Ән кейіпкерлері

Ән кейіпкерлері
жеке
блог

Халық арасында кеңінен таралып, ел аузында жүрген әндердің көпшілігінің кейіпкері кім екені жалпақ жұртқа беймәлім болып жатады. Алайда әрбір әннің өзіндік тарихы бар.

Атақты «АБК» триосының бағын ашқан «Тамшылар» әнінің тарихы қызық. Әннің композиторы Ахмедия Есмұханов бұл әнді өзінің алғашқы махаббатына арнаған. Түсінде сүйіктісі  терезені қағып, өзіне шақырады. Оянып кетіп, терезеге жақындаған сазгер жаңбыр жауып, тамшылардың тамып жатқанын көреді. Тамшылардың тамысы сазгердің жүрегіне ән болып құйылады.

«Кешкі кездесу» бағдарламасының студиясына АБК тобының орындауындағы «Тамшылар», Өктем Алтаевтың орындауындағы «Жаным», Төреғалидың орындауындағы «Жүрек көнбейді», Абай Бегейдің орындауындағы «Аспанға қараймын» әндерінің авторлары мен аталмыш әндердің кейіпкерлері шақырылады.  

Белгілі туындының белгісіз кейіпкерлері. Олар кімдер? Сіз бен біздің сүйікті әуендеріміздің шығуына себепкер болған жандармен сырлы сұхбатты Еуразия бірінші арнасының эфирінен сенбі күні 21:00-де тамашалаңыздар.