыншық емес.