Қазақ қашанда қазыналы қарттарын құрметтеген

Қазақ қашанда қазыналы қарттарын құрметтеген
жеке
блог

Сәлем, Массагеттіктер!

Аздап жарақат алып ауруханаға түстім, келген күні палатадағы көршім Төлеубек атаның көзіндегі мұңды байқадым, жақын тартып сөйлесуге мүмкіндік болмай жүрді, бүгін асханадан бірге шығып атаны сөзге тартым. Төлеубек атаның кемпірі және жалғыз ұлы мен келіні, 8 жасар немересі болыпты, осыдан бір жыл бұрын кемпірі мен жалғызы апатқа ұшырап ата келінімен немересінің қолында қалыпты.

Атаның бүгін ауруханадан шығатын күні екен, үйдің шатырынан су аққан екен соны жөндеймін деп мертігіп 15 күн бұрын ауруханаға түсіпті. Енді өз үйіне қайтқысы келмейді. Немеремді сағындым келінімді көргім келмейді дейді, қаладағы қарттар үйіне барғысы келеді екен.

Достар, массагет қолданушылары араларыңызда қарттар үйіне барғандарыңыз болса сіздерден сұрайын деп едім еліміздегі қартар үйінің жағдайы телеарналардан көрсететіндей ме әлде кейбіреулерінде ғана жағдай жасалған ба? Нақты факт барма өз көздерінмен көрген. Мені Төлеубек атаның болашағы алаңдатады, мен ол атаға 2-3 күнен кейін үйіне іздеп барып қарттар үйі жайлы мәлімет айтуға уәде беріп кеттім. Ертең, Алла қаласа, арнайы барып көріп қайтпақпын, қаламыздағы қарттар үйін. Бірақ оған дейін, Сіздердің ойларынды білейін деген едім және кеңестерін мен пікірлерін болса, бөлісе отырсаңыздар!

 

Р.S: Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Аллаhтың разылығы - ата-ананың разылығында, Аллаhтың ашуы ата-ананың ашуында жатыр»,- деген.