Жақсылық жасап жарысайық
жеке
блог

Жақсылық жасап жарысайық

 Өмір адамға бір-ақ рет беріледі.Ал әр адам өз өмірін жарқында жақсылыққа толы етіп өткізу өзінің қолында.Кейбірі ата-анасына керек затымды алып бер дөрекілік етіп дауыч көтеріп жатады.Ал сол мейірімге зар болып,есікті термілте әкесі мен анасын күтетін бейкүнә балалардың саны қаншама көп екендігін білмей жатады.Жақында үлкен жиналыс болып жатқан жерден қолымызға бір шақыру қағазы түсті.Көбіне мән бере бермейтінбіз,барлық шақырулар көбіне орысша болғандықтан.Алайда,жақын арада Ақ Үміт атты балалар үйінде қаржы тапшылығына байланысты үлкен жәрмеңке болады деген шақыру екен.Тобымда бұл жаңалықты қуана-қуана кеклісті.Барлығымыз барғанша асығып,іштей үрейлей түсті.Аптаның соңы таяп,барлығымыз жиналып бардық.Қыздар үйлерінен жаңа киім,ойыншықтар да ала келіпті.Балалар саны 36 екен,көбісі қыздар.Барлығы мерекеге атсалысып қуана дайындалып жүр.Жүрегімді елжіреткені барлық балалар сондағы тәрбиеші апайды да аспазшы апайлардың барлығын ана деп атайды екен.Балалардың есімдері де өте әдемі Пайғамбарымыздың 99-есім кітабынан қойылған екен.Сатылып тұрған бәліштер мен бауырсақтар қолдан жасалған сондай дәмді әрі бағасы да қолайлы екен.Бейкүнә балалар ешкімнен жатырқамай бізбен танысып дос болып кетті.Балалардың ішінде жаныма Амир есімді 3 жасар бала маған күліп қарап қойып құшақтап алды.Сондағы сезімімді айтып жеткізе алмаспын..Ана мен әкемнің құшағында еркелегенім есіме түсіп кетті,менің көз жасымды көріп қолымен сүртіп күлімсіреп тұрды.Бұл өмірде Тағдырға не жазсада соны көреміз,одан қашып кете алмаспыз.Аллам балаларға осындай ғұмырды берсе одан шығатын ақыл мен күш-жігер қоса береді.Жақслық жасадым деуге келмес бұл күнді,алайда үлкен болып жұмыс жасап ақша тапсам әлбетте жақсылық жасаймын.Бұл менің парызым да әрі жанымның тыныштығы.Қолдан келгенше бір күнімізді арнап балалармен тілдесіп, ақыл әпкелік ақыл кеңесімізді айтайық,қаржылайда көмек беріп жатсақ еш зияны жоқ.