Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Жұлдыздары қарсы

Жұлдыздары қарсы

Жұлдыздары қарсы

Гороскоп совместимости дегенді қазақша қалай аударады өзі? )) Әзірге сол жұлдыздардың сәйкестігі дей тұрайыншы. Очм, сол сендер соған сенесіңдер ме? Көп адам, әлбетте сенбейді. Әсіресе өз жұбымен сәйкестігі жоқ екендігін білсе. Далбаса деп қоя салады.

Мен мысалы сенемін. Және осыған сенейін деген мақсаттан пайда болған жоқ ол. Өмірлік тәжірибем бойынша бақыладым. Менің жұлдызым егіздер болған соң жұлдыздар сәйкестігі бойынша балықтар, бикештер, мергендермен сәйкес емес дегенді оқығанмын. Мергендердің біраз қылықтары раздражать етсе де, олармен былай сөйлесемін, ал балықтармен, бикештермен әрдайым сөздерім жараспай қалатын кездерім көп болды. 

Бірақ бұл тіптен араласпау дегенді білдірмейді. Әрбірінің бойынан саған ұнамайтын қасиеттерді байқап қаласың. Және сол қасиеттермен өмір бойы алысуды өз мойныңа аласың ба, әлде сәйкестік іздеп тағы жүресің бе, өзің білесің. 

Бір жағынан қарап тұрсақ, бұл сәйкестіктерді қарапайым адамдар жасайды ғой. Және ақша табу үшін ойдан көп нәрсе қосуы да мүмкін. Жалпы, осы жұлдыздар сәйкестігіне қалай қарайсыздар? Өз тәжірибелеріңізден бөліссеңіздер.

17167 0
Рейтинг: +0

Автор: Anara Mustafina
Жазылған уақыты: 13 мамыр 2012, 14:49
Тегтер: жұлдыздар сәйкестігі, гороскоп совместимости
Пікірлер
+0
13 мамыр 2012, 15:29

)) жақсы тақырып қозғапсың..) осыны мен де кезінде біршама зерттеп едім. СОндағы түйгенім мынау.

Уопшым, гороскопты жасаған жігіттер бұл ғылымды қала үйренгенін, қандай қайнар көзден сусындайтынын білмеймін. Бірақ осы сәйкестікке байланысты айтатын әңгімелері 100 пайызға жақын деңгейде дәл келеді. Бірақ бұл теоремалар тек екі адам бір-бірімен жақын араласқанда ғана жұмыс істейді. Қарапайым тілмен айтқанда, екі адам қыз бен жігіт болып жүргенде ғана. Тағы да басқаша айтсақ, екі жас бір-біріне байланғанда, күнделікті өмірлері бір-бірімен тығыз байланысты екенін сезінгенде жұмыс істейді.

Түсінгенім - жұлдызы сәйкес емес адамдар бір-бірін психологиялық деңгейде түсіне алмайды.

Ал күнделікті достық, ресми, ұжымдық қатынаста бұларға аса назар аудармауға болады. Қысқасы барлық адамның тілін тауып, белгілі деңгейде араласуға ешқандай кедергі жоқ. Тек өзіңе жақын тартып, өміріңді өткізетін адамға келгенде ерекше жауапкершілікпен келу керек.

Осыдан белгілі болғандай, әр адамның рухани қалауы әр түрлі болады. Бірі тыныштықты қалап, сүйгенінің өзіне байланып, қасында болғанын қаласа; бірі жігіттің өзіне тым жақындап, мәймөңкелеп жүргенін ұнатпай, көңілінің өзіне қатты байланбағанын қалайды.

Сосын осы ғылымның қалай пайда болғанын, кім ойлап тапқанын білетін адам бар ма екен. Маған бәрінен сол қызық... :P :P

+0
13 мамыр 2012, 15:46

Еркебұлан, астрологя тарихы туралы айтып беруші едім, но ұзақ әңгіме... Бастысы, сәйкестік деген заттың бар екендігінде және оның жұмыс жасайтындығында, сенеміз бе, сенбейміз бе, маңызы жоқ... Көп адамдар оны жоққа шығара салады, сәйкестік көріп тұрса, да кездейсоқтық деп ақталады. Бірақ, егер кішкене соған мән берсе, зерттеп қараса, ол шын. Мысалы, мені өмір бойы Таразылар қызықтырады, солармен жақсы араласып, тіл табыса аламын. Оны гороскоп туралы оқымай тұрғанда-ақ білетінмін. Кейіннен, оны түсіндім. Ол деген міндетті түрде қыз бен жігіттің ара-қатынасы болуы шарт емес. Менің мамам, сіңлім, достарым, көбісі Таразы. Өзім сондай адамдарға тартыламын ба деп ойлаушы едім...

+0
13 мамыр 2012, 15:49

Таразы мен Егіздер де жақсы тіл табысады. Махаббатта да, достық та да. Мен де мамаммен подружкамын. Ол да таразы. :)

+0
13 мамыр 2012, 15:51

О, мамаң Таразы ма? Менің мамамның мінезі оңай емес, охххх, папаға не повезло деп кұлем кейде. Сенің мамаң қандай?

+0
13 мамыр 2012, 15:54

Менің мамам өз айтқанымен ғана жүреді. Істегісі келсе істейді, істегісі келмесе істей алатын нәрсесін ғана жасайды. Мысалы, тамаққа байланысты. Особо күйіп-пісіп ұнайыншы деп тырыспайды. Оны қалай бар, солай қабылдауды құп көреді. Сабырлы, паника көтеріп, айқай-шуға бармайды. Өзін сондайдан аулақ ұстауға тырысады.

+0
13 мамыр 2012, 19:35

Менің мамам қайта егіздер, сол үшін біз де құрбылармыз)))))))

+0
16 мамыр 2012, 23:57

менде таразымын ;)

+0
13 мамыр 2012, 15:47

Мынау Елбарыс деген кім деп қоям )))) Атың неге байланысты өзгеріп кеткен? Әлде сен де Сәкен құсап, гуглдан табылып жатырсң ба? :lol: Мына пікіріңмен толық қосыламын. :!:

+0
13 мамыр 2012, 15:39

Хехе, мен де сенемін))) Қатты сенемін. Таразыларға балықтар мүлдем, мүлдем сәйкес емес белгі екен, басында көңіл бөлмесем де, соңына келе таза шындық екенін ұқтым. Мысалы, от тобына жататын жұлдыз белгілерімен қарым-қатынасым жақсы, ал су белгілерімен - жаман. Ауа белгілерімен жақсы, жер белгілерімен онша емес.

+0
13 мамыр 2012, 15:41

таразысың ба? екеуміз жарасып ақ кететін сияқтымыз :lol: :lol: :lol:

+0
13 мамыр 2012, 19:36

әпкеңе қалай - қалай сөйлейсің, бала-ау?))))))))))))))))))

+0
13 мамыр 2012, 20:25

әпке мен інінің жарастығы вообще күшті болады ғо :P

+0
13 мамыр 2012, 15:50

Балықтарды ұнапаймын, қыз болсын, жігіт болсын. Неопределенные люди, қыздары шекетен тыс тәуелсіз, басына келгендерін жасайды, басқа адамдардың ойымен санаса бермейді. Ал, жігіттері, әлжуаз романтиктер, көп айтады, бірақ істері оған келе бермейді.

+0
13 мамыр 2012, 15:52

Иә, және өз айтқандарынан қайтпайды ғой. :evil:

+0
13 мамыр 2012, 17:33

Мадлен, суқұйғышқа қалай қарайсың? Бірақ суқұйғыштар көбіне адамның қалай қарайтынына қарамайды...

+0
13 мамыр 2012, 17:42

Ботик, баяяяяяғыда Гүлстан деген қыз Суқұйғышт-жігіті мен өзінің (өзі Тоқты, мен сияқты) сәйкестігі туралы сұраған болатын Керекинфода. Сол кезде былай деп жауап беріппін:

Сен Тоқтысың ғой. Тоқты-қыздар мен Суқұйғыш-жігіттердің жұбында Тоқты доминант болып алады. Суқұйғыш бұған қарсылық білдіре қоймас. Тек оның еркіндігіне тимесең болды. Мені, Тоқты ретінде, Суқұйғыштар бесят. Тым равнодушные. Оларда өмірінің мақсаты жоқтай болып көрінеді. Махаббатқа сене бермейді, отбасын ақыл махаббатымен құрады. Әйелін көбіне дос ретінде көреді. Тоқтымен қосылса, жалпы оның мойнына асылып алатын шығар деп ойлаймын. Ондайды болғызбау үшін Тоқты безілдеп жүріп, түртпектеп жүріп көмектесу керек болады.

Егер Суқұйғышпен қосылатын болсаң оны өз жайына қалдырып, тиісе бермеуді уйренуің керек. И в то же время карьерасында, финансы жағынан табысқа жету үшін жаныңды салып көмектесетін боласың.

+0
13 мамыр 2012, 18:12

:D мен суқұйғыш, ал досым тоқты)))

+0
13 мамыр 2012, 18:15

Аида,сенің жағдайыңда керісінше болып тұр ғой. Менің анау жазғаным әйел тоқты болған кезде.

+0
13 мамыр 2012, 18:18

білемін)) бірақ оқып отырсам, айырмашылығы жоқ сияқты... ;)

+0
13 мамыр 2012, 18:39

сонда қалай? ана сипаттама сендерге келе ме?

+0
13 мамыр 2012, 23:44

басы келетін сияқты))

+0
14 мамыр 2012, 12:42

онда қуаныштымын!

+0
13 мамыр 2012, 20:10

әлжуаз романтиктер дегенге эгоисттер, кез келген мәселеден сытылып шығып кететін сволочьтар, жауапкершіліктен жұрдайлар дегенді де қосып қой))))))))

+0
13 мамыр 2012, 20:20

в точку!

+0
14 мамыр 2012, 15:09

хмм... бұрылыстарда байқасаң қайтеді? :?

+0
14 мамыр 2012, 15:37

айттым ғой, сене берме жұлдыз жорамалға деп )))

+0
13 мамыр 2012, 15:56

торпақтар туралы да бірдеңе айтсаңдарш

+0
13 мамыр 2012, 16:06

Мен білетін Жігіт-Торпақтар сондай байсалды, салмақты адамдар. Ақылмен жүретін, жүректен гөрі ақыл махаббатын үстем қоя алатындар қатарынан. Сол үшін де, торпақтарды ұнатып қалған қыздарға, егер махаббаттары жауапсыз болса, олардың жүрегін жаулап аламын деп ұрыну бекер. Бәрібір оларды таңдамайды. Ұнатқан адамын ұзақ тексереді, сыннан өткізеді. Сыннан сүрінсе, аяусыз тастап кете алады. Ал, егер сәтті болса, өмір бойы сонымен бірге болуға дайын.

+0
16 мамыр 2012, 13:28

рас айтасың! торпақтар сондай, торпақтар жаман... )))

+0
12 мамыр 2013, 11:47

дәл айтылған,өзіне тым сенімді болғаны үшін Таразы белгісіндегі арулар Торпақ белгісіндегі ұлдарды ұнатады екен басым бөлігі

+0
13 мамыр 2012, 15:58

Мен мысалы, Тоқтымын. Көптеген гороскоп-ресурстарда бізді сондай бір бомба, эмоциялардың жиыны деп сипаттайды. Келісемін :D Бірақ, соған қармай, көңілім бірден түсіп кететін сәттер де өте көп. Яғни, көңіл-күйде ауыту көп. Сондай жеңілтек мінезді көтеретін Таразылар, Шаяндармен жақсы араласам. Ал, мысалы, Арыстандар немесе Тауешкілер менің ондай еркелігімді көтермейді. Себебі, мінездері менен қарағанда басым, оларға тез жеңілем и айтқандарына тез сеніп, соларға ерем

+0
14 мамыр 2012, 12:12

Тауешкілер туралы айтыңызшы

+0
14 мамыр 2012, 12:28

Ақмарал, тауешкі сен ба әлде басқа адамды сұрап жатсың ба? Қыз немесе жігіт дегенге байланысты ғой. Өзіңе болса, баяғыдағы бір жазбада сол баяғы керекинфода мынадай пікір қалдырған екенмін:

Тауешкі-қыздар кішкентай кезінен өздеріне не керек екенін біліп туатындар, мақсатын анық көреді, өз болашағын бүгіннен бастап жоспарлай алады. Сосын өз пікірін басқа адамдарға внушать ете алатын қасиеттері жақсы. Жан-жағындағылардың барлығын өз ойына еліктіре алады. Сондай қу.

+0
14 мамыр 2012, 12:32

Рахмет сізге! Әрине мен Тауешкі. Барлығына келісемін. (қу дегенге келіспейтін сияқтымын) :D

+0
14 мамыр 2012, 12:41

Ақмарал, қу дегенді неге жаман мағынасында түсінесің? Ол деген ең жақсы қасиет қой ))) Айламен, амалмен жүретін, ойындағысын 100 пайыз жүзеге асыра алатын тауешкілердің ондай сипаты маған қатты ұнайды. Харизма бар оларда, сенімділік бар. Сол үшін де жылдам, әрі қу болып көрінеді. Ол деген бірден көзге түспеуі де мүмкін, бірақ мен білетін тауешкілер өте пысық, жолда қалмайтын адамдар.

+0
14 мамыр 2012, 13:12

Айтқандарыңыздың бәріне қосыламын. Рахмет сізге тағыда. Мүмкін ондай қасиетімді әлі байқамаған шығармын, сондықтан айтып жатқаным ғой. Айып етпеңіз.

+0
17 мамыр 2012, 21:18

мен шаянмын :)

+0
13 мамыр 2012, 16:12

Сосын, жұлдыз жоралда Ерлер мен Әйелдердің сипаттамалры көбіне бөлек қаралуы керек. Бір жұлдыздағы қыз бен жігіттің мінездемелері 2 түрлі болуы мүмкін.

Және адамның темпераменті мен мінезіндегі өзіндік ерекшеліктерге көңіл бөлі керек. Сонда ғана дұрыс сәйкестік жасауға болады.

И наконец, жұлдыз жорамалды: сәйкестік, болжам, сипаттама - барлығын да 100 пайызға қабылдауға болмайды. 50 де 50 принципі бар.

+0
13 наурыз 2015, 10:59

Сәлеметсіздерме Мадлен Апки мен токтымын маған минез жагынан болсын шығармашылық жағынанда бере алатын пикирлериниз болса айтып бересизбе?

+0
13 мамыр 2012, 18:26

Негізі бар дейді ғой совместимость, бірақ мен осы жазбаны оқығанға дейін гороскопқа былайша көңіл бөлмеппін, шыны керек мән бермейді екем. Ал Жұлдызым Арыстан ;)

+0
13 мамыр 2012, 19:46

Бір күні әдеттегідей жайбарақат шәй ішіп отырғанда, Ерағаның жұлдыз жорамалмен айналысатыны айтылып қалды. Сонда бәріміз қызық көріп "Мен қандаймын? Менің жұлдызым қандай, айтыңызшы?" деп ағаны сұрақтың астына алдық-ай келіп. Ол кісі әрқайсымыздың жұлдызымызды ойланып отырып, дәл айтып отырды. Кезек маған келгенде, аға маған ұзақ қарап отырды-отырды да, "Сен Таразысың" деді. Сол күннен бастап, жұлдыз-жорамалға сенетін болдым. Тегін емес. П.С: Мына жерде жақсы пікіралмасу болған екен.

+0
13 мамыр 2012, 21:32

мен суқұйғышпын.қыздардың гороскоптарын оқымаймын кейде танертен келе жатқанда радиодан беріп жатады, сонда сәйкестігі кейде болады рас.

+0
14 мамыр 2012, 10:55

Ұшқын екеуміз ұқсаймыз ғой

+0
14 мамыр 2012, 14:21

ұқсаймыз ба? сіз де таразы екенсің ғой :) :) :)

+0
13 мамыр 2012, 21:48

Соншалықты сенбеймін. Бірақ, бикештермен тіл табыса алмаймын.

+0
17 мамыр 2012, 21:20

менде бикештермен тіл табыса алмаймын

+0
14 мамыр 2012, 10:06

Мен - суқұйғышпын. Жұлдызнамаға аса сене бермеймін. Бірақ өмірлік басқосуда суқұйғыш жігіттерден сақтанамын.

+0
14 мамыр 2012, 10:07

Неге? Суқұйғыштар мен суқұйғыштар жақсы келеді ғой. :)

+0
14 мамыр 2012, 10:15

Білуімше, суқұйғыштардың мінездері бірдей болып келеді. Әрі, өмірімде болған еді сондай жағдай. Сондықтан шығар, бір шақырым аулақ жүремін.

+0
14 мамыр 2012, 10:17

балық жұлдызынан қатты қорқамын

+0
14 мамыр 2012, 10:36

Неге? :shock:

+0
14 мамыр 2012, 10:35

көбіне мән бермеуге тырысам

+0
14 мамыр 2012, 10:56

Білгішбектер болса айтыңдаршы, таразыға кімдер сәйкес келеді?

+0
14 мамыр 2012, 11:08

Таразы ауа белгілеріне жатады. Ауада от жақсы жанады және өзі сияқты ауа тобындағы белгілермен жақсы. Ауа тобына: суқұйғыш, егіздер, таразы жатады. Ал от белгілеріне: тоқты, арыстан, мергендер. Яғни осы белгілермен жақсы келеді. Су тобындағы және топырақ тобындағылармен көбіне көп сөз жараспайды. :geek:

+0
14 мамыр 2012, 12:30

Анар дұрыс айтад.
Өзімнен қосарым:

Көптеген жұлдыз жорамалдарда Тоқты мен Таразыдан идеал жұп шығады дейді. Тоқтының агрессивті, эмоциональды мінезіне жұлдыздардан ең салмақтысы Таразы ғана шыдай алатын болғандықтан шығар. Таразылар шектен тыс көп ойланады, анализ, синтездің түбін түсіреді. Ал Тоқтылар өздерінің оптимистік көзқкарастарымен, пысықтықтарымен Таразыларды құтқарады деп ойлаймын.

Әрине, кемшіліктер де бар. Тоқтылар қызба болып келеді. Ал Таразылар өздерін тым жақсы көреді. Кейде сүйеніш іздегенде, бір-біріне уступать етуге шамалары жетпей, көкіректеніп қалады екеуі де.

+0
14 мамыр 2012, 13:21

қыз таразылар қандайлармен жақсы жұп болады айтып жіберші

+0
14 мамыр 2012, 13:56

Жаным-ау, саған мың рет астпрогноз жасап берген едім ғой!!! Жараааайды, енді, тағы бірдемелер айтайын...
Джоанна Вулфолк деген профи-астролог бар. Соның айтуынша:
1. Таразы (әйел)-Тоқты
Жақсы жұп шығады, бірақ отбасы құруға жетпей қалуы мүмкін.
2. Таразы-Торпақ
Ойын мен ләззатқа толы жұп, бірақ ұзақ қарым-қатынасқа жеткізбеген дұрыс.
3. Таразы-Егіздер
Тамаша жұп, сен армандағандай, бақытты жанұя шығады.
4. Таразы-Шаян
Шыдауға болады, дегенмен, қызықсыз.
5. Таразы-Арыстан
Ыстық махаббат, көп эмоция, морально шаршау - соның барлығынан өтсе, жап-жақсы отбасы шығады.
6. Таразы-Бикеш
Өте подозрительно ) Соңы жақсыға апармайды.
7. Таразы-Таразы
Бір-бірінен көп зат күтпеуді үйренгенде ғана, әдемі жұп шығуы мүмкін.
8. Таразы-Сарышаян
Екі жақтан да суперстрасть сезіледі. Скандалға толы қарым-қатынас, қызғанышқа толы. Жанұя құрса, осылармен күресуді уйрену керек болады.
9. Таразы-Мерген
Екеуі де бір-бірін ешқашан жалықтырмайды, но Таразыға өмірлік сенімді жар бола алмайды.
10. Таразы-Тауешкі
Біреуі арманшыл, біреуі тым пысық. Тез ажырасып кетеді.
11. Таразы-Суқұйғыш
Екеуінің ортақ қызуғышылықтары көп, ортақ достары көп. Чувственные отношения, жанұя құруға әбден болады.
12. Таразы-Балықтар
Толық сәйкессіздік. Екеуі де доминант болғысы келмейді.

+0
14 мамыр 2012, 14:03

рахмет ;) Егіздер таныстарымды іздейін

+0
14 мамыр 2012, 16:54

Суқұйғыш та іздей бер ;) 1. Таразы-Суқұйғыш
Екеуінің ортақ қызуғышылықтары көп, ортақ достары көп. Чувственные отношения, жанұя құруға әбден болады. :)

+0
14 мамыр 2012, 18:33

Суқұйғыштар демекші әкеммен жақсы тіл табысам, тіпті досымдай болып кеткен. Ал, бір кісілер жағынан жолым болмаған сияқты....

+0
14 мамыр 2012, 18:54

:P Одан басқа Суқұйғыш ізде! "Іздеген табады"-дегендей ;)

+0
14 мамыр 2012, 18:56

ол процесс іске кірісіп кетті :lol:

+0
14 мамыр 2012, 17:03

ой Мадлен, бәрін талдап беріпсің ғой. Егіз... егіз дейсің бе?! мм ;) Миыма сақтап жүретін боламын! :)

+0
14 мамыр 2012, 18:34

:lol: :lol: :lol:

+0
18 қаңтар 2013, 11:00

сарфшаяндарды ше)))

+0
18 қаңтар 2013, 11:02

көреміз)))

+0
14 мамыр 2012, 14:14

Балықтар дегенге күліп отырмын,в точку! ))

+0
14 мамыр 2012, 14:16

Таразылар өздері туралы сұрай беред, надоели вы ващпе ))))
ПС. Сендерді жақсы көрем бар ғой, айта берем мен де )))

+0
14 мамыр 2012, 14:26

Сені қоршағанның көбі таразы ғой енді :lol: мен, Эльви, Айжантабын, Жалғас тағы кім ба еді?

+0
14 мамыр 2012, 16:55

Таразылардың қатарында Біздің Сәкен де бар! :)

+0
14 мамыр 2012, 14:27

Мен сұрамасам да, Айжик сұрап жатыр екен))) Содан пользуясь случаем)))))

+0
14 мамыр 2012, 14:34

Болды енді, маған сеніп жұлдыз санап отырмай, далаға шығып, көздеріңді ашыңдар!

+0
14 мамыр 2012, 11:11

Жер деген планетамыздағы 7млрд. адамды бір линейкаға (12 )тізіп қою сандырақ!Қазақстан арнасының таңертеңгі жүргізушісі гороскоп жайлы интернет лимити біткенде ойымызға келгенді сандырақтай береміз деуші ед.қараңғылық,сонша ғалымдар осымен айналысып жатса да

+0
14 мамыр 2012, 11:13

күнделікті Сізді мына-мына жағдайлар күтіп тұр дегенге сенбеймін, ал әр жұлдызға берілетін сипатқа сенуге болады, жұлдызым Шаян, барлығымен жақсы тіл табысамын, әсіресе Шаяндармен ;)

+0
14 мамыр 2012, 11:14

ой жарайсың.вовшм ешкімге сенбе.ақылыңа сен деееп қоя ма

+0
14 мамыр 2012, 12:36

Шаяндарды жанымнан жақсы көремін. Қыздары да, жігіттері де сондай жұмсақ мінезді, талғампаз болып келеді. Әсіресе, жігіттері гардеробына қатты көңіл бөледі, бір жерге барар алдын мың толғанып барып киім таңдайды, Тазалыққа жаны құмар, ұқыпты жандар. Кішкене қиялға берілгіш. Маңызды шешім қабылдаулары қиын, әсіресе, таңдау керек болса. Қандай таңдау екені маңызды емес. Мынаусы ма, анаусы ма десең, ойланып қалады, ал шын мәнінде ол деген мелочь болуы мүкін ))) Басты кемшіліктері осы ғой деймін. Сүйкімді, махаббатта жолдары болғыш.

+0
14 мамыр 2012, 12:41

толық келісемін, әсіресе, Елбасын көбі түсінбей жатады, неге былай-былай жасамайды деп, бірден үзілді-кесілді шешім жасау өте қиын, көңілге қатты қараймыз, киім жағы прям в 10-ку, шаян жігіттері үстеріне сұмдық керемет қарайды, ал қыздарынан жақсы ана, жар шығады!

+0
17 мамыр 2012, 21:23

мененде ма??? :D

+0
17 мамыр 2012, 21:22

мен шаянмын айтқаныңыз тура ғой

+0
14 мамыр 2012, 12:34

Арыстандар туралы да әу деп жіберіңіздерші, біліп жүрейік

+0
14 мамыр 2012, 13:18

Арыстандарды сондай жақсы білмеймін, бірақ ортақ стереотиптерді айтайын. Арыстан әйелдер өздерінің жұлдызына сай делінеді. Маңғаз, сәнқой, көп асықпайтын, жігіттерді артынан жүгіртіп қойып, еш қиналмай барлығымен де араласып жүре алатын, өзінің келбетіне сенетін, өзін мақтан тұтатын, барлығына өзін үлгі ретінде көрсетуден жалықпайтын сондай персоналар ))) Әрине, мұның барлығы тым асыра айтылған болуы мүмкін, дегенмен, шынымен де, олардың мінезінде сондай өзін басым көрсете алатын қасиет бар. Ухажерлары, жалпы, өмірінде, әр түрлі статустағы ерлер көп. Себебі, оларға көбіне жігіттермен араласқан оңайырақ.
Сосын, қаншалықты өз жақындарына жақсы қыз, жақсы әйел, жақсы ана, жақсы сіңлі болғанымен, олардың жеке басына деген кемсітушілік есітсе немесе намысына тию байқаса, аямай жазалайды ))) Ну, в смысле, кешірмейді )))

+0
14 мамыр 2012, 16:06

ой Мадлен білгішсінбеші,оқыдым нервим ауырды.Бір көріпкел сияқты отырысын

+0
14 мамыр 2012, 16:15

Нервыңызды ауыртпай, басқа тақырыптарды талқылай беріңізші. Бізге астрология қызық. :!:

+0
14 мамыр 2012, 16:25

Қызығыңды оқи бер! Маған тиме! Не талқылайтынымды сенен сұрамаймын! Астрологияға қол қойдым. Құдай барн жасайды,ни какой то там астрология,келіспейм деш.......

+0
14 мамыр 2012, 16:26

Біз де не талқылағанымызды өзіміз білеміз. Өз философияңыз өзіңізде, біздікі де өзімізде. Сондықтан бір-біріміздің ойларымызды сыйлай білейік.

+0
14 мамыр 2012, 16:37

Ойбаааай!!!! Ойыңды сыйлап қалдым! Ойбааай!!! Астрологияға түкірдім де қол қойдым!

+0
14 мамыр 2012, 16:38

Астрология сенің түкіргеніңе мұқтаж емес.

+0
14 мамыр 2012, 16:39

Маған мұқтаж!

+0
15 мамыр 2012, 13:30

Жалпы келеді енді, асыра айтылғандары да бар, рақмет ;)

+0
14 мамыр 2012, 13:28

Жұлдызнамаға сенбеймін. Бірақ қызық үшін оқимын, сондашын айтып тұрғандай көрініп кетеді. Мектепте оқып жүргенде жұлдызнамаға, хиромантияға қатты қызығып, кітаптарын оқып едім. Өзім ешкімнің жұлдызнамасына қараған емеспін. Бірақ көпшілігі скорпион екенімді білгенде "әй, бәсе" дейді.

+0
14 мамыр 2012, 15:12

Мадлен ханумға сұрақ: неге астропрогноз айтылғанда, бәріне ұзақ-ұзақ айтып келіп, Балықтарға қысқа сөйлеммен бітіре салады? Мысалы, "Балықтар: Бұл аптада достықты махаббатпен шатастырмаңыз" деп. Әлде бізге келгенде фантазиялары таусылып қала ма? Өзім біртүрлі недогон болып қалам ще. :lol:

+0
14 мамыр 2012, 15:41

Туф, осы сендерді ма??? Керекинфода езген едік ғой бұл тақырыпты!!! Тағы жазам спешал фо ю, бэйби:

Балықтар 2ге бөлінеді: ағыспен жүретін және ағысқа қарсы. Сондай противоречивые знаки.
Ағыспен жүретіндері, әсіресе, қыздар өте нәзік, сол нәзіктігімен жүректерді жаулайды. Олардың тағдырын біреулер шеше салса да, қарсы емес. Майысқақ қыздар сондай.

Ағысқа қарсылар тіпті керісінше, жан-тәнімен тырысқақ, бір мақсат қояды да, соған жетпей қоймайды. Пысық болады. Бірдеме дұрыс болмай қалса, қолдарын сермеп кетіп қалмайды. Сосын, бір өзі ойлап тапқан затқа сеніп алса, бетін қайтарып керек емес.

+0
14 мамыр 2012, 15:45

Главный астролог КазНета :D

+0
14 мамыр 2012, 15:57

барлығына құмалақ ашып отыр екенсің мағанда ашып жіберші :)

+0
14 мамыр 2012, 16:38

Құмалаққа сенбеш Бауырым! Оттай береді!

+0
14 мамыр 2012, 16:44

сенен ақыл кім сұрады братишккккаааааа??? қарындасының туалетке барғанын оттағанан жақсы ғой

+0
14 мамыр 2012, 16:47

Туалетке барып,құмалақ шығарса дұрыс! Ал онымен бал ашса БҰРЫС!

+0
14 мамыр 2012, 16:55

Туалетке барып дәрет алса дұрыс, ал содан кейін құмалақпен бал ашса дұрыс! мақалды өзгертпесеңші қазақшаң шала екендігін көрсете бермесеңші :lol:

+0
14 мамыр 2012, 17:35

Жако, сіздің жұлдызыңыз қандай?

+0
15 мамыр 2012, 10:50

Сарышаян

+0
16 мамыр 2012, 13:55

Мадлен сенің жауабыңды күтіп жүрмін

+0
16 мамыр 2012, 23:51

Сарышаяндар тұла бойы қарама-қарсылықтардан тұратын жігіттер ғой. Кейде ол бірден дұрыс шешім қабылдай алатын шапшаң, ақылды, шыдамды болып көрінеді де, кейде, әсіресе қырсықтанғанда, шағып алатындай болып, сіркесі су көтермейтін қызба болып қалады. Басқа адамдардың кемшіліктеріне, әлсіз жақтарына түсіністіпен қарай алмайды, әлсіздерді керісінше жаншып тастағысы келіп тұрады. Себебі, өздері әлсіз жақтарын көрсетпейді, тек алға көз тастайды, ешқашан артқа қайтып, өмірге өкінбейді. Онымен бірге жүрген қыздар жақын таныспағанша, оның жұрттан қатты жасырып жүрген сырлары, комплекстері бар екенін сезбеуі де мүмкін. Өте скрытный серілер 
Басқа жұлдыздара қарағанда, скорпиондар көп қыздармен сәйкес келе алады. Әсіресе, Шаян, Бикеш, Тауешкі және Балықтармен жақсы болады. Осылармен жұптасса, ол сөзсіз доминант болады, ал әйелдер оған толықтай бағынатын болады. Скорпиондар материально, морально жағынан да күшті күйеу, сүйікті әке бола алады, тек оны қолдап отыратын, теріс жаққа құлдырап кетірмейтін жұбы болса болды. :D

+0
17 мамыр 2012, 12:34

Мадлен сенің болжамыңды оқып мен таңқалып отырмын, мені бір реалда танитын танысымдай айтып отырғандай, көп адамдар жақын араласпай мені қызық адам деп баға беріп жатады сыртымнан.
күшті күйеу, сүйікті әке бола алады дегенің болашақтың еншісінде Алла қаласа болашақта сондай болармын

+0
17 мамыр 2012, 16:08

Бұл тек сарышаян ерлерге қатысты ма? "Басқа адамдардың кемшіліктеріне, әлсіз жақтарына түсіністіпен қарай алмайды....." деген жерлері маған да келеді екен.

+0
14 мамыр 2012, 17:06

оны түсіндік қой, бірақ мені ұнатпайтындай не жазып ем? :cry:

+0
14 мамыр 2012, 17:33

Сен сияқты балықтарды жақсы көрем :)

+0
14 мамыр 2012, 17:36

:oops: рахмет. сұрап алдым-ау ақыры :lol:

+0
14 мамыр 2012, 16:42

тағы да :lol:

+0
14 мамыр 2012, 16:46

ҚаҚҚҚааҚАААА

+0
14 мамыр 2012, 17:18

күлкінің жаңа түрі ме бұл? (қақққаақааа) :D

+0
15 мамыр 2012, 08:52

Жоғииии! Ертайдың фирмач күлкісі ғой! :lol:

+0
14 мамыр 2012, 16:47

Samat Kabтың пікірлеріне тәнті болып жүрмін. Познердің бағдарламасына шақырып сұхбаттасса ия? Бұндай кісілердің әр сөзі маржан ғой, шіркін)

+0
14 мамыр 2012, 16:57

Ой рахметтт!!!!!!! Позднер бағдарламасы деген кандай? не знаю :?

+0
14 мамыр 2012, 17:04

Оны қайдан білесің сен сектант :lol: , сектадағы нұсқаулардан басқа дым істемесең)) Өткенде сектанттарды қуған үшін кек алып жүрсің ба мына сайттан ?)))

+0
14 мамыр 2012, 17:05

Не деп тұрсын:? не сектаны айтасың?

+0
14 мамыр 2012, 17:09

анау какой то Еврей ме? зачем?

+0
14 мамыр 2012, 17:36

уже знаю!Сен менің қарындасымды сектант деп дұрсың ба.Выбирай выражение не аты жоқ не заты жоқ адам.Білімді адаммен сөйлескеніңе рахмет айт!!!

+0
14 мамыр 2012, 17:10

Мен - Мергенмін. Анара мен сені раздражать етемін бе негізі? :P

+0
14 мамыр 2012, 17:15

:lol: Жоғи, сен мені раздражать ететіндей қоян-қолтық араласпаймыз ғой. )) Мергендерде бір қасиеттер бар ұнамайтын, бірақ оны айтқым келмейді. Және ол менің ғана ойым болуы мүмкін, бәрінде 100 пайыз сондай деп айта алмаймын. Жақын құрбым мерген. 20 жыл дос болғанмын. Бәрі ойдағыдай. ;)

+0
14 мамыр 2012, 18:38

Түсінікті! 20 жыл дос болған құрбыңның бір қасиеті ұнамайды ғой яғни?! ;)

+0
14 мамыр 2012, 23:09

Назерке, мергендер туралы күшті зат айтайын ба? Бірақ, саған онша келмейтін сияқты... сені онша білмейм да просто....

Мерген-қыздардың мінезі тік болады. Айтқан сөздерінен артық мағына іздеп керек емес, себебі ойында не бар, соны дәл жеткізеді. Егер бірдеңе ұнамай тұрса, қиналып әуре болмайды. Жоқ деді ма, жоқ. Біреулерге бұл мінезі ұнамауы мүмкін, ал кейбіреулер, керісінше, осынысын бағалайды. Ақылды, идеялары басқалардікіне ұқсай бермейді, фантазия дамып кеткен
Сонымен қатар, шыншыл, қарым-қатынаста белгілі бір шарттарға бағынбайды. Еш артық ойсыз кіммен болсын сөйлесіп кете береді, сол үшін де қуғынбай болып көрінеді.
Мергендердің жұбы да өздері сияқты ойын ашық айта салатын, сезімін еш бүкпесіз білдіретін адам болуы керек. Сонда ғана қарым-қатынастары толық, махаббаттары ыстық болады!!! (копирайт өзімде :) )

+0
14 мамыр 2012, 23:42

Дәл сипатталған.

+0
15 мамыр 2012, 10:32

Мадлен, Малочина! Рахмет саған көп-көп!:D Маған сенің айтқан мінездемең тура келеді! Сен мені онша білмейсің да, әйтпесе менің мінезім осындай екеніне көзің жететін еді! :) Мергендерге негізі өзі сияқты от белгісінің өкілдері сәйкес келеді, мысалы: Тоқты, Арыстан. Шынымен де сен жазғандай жұбым болса жақсы болар еді! Мергендердің жұбы да өздері сияқты ойын ашық айта салатын, сезімін еш бүкпесіз білдіретін адам болуы керек. Сонда ғана қарым-қатынастары толық, махаббаттары ыстық болады!!!

+0
14 мамыр 2012, 17:12

Негізі сенбейтінмін жұлдыз-жорамалға. Бірақ, осындай пікірлерді оқып отырып құлақ түрген де дұрыс па деп қоям. Бір жігітпен тауешкі болғаны үшін сөйлеспей қойғам. Таразылармен Тауешкінің арасында ешқандай байланыс жоқ дегенді оқып. :P

+0
14 мамыр 2012, 17:16

Хе-хе, неге Қыпшақ қызы? :) Менің мамам таразы да, папам тауешкі. Ну, әрине, Мадлен айтып кеткендей біреуі тез де, біреуі арманшыл. Кейде кикілжіңдер болады әрине. Бірақ өмір сүруге болатын сияқты. ;)

+0
14 мамыр 2012, 17:23

Суқұйғыш белгісіндегі қыздар туралы айта отырыңдаршы. :)

+0
14 мамыр 2012, 17:24

да ну! Сен сияқты ақылды қыздың туылғанына қарағанда мм ойланып көруге болады екен а?! :)

+0
14 мамыр 2012, 17:32

Ойлан, ойлан, жалпы ондай шанстарды жіберме. ;)

+0
14 мамыр 2012, 17:37

Кешке үйге барып, жауап берем барлықтарыңа, мұнда сұрақтар көбейіп кетіпті :)

+0
14 мамыр 2012, 17:50

сәтті пайдаланайыншы мен де, Шаян-қыздар және басқа жұлдыздармен сәйкестігін білгім келеді :oops: :roll: ;)

+0
14 мамыр 2012, 23:54

Шаян-қызбен қосылған жігіттер өмір бойы армансыз өтетін шығар: киімдері әрқашан бүтін, тамақтары тоқ, көңілдері көтеріңкі болады. Шаяндар нәзіктіктің нағыз эталоны. Талғам, стиль дегенге қатты мән беретін қыздар. Сонымен қатар, көп мелочьтарды жүрегіне тез қабылдайтын, жаны басқалар үшін көбірек ауыратын, балалар десе, ішкен асын жерге қоятын арулар:)

Рактарға жігіттерден Бикештер мен Арыстан сай келеді. Екеуі де өте күшті, доминант. Айтқанын өткізе алады. При этом көңілі нәзік шаяндарды ренжітп алмайтындарына сенуге болады. Қаншалықты мінездері жұмсақ болса да, "Женщина, молчи, твой день 8 марта!" деген ұстаныммен келіспейтін шаяндарға күш көрсетсе, оны көтере алмайды. Оның барлық каприздарына көне отырып, шектен тыс кетсе, орнына қоя алатын адам болу керек. Давай, бикеш или арыстан тап, сені аспанға көтеріп жүрсін.

+0
15 мамыр 2012, 09:16

Уау, Мадлен, раҚмет!!! Ты Супер ;)

+0
14 мамыр 2012, 18:38

Жұлдыз жорамал деген платный сайт ашсаң жақсы ақша табатын сияқтысың Мадлен :lol: :lol: :lol:

+0
17 мамыр 2012, 21:28

екеуіміз бірдей екенбіз ғой яяяя бірақ менің сүйіктім егіздер

+0
14 мамыр 2012, 18:43

Мадлен, Мен - Мерген, мені де ұмытпа! ;) Басқа жақтан оқып жүрсем де, сенің бәріне жауап жазғаның маған өте ұнап, қызық болып тұр. :)

+0
14 мамыр 2012, 23:10

ана жоғарыда жаздым саған )

+0
15 мамыр 2012, 10:34

Жауабыңа қанағаттандым! Маған өте ұнады!!! :D

+0
14 мамыр 2012, 19:07

қорыта айтқанда, Мадлен екеуміз жарасады екенбіз!

+0
16 мамыр 2012, 13:30

короче, не в тему

+0
16 мамыр 2012, 13:31

А что по теме?

+0
17 мамыр 2012, 00:07

Мен таразымын, егіздерді іздеу керек болды. Егіздерден кім бар менімен жарасып кететін))))))

+0
17 мамыр 2012, 02:19

Егіздер мен мергендер жарасуы керек негізі.
Жалпы жұлдыздар жарасудың бір факторы, себепшісі ғана. Ауа райын жасайтын жұлдыздар емес, хотя біраз әсері болса да

+0
17 мамыр 2012, 21:29

шаяндар мен егіздер қалай болады екен???? :roll: :roll: :roll: :roll: :roll: :roll: :roll:

+0
18 мамыр 2012, 00:13

Жазира, алдыңғы айтқанымдай, жұпта қайсысы әйел, қайсысы ер болғанына байланысты, сосын темперамент, характер деген заттар бар. Сәйкестілік деген әрдайым келе беретін зат емес, көбіне гороскоптарда бірдеме деп жазылса, өмірде ол басқаша болуы мүмкін....
Шаяндар өз қиялдарында өмір сүретін, бұл өмірден бөлініп жүретін адамдар. Егіздер өте шапшаң, әрқашан жаңашыл, эмоциялардан гөрі салқынқандылықты үстем қоятын адамдар. Олар бір қарағанда көздері ойнап тұрғанымен, көбіне ақылға жүгінеді, ұсақ заттардан сезіктене қояды. Бұл екеуі бір-бірін шын сүйсе, бірге болғысы келсе, өмір бойы бір-бірін тәрбиелеп өту керек деп ойлаймын. Себебі, егіздерге шаяндардың ойдан құрап алған заттары не болмаса көңіл-күйіндегі ауытқуларын түсіну қиын. Ал егіздердің ғайыптан пайда болған шабытын, идеяларын қолдау да шаяндарға оңай емес. Әрине, махаббат барлығын өзгертуі мүмкін, дегенмен, отбасы құрса, бір-бірінен тез жалығып кетуі қаупі бар. Бір жағынан, шаяндардың эйфориясы егіздерді өзіне тартса, бір жағынан раздражать етеді. Өте қиын. Тек бір-біріне уступать ете алғанда ғана, қандай жағдайда болмасын, қолдап, түсіністік таныта алғанда ғана, жұп ұзақ бірге болады.

+0
12 мамыр 2013, 14:01

бұрын студен кезімде естіп едім ұмытып қалдым. бір пісихолок болыпты. "егер маған атыжөнің мен туған күніңді жазып жіберсеңдер мен сендердің мінез құлқыңды сипаттап берем" деп әлемге жар салыпты. барлық адамдар әлгі пісихолокке хат жазады. пісихолоктің жауаптары айнымай шығады екен. бәрі таң қалады. бұл не керемет деп бір журналист бұл жағдайды зерттейді. пісихолоктен келген хаттарды жинайды. сөйтсе барлық хаттың мәтіні бірдей екеН.
АДАМДАР ҚАЛАЙ СЕНЕДІ ?
Бір мың адамның шоқжұлдызы мерген делік. Олардың қай елде (Қазақстанда) өмір сүретіні, қай тілде (қазақ тілінде) сөйлейтіні және қандай менталитетпен (қазақы) өмір сүретіні айдан анық, белгілі. Олай болса, өздерін жұрттан артық санап, интеллиджент болған пысықайлар жұлдыз-жорамалшы болып, "Қаржылық қиындық болуы мүмкін, күйзеліп жүрсіз, ісіңіз алға баспай жатыр" деп соғады. Айналайындар-ау, бұ заманда кімде мұндай қиындықтар жоқ? Барлығымызға жуығымызда бар проблема ғой бұлардың барлығы дерлік.
Немес жаз уақытысында "Тойға, адамдар көп жиналатын жерге барасыз, аптаңыз қызықты өтеді" деп бәдігін сапырады. Ойлаңызшы, жаймашуақ жазда, көптемде адамның аз да болса дұрысырақ көңіл-күйде болатыны жорамалшыларсыз-ақ белгілі емес пе?! Қазақ онсыз да жазда күнара тойға баратын алық емес пе? Осыны айтқан біреулердің болжамдарына қалайша сенуге болады?

Жаңа айтқан мың адам болса, жұлдыз-жорамал солардың барлығына бірдей сай келмейді. Өйткені ол -- сандырақ!
Жындының сандырағы келеді -деп айтады ғой атам қазақ. Демек Сондай сандырақ сәйкес келіп қалса, "О, керемет!" деп шығатындардың жағдайы осылай болғаны да.

Аңқау елге арамза молда сай келгеніндей ой-өрісі тар, өз басымен ойлап, қорытынды жасай алмайтын адамдарға жұлдыз-жорамал рас көрінеді. Бірақ ол -- өтірік!
ПІКІР МЕНІКІ ЕМЕС БІРАҚ МЕНДЕ ДӘЛ ОСЫНДАЙ ПІКІРДЕМІН ТУЫЛҒАННАН ЕСІМДІ БІЛГЕЛІ

+0
26 маусым 2012, 18:37

Өзім тоқтылармен или торпақтармен жараспаймын......

+0
12 мамыр 2013, 14:04

ГОРОСКОПТЫҢ ОРНЫН АУЫСТЫРЫП ШЫҒАРСАҢДА АДАМДАР СОҒАН СЕНЕДІ, ГАЗЕТТЕ ОҚЫП ОТЫРЫП БІРЕУГЕ СЕНІҢ ЖҰЛДЫЗЫҢ ОСЫНДАЙ ДЕП ТҰР ДЕСЕМ СОҒАН СЕНІП ЖАТЫР ДӘЛ СОЛАЙ ДЕП, БІРАҚ МЕН БАСҚА ЖҰЛДЫЗДЫ АЙТЫП БЕРГЕН ЕДІМ ОҒАН

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев